Монометрлер. Сорғылар.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 723
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 27/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18839


Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы №127 Т.Бердияров жалпы орта

мектебінің физика пәні мұғалімі Ағабекова Дурия



Сабақтың тақырыбы: Монометрлер.Сорғылар.



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өтілген тақырып бойынша алған білімдерін және белсенділігін ,қызығушылығын ,оқуға ынтасын арттыру.



Білімділік міндеті: Монометрлер және сорғылар тақырыбы жайлы түсінік беру,оқушы ойын қалыптастыру.



Дамыту міндеті: Өткен тақырыпты еске түсіре отырып,оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.



Тәрбиелік міндеті: Ынтымақтастыққа,бірлікке,жолдастық қарым-қатынасқа,ұжымдылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.



Сабақтың әдістері: Жаңа технологиялық әдістерді пайдалану,шығармашылыққа баулу.



Сабақтың көрнекілігі: карточкалар,тест материялдары,есеп шарттары,компьютер.



Сабақтың жоспары:

1.Ыстық орындық.



2.Джиксо әдіс.







3.Терең ойла кезеңі.



4.Сергіту сәті.



5.Балық қаңқасы.



6.Кері байланыс.



7. Интервью кезеңі.



Сабақтың барысы.



Ұйымдастыру кезеңі:Сынып оқушылары IV топқа бөлінеді.

I топ «Галилео Галилей».

II топ «Иссак Ньютон».

III топ «Блез Паскаль».

IV топ «Эвенджелиста Торричелли».

Сұрақ-жауап алу арқылы білімдерін сарапқа салады.



I.Ыстық орындық. «Ыстық орындық» тәсілі аясында ортаға бір орындық қойылады.Ол орындықты «Ыстық орындық» деп атайдыз.Сол орындыққа бір оқушы отырғызылады.Ол оқушыға сыныптастары өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды,оқушы барша сұрақтарға жауап береді. «Ыстық орындықтағы» оқушының жауаптары,біріншіден сабаққа деген қызығушылығын оятса,екіншіден түрлі сұрақтарға сыни жауап беруге,өз ойларын еркін жеткізуге жетелейді. «Ыстық орындық» әдісінің тағы бір ерекшелігі оқушы мен оқушы арасындағы диалог екендігін айта кеткен жөн.



II.Джиксо әдісі.

Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі.Джиксо әдісінің мақсаты-жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы өзін мұғалім ретінде сезінеді. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 5-6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады.Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескеріледі. Мәтіннің бірінші бөлігін I топ, екінші бөлігін II топ,үшінші бөлігін III топ, төртінші бөлігін IV топтарға оқу тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға жұмыс тобында мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттігін,өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін,мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.



МОНОМЕТРЛЕР.



Табиғат пен техникада қысымы атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен болатын процестер жиі байқалады. Велосипед сорғысындағы ауаның қысылуы,шаңсорғыштағы ауаның сиреуі сияқты өздеріңе таныс мысалдарды естеріңе түсіріңдер. Көп жағдайда мұндай процестердегі қысымды бақлап отыру қажет. Осындай жағдайларда монометрлер (грекше монос-сирек,тығз емес,метрео-өлшеймін ) деп аталатын латын U пішінді шыны түтіктен тұрады. Түтікке қандай да бір сұйық (май,спирт,су) құйылады. Түтіктің бір тармағы ашық қалдырылып,екінші бір тармағы резеңке түтікшемен жалғасады.Түтікке құйылған сұйық оның екі тармағында да бір деңгейде бірдей болады,себебі ыдыс тармағындағы сұйық бетіне тек атмосфералық қысым ғана әсер етеді.Енді резеңке түтікшенің бір бетіне резеңке қабықша қапталған дөңгелек қорапшамен жалғастырайық та,қорапшаны ақырын қолымызбен басайық. Бұл кезде қорапшамен жалғасқан монометр тармағындағы сұйықтың деңгейі төмен түседі де, екінші тармағындағы сұйықтың деңгейі жоғары қөтеріле бастайды. Қорапты неғұрлым күштірек бассақ,соғұрлым монометр тармақтарындағы сұйық деңгейлерінің айырымы үлкен болады.Себебі,резеңке қабықшаны басқан кезімізде қорапшадағы ауаның қысымы артады. Паскаль заңы бойынша қысымның осы артуы монометрдің қорапшамен жалғасқан тармағындағы сұйыққа да беріледі. Сығылған ауаның артық қысымы монометрдің екінші тармағындағы сұйықтың артық бағанының түсіретін қысымыментеңелген кезде,сұйық тепе-теңдік қалыпқа келеді.

Техникада көбінесе сұйықтың ,будың немесе газдың қысымын өлшеу үшін түтікті металл монометр қолданылады,кейде оны Бурдон монометрі деп те атайды. Оның жұмыс істеу принципі үрлеген кезде түзулене түсетін сыбызғы тәрізді ойыншыққа ұқсайды.

Түтікті монометрді 1848 жылы Француз ғалымы Э.Бурдон ойлап тапты.

