Отынның энергиясы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 610
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 26/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19813


Күні:20.10.2016
Пәні: физика
Пән мұғалімі :Бохан Силау
Сабақтың аты §11 Отынның энергиясы
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты  Отынның энергиясы жайлы мағлұмат беру
 Отынның энергиясы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету
 Топта бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже  Отынның энергиясы жайлы мағлұмат алады
 Отынның энергиясы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді
 Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын –көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттектің атомдарыман қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын құрайды. Нәтижесін мол энергия бөлінеді.

Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.
q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг.

Тапсырмалар Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
1.1. Сәлемдесу
1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.3. Түгендеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
Сен маған мен саған тәсілі бойынша
1. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?
2. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі қандай? Денені суытқандағы жоғалтқан жылу мөлшерін қай формуламен есептеуге болады?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
1. Табиғатта отынның қандай түрлері кездеседі?
2. Отынның энергиясы дегенді қалай түсінесің?
3. Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы мұғалім анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы

№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Жұптар берілген формуланы және өлшем бірлікті түсіндіреді.
1) 2)


Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1 Білу Отынның энергиясы дегеніміз не?

2 Түсіну Отынның энергиясының формуласын ата?

3 Қолдану Массасы 0,5 т құрғақ отын жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?

4 Талдау Массасы 0,5 кг тас көмір мен ағаш көмірдің бөлінетін жылу мөлшерін салыстыр?

5 Жинақтау Отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді?
6 Бағалау Күнделікті тұрмыста отынның меншікті жану жылуы қаншалықты қажет?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар №2 жаттығу
Кейінгі оқу §11 Отынның энергиясы

Физика сабағына пікір.
Жалпы сабақ жоспары талапқа сай құрылған ынтымақтастыру жүргізілді, өткен сабақты қайталау шаттық шеңбер арқылы жүрілді,топқа бөлінді,көшбашы ,баяндаушы,хатшы,өзара оқушылар міндетін бөлісіп алды. Видео үзіндісінен кейін оқушылар өздері тақырыпты ашты.Мұғалім тақырыпты толық түсіндіріп өтті.Кітаппен жұмыс екі топқа сұрақтар қою арқылы тақырыпты тереңдетіп аша білді.Жоба қорғалды мұғалім жетелеуші сұрақтар арқылы тақырыптың толық ашылуына жетекшілік әрекет ете білді.Топтық жұмыста топта әр оқушы белсенді қатысып өзіне жүктелген тапсырманы нәтижелі орындап өздерін көрсете білді.7 модульді ынтымақтастыра білді.











Оқытуды басқарудағы көшбасшылық жасерекшелігі СТО АКТ Дарынды және таланты оқушы Диологтық оқыту Оқудағы оқытуды бағалау
Жобаны қорғау, Пилот - Штурман Деңгейлік тапсырмалар кестемен болды Видео рөлик арқылы тақырыпты ашу Слайд көрсетілді,видео ролик көрсетілді, Формуланы қолданып есеп шығара білді. Кітаппен жұмыс кезінде өз үлесін қосты Өзін-өзі бағалау қалыптастырушы бағалау,бармақпен бағалау,мадақтау,бағдаршам арқылы бағалау,бағалау парағы болды,жиынтық баға қойылды. Тәрбие.орг сайтынан Отынның энергиясы Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бохан Силау

Пікірлер: 0

avatar