Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель және аралас жалғау
  • 17.11.2016
  • 816 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20074

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе-1
Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің
Физика пәнінің мұғалімі: Сарбас Айнұр Мәлікқызы


Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель және аралас жалғау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Өткізгіштерді тізбекке жалғаудың әдістері жөнінде түсінік беру, тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды оқып үйрену, талдау жасау, саралау қабілеттерін дамыту.
2. Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.
3. Тәрбиелік: Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру; еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың типі: Жарыс - ойын сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, суреттер, амперметр,вольтметр, қыздыру шамы, өткізгіш сымдар, кілт, ток көзі.
Сабақтың әдісі: топтау, сұрақ-жауап, тест әдісі және т.б.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту. Өткенге шолу:
Сұрақ - жауап
2) Қатесін тап:
3) Графикалық диктант (Сұрақтарға "иә", "жоқ" сөздері арқылы жауап беру)
ІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ
ІІІ. Ой толғаныс
1) Семантикалық карта
2) Кестемен жұмыс: ( Өткізгіштерді жалғаудың шарттарын жазып шығу)
3) Қандай шартты белгілерді білесің?
IV. Демонстрациялық бөлім:
V. Практикалық бөлім:
VI. Тест сұрақтары
VII. Қорытындылау. Бағалау.

І. Қызығушылықты ояту.
Өткенге шолу:
1) Сұрақ - жауап
1. Электр тогы дегеніміз не? (электр зарядтарының кез келген реттелген қозғалысы)
2. Өткізгіштік ток дегеніміз не? (ток өткізетін орталарда электр өрісі әрекетінен еркін зарядтардың реттелген қозғалысынан пайда болатын электр тогы)
3. Электр тогының пайда болуының қажетті шарттарын ата? ( 1 - берілген ортада еркін ток тасымалдаушылардың, яғни ортада реттеліп қозғала алатын зарядталған бөлшектердің болуы; 2 - берілген ортада энергиясы электр зарядтарының реттелген қозғалысына жұмасалатын сыртқы электр өрісінің болуы).
4. Электр тізбегінің негізгі бөлігіне не жатады? ( ток көзі, жалғағыш сымдар, тізбекті қосып, ажырататын элементтер, ток тұтынушыларжатады).
5. Ток күші дегеніміз не? (өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай заряд өтетінін көрсететін физикалық шаманы айтады).
6. ток күшінің формуласы? ( I=∆q/∆t )
7. Электр кернеуі дегеніміз не? (бірлік электр зарядының орын ауыстыруы бойымен электр өрісінің атқаратын жұмысы арқылы анықталатын физикалық шама)
8. Кернеудің өлшем бірлігі (В)
9. Ом заңының формуласы? (I=U/R)
10. меншікті кедергі дегеніміз не? (өткізгіштің бірлік ұзындығы және көлденең қимасының бірлік ауданымен анықталатын физикалық шама).
2) Қатесін тап:

1. Өткізгіш тізбек берілген. Тізбек неден тұрады? Қатесін тап (амперметр параллельжалғанбайды, ал вольтметр шамға параллель жалғануы керек)

2. Мына суретте амперметрлердің шкалалары көрсетілген. Амперметрдің көрсетуі 2А. Қатесін тап. (амперметрдің көрсетуі мА болуы керек).

3) Графикалық диктант (Сұрақтарға "иә", "жоқ" сөздері арқылы жауап беру)
1. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.(Иә)
2. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі- Ом ; (Жоқ)
3. 1 Ом- ұштарының арасындағы кернеу 1В болғанда, бойынан 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі. (Иә)
4. Ток күшін өлшейтін құрал - амперметр. (Иә)
5. Берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқа кедергі жасамайтын физикалық шама - кедергі деп аталады. (Жоқ)
6.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы: I= U* R ; (Жоқ)
7. Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады. (Жоқ)
8. Кедергіні өлшейтін құрал - вольтметр . (Жоқ)
9. Кернеудің өлшем бірлігі - вольт (Иә)
10. Тұрақты ток мына формуламен анықталады - I=q/t (Иә)
ІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ (қысқаша түсінік)

Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады. Бұлар түрліше жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.
Өткізгіштерді жалғаудың екі түрі бар:
а) тізбектей жалғау
ә) параллель жалғау
1-тәсіл: Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
1. I = I1 = I2 = . . . = In

2. U = U1 + U2 + . . . + Un

3. R = R1 + R2 + . . . + Rn

4. U1 : U2 : . . . : Un= R1 : R2 : . . . : Rn

2-тәсіл: Өткізгіштерді параллель жалғау
Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды. Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін деп атайды.

1.
2.
3.
4.
ІІІ. Ой толғаныс
1) Семантикалық карта

Физикалық шамалар Белгіленуі
Өлшем бірлігі

U

I
R
А
Ом
В
Ток күші
+ +
Кернеу
+ +
Кедергі
+ +
2) Кестемен жұмыс: ( Өткізгіштерді жалғаудың шарттарын жазып шығу)

Тізбектей жалғау Параллель жалғау
I = I1 = I2 = . . . = In

U = U1 + U2 + . . . + Un

R = R1 + R2 + . . . + Rn

U1 : U2 : . . . : Un= R1 : R2 : . . . : Rn

3) Қандай шартты белгілерді білесің?
1. Амперметр
2. Вольтметр
3. Шам
4. Кілт
5. Ток көзі
6. Кедергі








Жауабы: 1-е , 2-f , 3-a , 4-d , 5b- ,6-c
IV. Демонстрациялық бөлім:
(Өткізгіштерді жалғаудың сызбасын тауып, тізбекті жинақтау)
1 - өткізгішті тізбектей жалғау;
2 - өткізгішті параллель жалғау;


V. Практикалық бөлім:
1. Элекрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс? (380 В)
2. Өткізгіштен 0,4 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы кернеуі 8 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең? (20 Ом)

VI. Тест сұрақтары
1.Тізбектеп қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
2. Параллель қосқанда ток күші қалай өзгереді?
а) I =0 ә) I = I1 + I2 б) I = I1 - I2
3. Тізбектеп қосқанда толық кернеу неге тең?
а) U = U1 + U2 ә) U = 0 б) U = U1 -U2
4. Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
5. Тізбектеп қосқанда тізбектің жалпы кедергісі неге тең?
а) R=0 ә) R = R1 + R2 б) R = R1 - R2
6. Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
7. Тізбектеп қосуда жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
8. Тізбектегі ток күші барлық жерде бірдей болса, өткізгіштер қалай қосылады?
а) параллель ә) тізбектей б) аралас

Тест жауаптары: 1 – а, 2 - ә, 3 – а, 4 - ә, 5 - ә, 6 - ә, 7 – а, 8 – ә

VII. Қорытындылау. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Өткізгіштерді тізбектей және параллель және аралас жалғау Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сарбас Айнұр Мәлікқызы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе-1, Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп физика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Физикадан ашық сабақтар | Логин: 920317
Көрсетілім: 816 | Жүктеулер: 31
Барлық пікірлер: 0
avatar