Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 488
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 10/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19643


Күні: 10.03.2016ж Сабақ: Пәні: Физика Сынып: 8 А Пән мұғалімі:
Сейдаз Т
Сабақтың тақырыбы Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.
Сабақтың мақсаты 9 минутта берілген 3 есепті, 12 оқушының ең кемі 9 оқушы дұрыс орындай алуы керек
Әдіс - тәсілдер 1. Фишбоун әдісі
2. Жұптық және топтық жұмыс
3."Миға шабуыл"
Ақпарат көздері Физика 8 сынып оқулық, видео тақырыпқа байланысты,
интерактивті тақта, т.б.
Бағалау әдістері Формативті бағалау. Бағалау өлшемдері бойынша бағалау (топтық, өзін-өзі бағалау)
Сабақ
30 минут
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалім іс - әрекеті Оқушы іс – әрекеті
Ұйымдастыру
Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін-өзі реттеу, ынтымақтастық атмосферасын құру. 1 минут 1.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызамын.
2.Түрлі-түсті қағазбен топқа бөлемін
3.Топ ережелерін сақталуын сұраймын
4.Бағалау парақтарын таратамын

Түрлі-түсті қағазбен 3 топқа бөлінеді.
І. Проблеманы айқындау 3 минут

Әр топ сыни тұрғыдан ойлауды дамыта отырып, жауап беру
ІІ. Проблеманы шешу 16минут 1.Кернеуі 220В, ал ток күші 14А желіге қосылған су қыздырғышпен 40л суды 83 минутта 200С-тан қайнау температурасына дейін қыздыратын болса, оның ПӘК-і неге тең? С=4200 .
2. Көлемі 5 л, ПӘК-і 70 % су қайнатқышта 20 минут ішінде су 100С –тан қайнау температурасына дейін қыздырылады. Егер кернеуі 220 В болса, қыздырғыштың орамы арқылы қандай ток күші өтеді.
3. Электр шәйнегінің екі орамасы (обмоткасы) бар. Оның бірін электр желісіне қосқанда шәйнектегі су - 15 минутта, ал екіншісін қосқанда 30 минутта қайнайды. Егер екі ораманы желіге параллель қосса шәйнектегі су қанша уақытта қайнар еді?

Фишбоун әдісі арқылы оқушылар есепті топта жұптық жұмыс, топтық жұмыс жүргізе отырып талқылап, шығарады

Сергіту сәті 1 минут Ақ қағазға нүкте қою арқылы
ІІІ. Қорытынды
2 минут Электр шәйнегіндегі судың қайнауы неге тәуелді және өткізгіштерді параллель және тізбектей қосудағы бөлінетін жылу мөлшеріндегі айырмашылық қандай? Әр топтың оқушылары жауап береді
Бағалау
Өз жұмыстарына баға беру 6 минут Формативті бағалау, яғни критерий арқылы 1. Әр топ басшысы өз критерий бойынша тобын, жеке жеке бағалайды
2. Өзін - өзі бағалайды
Рефлексия 1 минут
Екі жұлдыз, бір ұсыныс!

Үйге тапсырма беру № 21 жаттығу жене Ж.О.Бақынов 6-7 нұсқа есептерін орындау Тәрбие.орг сайтынан Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейдаз Талғат

Ш.Смағұлов атындағы АОФММИ физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar