Конденсаторлардың құрылысы және түрлері. Электр өрісінің энергиясы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 763
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 02/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20312


Айгүл Баймагамбетова
Есет батыр атындағы спортта
дарынды балаларға арналған
облыстық мектеп-интернаты
Ақтөбе қаласы.

Конденсаторлардың құрылысы және түрлері. Электр өрісінің энергиясы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Конденсатордың құрылысы, жұмысы, туралы ілімді меңгеру. Электр өрісінң энергиясымен таныстыру. Электр өрісін сипаттайтын шамаларды есептеуде білім-білік дағдысының қалыптастыру шараларын ұйымдастыру.
Дамытушылық: Электр қрісін сипаттайтын шамаларды есептеуде білім-білік дағдысының қалыптастыру шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, ізденушілікке баулу.
Тәрбиелік:Конденсатордың түрлері, оның техникада қолданылуы туралы мағлұматтарды есеп шығаруда қолдана білу. Пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулый отырып, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Электрондық оқулық, электр схемасын оқу, топтау стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша, конденсаторлар жиыны Лейден банксы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Ұй жұмысын тексеру.
3. Жаңа сабақты баяндау.
4. Сабақты бекіту.
5. Сабақты қорытындылау.
6. Үйге тапсырма беру.
І. Өткен сабақты меңгерудегі оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын тексеру.
1 Өткізгіштің электр сыйымдылығы дегеніміз не? Фарад деп нені айтады?
2 Электростатикалық индукция, поляризация қандай құбылыстар?
3 Ортаның диэлектрлік өтімділігінің физикалық мағынасы қандай?
ІІ. Жаңа сабақты баяндау:
1. Конденсатор деген не? Оның электр сыйымдылығы неге байланысты?
2. Конденсатордың құрылысы және оның қандай түрлері бар?
3. Конденсатордың жалғану жағдайлары.
4. Жазық конденсатордың электр энергиясы және электр өрісі энергиясының тығыздығы.
Зарядталған конденсатордың энергиясы
формуласымен беріледі
және формуласын кезек қойып энергияның келесі формулаларын аламыз
немесе
Біртекті электр өрісінің энергиясының көлемдік тығыздығы деп бірлік көлемде жинақталған өріс энергиясымен өлшенетін шаманы айтамыз

Алмастыруларды енгіземіз
*

тағы алмастыру енгіземіз Sd=V,
олай болса, осыдан
Электр өрісінің энергиясының тығыздығы осы өріс кернеулігінің квадратына тура пропорционал.
А деңгейінің тапсырмалары
1.Электр сыйымдылығы 0,1 мкФ конденсатордың астарларының арасындағы потенциалдар айырмасы 175 В-қа өзгереді. Конденсатордың зарядының өзгерісін тап.
2.Слюда диэлектригі бар жазық конденсатордың заряды 2,7•10-4 Кл. Конденсатор пластиналарының өзара ара қашықтығы 0,23 мм, ал оның диэлектриксіз сыйымдылығы 0,01 мкФ. Слюданың диэлектрик өтімділігі 7-ге тең. Диэлектриктегі өріс кернеулігін табыңдар.
В деңгейінің тапсырмалары
1.Вакуумдегі жазық конденсатор жапсарларының арасындағы кеңістікте электр өрісінің кернеулігі 40 В/м. Жапсарларының арасы 2см. Конденсатор жапсарларының арасындағы кернеу қандай?
2.Конденсатор жапсарындағы заряд 4 нКл конденсатор сыйымдылығы 2 нФ болса кернеуі қандай?
С деңгейінің тапсырмалары
1.Диэлектрик өтімділік қандай формуламен анықталады?
А) = В) = С) =

2.В/м қай физикалық шаманың өлшем бірлігі?
А) электр сыйымдылық
Ә) электр өрісінің кернеулігі
Б) потенциалдар айырымы
ІІІ. Бекіту:

q c u w
4 мкКл 4 Ф ?
6 мкКл 4 В ?
4 мкФ 3•102 В ?

Терминалогиялық сөздік
Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Конденсатор
Сыйымдылық
Электр энергиясы
Энергия тығыздығы
Диэлектрлік өтімділік
Кернеу
Кернеулік

IV. Сабақты қорытындалыу: Бағалау парағын толтыру.

Бағалау парағы

Класс:_____ Уақыты:______ Топ басшысы: ______________

№ Аты-жөні Өткен тақырып бойынша топтық жұмыс (3 ұпай) Деңгейлік тапсырмалар:
А-5 ұпай
В-4 ұпай
С-3 ұпай Мұғалімнің берген ұпайы Қорытынды ұпай Баға
Бағалау критерийнің көрсеткіші:
15-20 – «5»
10-14 – «4»
3-9 – «3»
1
2
3
4
5
6
7 Топтың жинаған қорытынды ұпай

V. Үйге тапсырма: §8.11 Конденсаторлардың құрылысы және түрлері. §8.12. Электр өрісінің энергиясы, 17 жаттығу (6,7,8) №762,763 есеп Тәрбие.орг сайтынан Конденсаторлардың құрылысы және түрлері. Электр өрісінің энергиясы Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айгүл Баймагамбетова

Пікірлер: 0

avatar