Токтың жұмысы мен қуаты.

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 861
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 27/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18841


Токтың жұмысы мен қуаты.

Куралханова Г.Р.
Қазақстан орта мектебінің физика пәні мұғалімі.

8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты.
Мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға токтың жұмысы мен қуаты туралы түсінік беру және формуласын қорыту. Есептер шығару арқылы білімдерін бекіту.
Дамытушылық. Ток жұмысы мен қуаты туралы түсініктерін дамыта отырып балалардың ойлау логикасын дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды өздігінен ізденуге бағыттай отырып алған теориялық білімдерінің техникада және тұрмыстағы маңыздылығын көрсете отырып, пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалар слайдтары, құрал-жабдықтармен жұмыс.
Көрнекілік: слайдтар,амперметр,вольтметр,электр шамдары,өткізгіштер,ток көзі, кілт;
Сабақтың технологиясы: проблемалық, тірек –сызба және өздігінен дамыта оқыту.
Күтілетін нәтиже:
 Электр тогының жұмысының тұжырымдамасын, формуласын, өлшем бірлігімен танысу;
 Токтың қуатының тұжырымдамасын,формуласын,өлшем бірлігімен танысу;
 Парктикада жұмыс пен қуатты есептей білуге үйренеді;
 Деңгейлік (жеке) тапсырмалар орындау дағдысы қалыптасады;
Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру. ( формулаларды жинау арқылы топтарға бөлу: «Күш»
тобы, «Тығыздық» тобы, «Қозғалыс» тобы).
ІІ. Қызығушылықтарын ояту.
1.Амперметр,вольметрге сипаттама беріңдер; (құралдар ұсынылады)
2.Параллель және тізбектей жалғаудағы физикалық шамалардың қатынасы
қандай? (оқушылар жауабы слайд арқылы ТК-1 мен тексеріледі)
3.Ток күші дегеніміз не?
(өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр зарядының сол уақытқа қатынасы)
4.Электр кернеуі деген не?
(тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауытырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы)
5. Ом заңының физикалық мағынасы қандай?
(тізбек бөлігіндегі ток күші осы тізбектегі кернеуге тура пропорционал, ал кедергіге кері пропорционал)
ІІІ. Мағынаны ашу.
/Проблемалық сұрақтар қою арқылы тақырыпты меңгеруге жетелей отырып тірек-сызба жасау ұсынылады./
1.Өткізгіштегі заряд пен оның атқарған жұмысы арқылы қандай физикалық шаманы анықтай алар едік? (оқушылар әрекеті)
2.Кернеуді арқылы жұмысты қалай анықтауға болады? (оқушылар әрекеті)
3.Зарядтың шамасын қалай анықтаймыз? (оқушылар әрекеті)
4.Жазылған өрнектердегі шамаларды түрлендірсек токтың жұмысын анықтайтын қандай формуланы алар едік? (оқушылар әрекеті)
5.Сонымен электр тогының жұмысы қандай шамаларға тәуелді болып шықты? (оқушылар әрекеті)
6. ХБЖ –дағы өлшем бірлік неге тең болар еді? (оқушылар әрекеті)
Мұғалім әрекеті: оқушылардың жауабы слайд арқылы ТК-2 мен тексеріледі
7. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңына сәйкес жұмыстың өрнегін түрлендіріңдер. (оқушылардың түрлендірулері)
Мұғалім әрекеті: оқушылардың жауабы слайд арқылы ТК-3 мен тексеріледі,қуат және өлшейтін аспап жайында ақпарат беріп кетеді.
8. Электр тогының қуатын анықтайтын формуланы қорыту, ХБЖ-дегі өлшем біріліктерін анықтау, анықтамасын шығару ұысынылады (оқушылардың түрлендірулері)
Мұғалім әрекеті: оқушылардың жауабы слайд арқылы ТК-4 мен тексеріледі.
Токтың қуатын өлшеуге арналған құрал – ваттметр;
Ток жұмысын өлшеуге арналған құрал - электр санауыш деп аталады. Электр санауышында электр тогының жұмысының бірлігі 1кВт*сағ. деп қабылданған. Ол - 1 сағаттағы жұмыс 3,6*106Дж тең дегенді білдіреді.
Үйде тұтынушылардың бір мезгілде пайдалану қуатының шекті мәні: 2,2кВт.
ІУ. «Ойды қорыту».
Токтың жұмысына және ток қуатына сипаттама жазылады:

Ток жұмысы Ток қуаты


У. «Ойды түйіндеу».
Әр топқа қуаты әр түрлі үш шам беріледі. Электр шамдарының 1 сағаттағы, 1 тәуліктегі жұмсалатын электр энергиясын есептейді де сұрақтарға жауа береді: құны 8,14 теңге тұратын энергия шығыны қанша тұрады? Электр энергиясын үнемдеуде қай шам тиімді?
«Күш» тобы
Р= 60Вт = 0,06 кВт.
Шығарылуы: А = Р* t = 0,06 кВт*1сағ = 0,06 кВт*сағ
В=0,06кВт*сағ*8,14 теңге/кВт*сағ = 0,49 теңге (1сағатта)
А=0,06 кВт*24 сағ = 1,44 кВт*сағ.
В=1,44 кВт-*сағ*8,14 теңге/кВт*сағ = 11,72 теңге (1 тәулікте)
«Тығыздық» тобы
Р=100Вт =0,1 кВт
Шығарылуы: А=0,1кВт*сағ
В=0,81 теңге (1 сағатта)
А=2,4кВт*сағ
В=19,54 теңге (1тәулікте)
«Қозғалыс» тобы.
Р=150 Вт =0,15 кВт
Шығарылуы: А=0,15кВт*сағ
В=1,22 теңге (1 сағатта)
А=3,6 кВт*сағ
В=29,30 теңге (1 тәулікте)
Жауабы: 150 Вт-тық шамды жаққанда электр энергиясы көп шығындалады.
Электр энергиясын үнемдеуде 60 Вт-қ шам тиімді.
УІ. Білім көзі –кітапта (оқулықпен жұмыс: берілген есептерді шығару )
УІІ. «Блиц турнир»
1. Ток жұмысын өлшейтін құрал.....
2. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы....
3. Өткізгіштерді параллель жалғағанда қай шама тұрақты....
4. 1 мин ішінде 18 Кл заряд өткенде амперметрдің көрсетуі неге тең?..
5. Қыздыру шамы балонында 220В, 60Вт деп жазылған Жұмыс режиміне сәйке то күші?...
6. Кедергілері 15 Ом және 10 Ом болатын өткізгіштер параллель жалғанған. Толық кедергі....
7. Электр қуатының формуласы....
8. Қуаты 0,25 кВт электр двигателі 1000Дж жұмыс жасау үшін кеткен уақыт...
9. Кедергісі 3,9 Ом электр шамына кедергісі 2,41 Ом резистор тізбектей жалғанған. Толық кедергі....
10. Ток күшін өлшейтін құрал...
УІІІ. Сабақты қортып,үйге эксперименттік тапсырма: өз үйлеріңдегі пайдаланатын электр құралдарының паспорты бойынша бір тәуліктегі, бір айдағы энергия шығынын және құнын анықтау.
ІХ. Оқушыларды бағалау.

Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан ауданы.

ТК-1

Өткізгіштерді жалғау.

Тізбектей жалғау. Параллель жалғау

I=I1=I2=…=In U=U1=U2=….=Un

U=U1+U2+….+Un I=I1+I2+…+In

R=R1+R2+….+R n


U1:U2….Un= R1:R2….Rn I1:I2….In=

ТК-2

Өрістегі зарядтар орын ауыстырғандағы электр күшінің атқаратын
шамасы жұмыс деп аталады.


A=qU U= q=It

A = IUt

ХБЖ жүйесінде жұмыс джоульмен (Дж) өлшенеді.
1 Дж = 1А * 1В * 1с

ТК-3

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы I = және U = I*R

A = I2Rt A =

Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш.

Қуат (N)



Механикалық : N = A/t электр қуаты: P = .....

ТК-4

Уақыт бірлігі ішінде жасалған токтың жұмысы электр тогының қуаты
болып табылады. Қуат Р әрпімен белгіленеді.

P = P = = I*U P = I2R

Токтың қуатын табу үшін ток күшін және кернеуді өлшеп,оларды көбейту керек.

ХБЖ жүйесінде қуаттың өлшем бірлігі: ватт (1Вт) алынған.
1 Вт ꞊ 1 А * 1 В Тәрбие.орг сайтынан Токтың жұмысы мен қуаты. Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Куралханова Г.Р.

Пікірлер: 0

avatar