Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі.

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 544
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 21/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21192


Сабақтың тақырыбы: Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Резорфорд тәжірибесі, атомның планетарлық моделі, атом ядросының құрамы, құрылысын анықтайтын құбылыстардың физикалық және химиялық мағынасын, маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, элементтердің құрамын анықтай білуге дағдыландыру, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрену.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, білімділікке, ізденімпаздыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық.
Пән аралық байланыс: Химия, математика
Көрнекіліктер: сызбалар, интерактивті тақта, химиялық элементтер кестесі, таратпа материалдар7
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесіп болғаннан кейін, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалап, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар қою арқылы:
1. Атомның күрделі құрылым екенін көрсететін қандай эксперименттік нәтижелерді білесіңдер?
2. Радиактивті элемент дегеніміз не?
3. Радиактивті сәулелену дегеніміз не?
4. Магнит өрісінің радиактивті сәулелерді зерттеудегі рөлі қандай?
5. -α, -β , - γ сәулелерінің физикалық табиғаты...
6. Радиактивтік дегеніміз қандай құбылыс?

ІІІ. Жаңа сабақ
Көптеген тәжірибе нәтижесін талдай келіп, 1911 жылы Резерфорд Күн жүйесіне ұқсас атомның планетарлық моделін ұсынды. Ондай модель бойынша атом оң зарядталған ядродан және оны айналып жүретін теріс зарядты электрондардан тұрады. Ядро төңірегіндегі мұндай электрондарды орбиталдық электрондар деп атайды, ал олардың жиынын электрондық қабықша дейді.
Томсон моделi бойынша атом дегенiмiз радиусы шамамен 10 -10 м болатын шар. Бұл шардың бүкiл көлемi оң зарядталған, ал терiс зарядталған электрондар оның iшiнде су тамшысының iшiнде жүзiп жүрген түйiршiктер тәрiздi қозғалып жүреді. Тәрбие.орг сайтынан Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі. Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жумаева Гулшат Туркановна

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №17 орта мектеп физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar