Серпімділік күші.Гук заңы 7 сынып

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 663
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 15/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20526


Сабақтың тақырыбы: «Серпімділік күші.Гук заңы»
Сабақтың мақсаты: Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.

Білімділік: Серпімділік күші, деформация және Гук заңының қандай физикалық шамаларға тәуелді екендігін білу .

Дамытушылық: Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Теориялық және зерттеу түрінде

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту элементтері

Сабақтың құрал-жабдықтары:қима қағаздар, штатив, динамометрлер, қатаңдығы әртүрлі серіппелер, доп, резеңке жіп, шар, темір сымдар, пластиллин, үлестірме қағаздар, сызғыш,

Сабақтың жоспары :
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Жаңа сабақты қорытындылау
6. Оқушыларды бағалау
7. Үйге тапсырма

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі :
• Оқушылармен сәлемдесу.
• Оқушыларды түгелдеу
• Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау

2. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Масса дегеніміз не?
Масса – денелердің инерттілігінің өлшемі.
2. Массаның қандай өлшем бірлігін білесіңдер?
Мг,г,кг,т,ц
3. Дененің массасын қандай құралмен өлшейміз?
Таразы
4. Масса бірлігі ретінде не қабылданған?
Килограмм
5. Масса мен жылдамдық арасындағы формуланы жаз
6. 1т, 1000г, 5г килограммен өрнекте

7. Заттың тығыздығы дегеніміз не?
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады
8. Тығыздық қандай әріппен белгіленеді? Ро
9. Тығыздықтың өлшем бірлігі? Кг/м3
10. Тығыздық пен көлем белгілі болса дененің массасын анықтауға бола ма?
Болады
11. Тығыздықтың формуласын жаз р = m/v
12. Есеп:
Массасы 3 кг, ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?
13. Есеп:
Бөлменің өлшемі: ұзындығы 4м, ені 2,5м биіктігі 2м. Егер осы бөлмедегі ауаның тығыздығы 1,3 кг/м3 болса, онда бөлмені толтырып тұрған ауаның массасы қандай?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Біз бүгінгі жаңа сабақтан нені үйренуіміз қажет?
2. Серпімділік күші дегеніміз не?
3. Гук заңы нені анықтайды?
4. Деформация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

Өткен сабақта үй жұмысына мен Роберт Гук жайлы мәлімет жинауды тапсырған едім.

• Роберт Гук - әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы, ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде 1635 жылы дүниеге келдi.
• Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi.
• 1660 жылы әйгілі “Гук заңын” ашты.
• 1661 жылы каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн жариялады.
• Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кеткен.
• Кейін ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi.
• 1703 жылы қайтыс болды.

Бүгінгі сабақта қолданылатын термин сөздер

Күш
Серпімділік
Гук заңы
Деформация
Созылу
Сығылу
Бұралу
Майысу
Ығысу
Серпімді
Пластикалық (серпімсіз)

Ең алдымен күш дегеніміз не соған тоқталып өтсек.
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. Ол векторлық шама болып табылады. Оны F әрпімен белгілейміз.ХБЖ күштің өлшем бірлігіне ньютон (Н) алынған. Бұл күш бірлігі ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютонның құрметіне ньютон деп аталған.
Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін (латынша деформация - өзгеру) деформация деп атайды.

Деформация түрлері


Серпімсіз денелерде серпімділік күштері болмайды!

Серпімді деформация түрлері:

Созылу
Сығылу
Бұралу
Майысу
Ығысу

4. Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы игеру
1-тәжірибе:
Динамометрді штативке іліп, оған массасы белгілі жүктерді іліп созылуын бақылаймыз. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын өлшеп, белгілеп алып отырамыз.

Дәптерге жазу:
«серіппеге неғұрлым көбірек жүк ілсек ол көбірек созылады.»
«серіппенің созылуы оның жасалған материалына тәуелді.»

Тәжірибе қорытындысы:
Серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (созылуына) тура пропорционал

Серпімділік күші дененің жасалған материалының қатаңдығына тура пропорционал

Серпімділік күші – дененің деформациялануы кезінде пайда болатын күш және деформациялану кезінде ол дене бөлшектерінің ығысу бағытына қарама – қарсы жаққа қарай бағытталған.
Серпімділік күшін Ғ серп деп белгілейміз.Сонымен серпімділік күші денені қысқанда, созғанда, майыстырғанда, игенде пайда болады.
Серпімділік күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук анықтаған болатын.Сондықтан оны Гук заңы деп атаған.
Дененің созылуы кезіндегі серпімділік күшінің модулі дене ұзындығының өзгеруіне тура пропорционал:
Fсерп=-kx
Fсерп – серпімділік күшінің модулі
Х= L – L0 - дененің созылу немесе сығылу шамасы.
L0 – дененің бастапқы ұзындығы
L – деформацияланған дененің ұзындығы.
K – қатаңдық (пропорционалдық коэффициент) Н/м



Күшті өлшеу үшін арнайы құралдар – динамометрлер қолданылады. Динамометрдің бірнеше түрі бар: бұлшық етінің күшін өлшеу үшін қол динамометрі, үлкен күштерді өлшеу үшін тарту динамометлері пайдаланылады.

5. Тақырыпты қайталап, қорытындылауға арналған есептер:
А - деңгей
1. Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын күш
A) 100 Н.
cool 50 Н.
C) 1 Н.
D) 5 Н.
Жауабы: C
В - деңгей
2. F=3 Н күштің әсерінен 6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы
A) 10 Н/м.
cool 50 Н/м.
C) 0,5 Н/м.
D) 5 Н/м.
Жауабы:В
В - деңгей

3. Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 мм-ге созылды. Жүкті осындай деформацияға ұшыратқан күштің шамасы неге тең?
A) 15Н
cool 20 Н
C) 21 Н
D) 18 Н
Жауабы: А
С - деңгей
4. Серіппеге ілінген массасы 3 кг жүк, оны 1,5 см созады. Егер 4 кг жүк ілінсе, онда оның созылуы
A) 6 см.
cool 4,5 см.
C) 4 см.
D) 2 см.
Жауабы: D
А - деңгей
5. Роберт Гук өзінің заңын қай жылы тұжырымдады?
А. 1661
B. 1660
C. 1662
D. 1665
Жауабы: В
С - деңгей
6. Қатаңдықтары 0,3 кН/м және 0,8кН/м болатын екі серіппе тізбектеп қосылған.Егер екінші серіппе Х2 = 1,5см – ге деформацияланған болса, бірінші серіппенің Х1 абсолют деформациясын тап.
А. 0,4м
B. 400м
C. 0,04м
D. 4см
Жауабы: С

6. Оқушыларды бағалау: жаңа сабаққа жақсы қатысып, үй тапсырмасын орындауда
жақсы атсалысқан оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма: §27 – §28 тақырыптарды оқу. 10 – жаттығу

[color=blue] Тәрбие.орг сайтынан Серпімділік күші.Гук заңы 7 сынып Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шуиншибекова Аида Таласбековна

ОҚО Түлкібас ауданы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі физика - информатика

Пікірлер: 0

avatar