Металл монометрдің негізгі бөлігі доға тәрізді иілген металл түтікше. Оның бір жағы бітеу болады да,екінші жағы кран арқылы өлшенетін ыдыспен жалғанады.Қысым артқан кезде түтік түзулене бастайды да,оның бітеу ұшының қозғалысы иіндіктің және тісті көтергіштердің көмегімен аспаптың шкаласы бойымен жылжитын меңзерге беріледі. Қысым кеміген кезде,түтік керісінше иіліп меңзер кері бағытта қозғалады.

Адамның қан айналымы жүйесіндегі қысым арнайы құрал сфигмомонометрмен (грекше сфигмос-жүрек соғуы) немесе қаір танметр деп аталатын құралмен өлшенеді. Бұл құрал адамның қолына кигізілетін манжеттен,манжетте қысым тудыруға арналған алмұрт пішінді құрылғыдан және манжеттегі ауа қысымын өлшейтін монометрден тұрады. Сондай-ақ сфигмомонометр (танометр) манжеттегі ауаның өзгерісін тіркейтін стетаскоппен немесе электрондық құрылғымен жабдықталады.

Қан қысымының жоғары немесе төмен болуын білу оны өзгеріске ұшырататынын ауруларды дәл анықтауға болады. Дені сау адамның қанының жоғары қысымы 110-120мм.сын.бағ. , төменгісі 70-80мм.сын.бағ. шамасында болады.



СОРҒЫЛАР.



Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне сорғылар жатады. Сорғылардың кейбір түрін пайдалану арқылы сұйықтар мен газдардың бағытталған қозғалысын тудыруға болады.Шприц көмегімен дәрі жіберу өздеріңе жақсы таныс.Шприц поршенін кері қарай тартқан кезде (129 а-сурет),цилиндр ішіндегі қысым кемидіде,атмосфералық қысым әсерінен дәрі оның ішіне енеді. Поршенді басқан кезде,сұйық үлкен қысымментар саңылау арқылы ығысып шығады.(129 ә-сурет).

130-суретте көрсетілген поршеньді су сорғысының әрекеті де атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген. Су сорғысы ішінде қабырғаларына кептеле жоғары және төмен қарай жылжи алатын поршені бар цилиндрден тұрады. Цилиндрдің төменгі бөлігіне және поршеньнің өзіне қақпақшалар орнатылған. Поршень жоғары қарай қозғалғанда,құдықтағы су атмосфералық қысымның әрекетінен құбыр бойымен көтеріліп,төменгі қақпақшаны ашады да,су поршень астындағы цилиндрге енеді. Поршень төмен қарай қозғалғанда,оның астындағы су төменгі қақпақшаны басып қысады,сонда бұл қақпақша жабылады. Судың түсіретін қысымының ірекетінен поршеньнің ішіндегі қақпақша ашыладыда,су жоғары көтеріліп,шүмек арқылы сыртқа құйылады. Осылай қайталана береді.



III. Терең ойла сайысы. Есептер шығару. Жұптық жұмыс.Әр екі оқушыға бір есептен беріледі.



1. Теңіздің 10900м болатын ең терең жеріндегі су қысымын есептеңдер.(Теңіз суының тығыздығы 1030кг/м).



2. Адам суда 9м тереңдікке дейін сүңги алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар. (Теңіз суының тығыздығы 1030кг/м).



3. Судың,керосиннің,сынаптың 0,6м тереңдіктегі қысымын табыңдар.



4. Көлемі 120см мыс шардың салмағы қандай? Р=8900лг/м.



5. Керосиннің ішінде,оның деңгейінен400мм биіктікте тығын тұр. Егер тығынның ауданы 16см болса, осы тығынға керосин қандай қысым күшін түсіреді? Р=800кг/м.



IV. Сергіту сәті. Жұптық ойын.



V. Балық қаңқасы.

Бұл кезеңде оқушылар бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

«Балық қаңқасы» әдісі ағылшынның FISH-балық,bone-қаңқа,қабырға сөзінен шыққан.

Балық қаңқасының бассүйегіне тақырып жазылады.Балық қаңқасының жоғары жағы-сұрақ,төменгі жағы-жауап деп алынады. Есте ұстайтын жайт балық қаңқасының саны 7-жен кем болмауы керек. Сөйтіп баланың жаңа тақырыпты қаншалықты түсінгенін сұрақтардың жауаптары арқылы білуге болады.





VI. Кері байланыс.

Бұл кері байланыс кезеңі жаңа тақырыпты оқушылардың қанша пайызы жақсы,орта,төмен түсінгенін бақылауға болады.



VII. Интервью кезеңі.

Бұл кезеңде әр топтан 1 оқушыдан,келкен қонақтарға,ұстаздарға сұрақ қойып,жауап алады. Ол сұрақтар төмендегіше үлгіде жүргізіледі.

1. Бұл сабақтан сіз қандай әсер алдыңыз?

2. Бүгінгі сабақтың атап өтер ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

3. Сабақтың қай тұсын әлі де жандандыру керек деп ойлайсыз?

4. Сабақта өзіңіз ерекше бағалар оқушыңыз бар ма?

5. Оқушыларға қандай ұсыныс тілегіңіз бар?. Тәрбие.орг сайтынан Монометрлер. Сорғылар. Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ағабекова Дурия

Пікірлер: 0

avatar