Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі.

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 665
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 14/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20498


Бекітемін: Күні: 06.12.16ж
Пәні Физика және астрономия Сыныбы 9
Тақырып §24-25. Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі.
Мақсаты  Тербелмелі қозғалыстың түрлері, негізгі сипаттайтын шамаларының ролін және оның түрлерінің өзара әсерлесу периодына жиілігіне байлансытылығын сипаттап беру.
 Күнделікті қозғалыстарды, басқа физикалық шамаларды, заңдарды айырмашылықтарын салыстыра білу қабілеттерін дамыту. Күштердің әсерлерін пайдаланып, физиканың айла тәсілдерін қолдана білуге дағдыландыру.
Топпен ынтымақта жұмыс істеуді қалыптастыру
Күтілетін нәтиже  Тербелмелі қозғалыстың түрлері, негізгі сипаттайтын шамаларының ролін және оның түрлерінің өзара әсерлесу периодына жиілігіне байлансытылығын біледі.
 Күнделікті қозғалыстарды, басқа физикалық шамаларды, заңдарды айырмашылықтарын салыстыра білу қабілеттерін дамиды. Күштердің әсерлерін пайдаланып, физиканың айла тәсілдерін қолдана білуге дағдыланады.
Топпен ынтымақта жұмыс істеуді қалыптасады
Түйінді идеясы Механикалық тербелістер - дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалыс. Тербелмелі қозғалыстардың ұқсастығы олардың периодтылығынан екеніне көзі жетеді.
Әдіс-тәсілдер АКТ, Диалог, СТО технологиясы, топтық жұмыс, миға шабуыл әдісі, «дәлдеп көзде», «екі жұлдыз, бір тілек», ОҮБ және ОБ, ОК
Ресурстар Штатив, динамометр, жүк, маятник, үлестірмелі қағаздар, түрлі түсті қарандаш, секундомер, смайлик, интербелсенді тақта
Дереккөздер: оқулық: Дидактикалық материалдар, Физика және астрономия, 9 сынып Башарұлы Р, Қазақбаева Д., Тоқбергенова У., Бекбасар Н., Мектеп: 2013

Сабақ кезеңдері/ Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
Топқа бөлу 1. Сәлемдесемін
2.Оқушыларды түгелдеймін.
3. Психологиялық дайындық.
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Тұрсақ үлкен шеңберге
Алақанға ұрайық. Психологиялық ахуалды орнату
«Еркелету» жылуылық шеңбері (ата-аналарыңның өздері еркелеткен сөздерін айту) 4.Қызыл, жасыл, күлгін үш топқа бөлемін. 1.Сәлемдеседі.
2.Кезекші оқушыларды түгелдейді.
3. Шаттық шеңберін құрып сергіту сәтін жасйды.
4. Үш топқа бөлінеді.
Топ басшысын сайлайды.
ІІ. Қызығушылықты ояту
7 минут
«Дәлдеп көзде» Әр топқа үй тапырмасы бойынша өткен «Сақталу заңдары» тарауы бойынша физикалық диктант жүргіземіз. Интербелсенді тақта арқылы, физикалық диктант сұрақтарына жауап береміз.

«Дәлдеп көзде» деп аталатын кезеңде оқушылар адасқан формулаларды сәйкестендіреді.
Бұл тапсырмалар «Табиғаттағы күштер», «Сақталу заңдары» тақырыптары бойынша өткен сабақтардан білімін тексеруге алынған. Жылдам әрі нақты дәлдікпен орындаған топқа ұпай қосылады. Өткен «Сақталу заңдары» тарауы бойынша физикалық диктантқа жауап береді.
«Табиғаттағы күштер», «Сақталу заңдары» тақырыптарына байланысты алынған адасқан формулаларды дәлдеп көздейді.
III. Мағынаны тану
12 минут
Миға шабуыл
Жаңа ақпарат

Жаңа сабақтың тақырыбын суреттегі қозғалыс түрлерін және оларға тән қасиетті анықтау арқылы табу қажет.
Тербелмелі қозғалысқа периодтылық тән. Қозғалыстың периодтылығы белгілі бір уақыт өткен соң дене орнының, яғни оның координатасының дәл немесе шамамен дәл қайталанып отыратынын білдіреді. Тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме – дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады. Дененің тепе – теңдік күйден ауытқуын ығысу деп атайды. Ғ= - kx.
Ығысуға пропорционал және оған қарама – қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп аталады. Тербелмелі қозғалыс пайда болуы үшін мына шарттар орындалуы қажет: 1) денені тепе – теңдік қалпынан шығарған кезде, оны бастапқы күйіне қайтаратын күш болуы керек.
2) үйкеліс мейлінше аз болуы керек. Өйткені үйкеліс әр уақытта қозғал ысқа қарама – қарсы бағыттал-ғандықтанол тербелістің өшуіне себепші болады.
Амплитуда– дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуы.
[А] = м Жаңа сабақтың тақырыбын суреттегі қозғалыс түрі тербелмелі екенін және оған тән қасиет қайталанып отыратындығын анықтайды.

IV. Ой толғаныс
15 минут
Демонстрациялық тәжірибе Оқушылар теориялық түсініктерін тәжірибе жасау арқылы әр топтан 1 оқушыдан шығып одан әрі қорытады. 1-тапсырма. Маятник 20 с –та қанша тербеліс жасайды. Тербеліс жиілігі неге тең?
2-тапсырма. Серіппеге тербеліп тұрған жүк 10 с –та қанша тербеліс жасайды.Тербеліс периодын анықта
Керекті құрал –жабдықтар: маятник, секундомер
Есептер шығару
21 – жаттығу есептерін оқушылар өз бетімен шығарады.
1. 21 – жаттығу, 1-2 есеп
2. 21 – жаттығу, 3есеп
3. Интербелсенді тақтадағы есептерді шығарады. Әр топтан 1 оқушыдан шығып, тапсырмаларды тәжірибе жүзінде орындайды.
Сергіту сәті
5 минут Суреттегі қозғалысқа қарап әндету.
Семантикалық картамен жұмыс жасап, жаңа тақырып бойынша физикалық шамалардың, анықтамаларын және негізгі
формулаларын табу тапсырылады. Семантикалық картамен жұмыс жасап, жаңа тақырып бойынша физикалық шамалардың, анықтамаларын және негізгі формулаларын табады.
Кері байланыс
3 минут «Екі жұлдыз бір тілек»
-сабақтан қандай әсерін
-сабақ барысында қандай жұмыс жасағын
-тапсырма бойынша тағы не білгісі келетінін жазады «Екі жұлдыз бір тілегін» жазады
V. Үйге тапсырма
1 минут §24-25. Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі. «Тербеліс айналамызда» атты ақпараттар буклетін жасау.
VI. Бағалау Бағалау парақшасы және мұғалімнің жиынтық бағасы Тәрбие.орг сайтынан Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі. Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аманова Гүлжиһан Аманқызы

Атырау облысы, Мақат ауданы, "Бәйге төбе мектеп-балабақша кешені" КММ Физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar