Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 408
  • Физикадан ашық сабақтар
  • 31/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21419


Сабақ тақырыбы: §§33. 34. Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері туралы түсінік беру.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу. Есепті жылдам әрі дұрыс шығаруға үйрету.
3. Топта ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қағидаларын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, диалог.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, Bilimland.kz
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин)
 Оқушылармен амандасу;
 Сыныпты түгендеу;
 Оқушыларды топқа бөлу;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(5 мин)
І-топ:
Ауырлық күші ІІ-топ:
Серпімділік күші ІІІ-топ:
Үйкеліс күші




1)Ауырлық күші дегеніміз
Ауырлық қүшінің ф-сы?
Өлшем бірлігі? Серп-к күші дегеніміз?
Серп-к күшінің ф-сы?
Өлшем бірлігі? Үйкеліс күші дегеніміз?
Үйкеліс күшінің ф-сы?
Өлшем бірлігі?
2)Есептер шығару
Шиыршық серіппенің ұзындығын 1,2 см-ге қысқартқанда 1,4 серпімділік күш пайда болады. Оны 0,2 см-ге ұзартқанда серпімділік күші қандай блады? Массасы 5 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең? Мөлшері ( ) мыс кесекке қандай ауырлық күші әрекет етеді?

ІІІ. Жаңа сабақ.(7 мин)
1) Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Қысым дегеніміз не?
Қысым шамасына мысал келтіріңдер?
Bilimland.kz Видеоролик көрсету
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына да тәуелді болады. Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
мұндағы - қысым; бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші; - күш түсетін беттің ауданы.
немесе
ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. .
гПа=100 Па=102 Па
кПа=1000 Па=103 Па
МПа=100000 Па=106 Па
2) Мәтінмен жұмыс. (мәтінмен танысу) Топтық жұмыс.(7 мин)
І-топ. Қысымның қатты денелер арқылы берілуі.
ІІ-топ. Сұйықтар арқылы берілуі.
ІІІ-топ. Газдар арқылы берілуі.
(практика жүзінде көрсету)
(Тақырыпты әр топтан 2 оқушы шығып «диалог» әдісі арқылы түсіндіру)
3) Есептер шығару
 І-топ. Цилиндрдің түбінің ауданы . Оған көлемі 1 л су құйса, цилиндрдің үстелге түсіретін қысымы қаншаға өскенін анықтаңдар.
 ІІ-топ. Массасы 300кг токарь станогы іргетасқа төрт аяғымен тұр. Егер әр аяқтың ауданы болса, станоктың табанына түсірген қысымы қандай?
 ІІІ-топ. Кастрөл түбінің ауданы . Егер оған көлемі 3,9 л су құйса, кастрөлдің үстелге түсірген қысымы қаншаға өсетінін есептеңдер.
ІV. Жаңа сабақты бекіту. (6 мин)
Ұяшық арқылы сұрақ- жауап.
1-ұяшық 1)Массасы 480кг гранит плитасы, ұзындығы 1,2м ені 0,8м болатын жағымен жатыр. Плитаның жерге түсіретін қысымын анықта. 2)Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама
2-ұяшық 1)Мрамордан жасалған бағанның көлемі 6 м3, баған табанының ауданы 1,5м2 болса, топыраққа қандай қысым түсіреді?
2) 1Па дегеніміз?

3-ұяшық 1) массасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95м; ені8см. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?
2)Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?

(10 мин)Елбасы жолдауындағы басты мәселе – тілдің үш тұғырлылық мәселесі. Сол мақсатта үш тілді білу бүгінгі күннің міндеті. Сондықтан балалар сабағымызды қорытындылау үшін қысым тақырыбына байланысты физикалық шамалардың үш тілдегі нұсқасын айтайық.
Мысалы, қысым – давление – pressure, күш – сила –power, аудан – площадь - area, тығыздық – плотность – density, биіктік – высота – height, т.б.
V.Рефлексия. (2 мин) 2 жұлдыз 1 тілек әдісі арқылы
VI. Үйге тапсырма. (2 мин)§§33. 34. Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. 15- жаттығу. Гель шарымен тәжірибе жасау.
VІI. Бағалау. Қорытынды.(3 мин) Жиынтық бағалау. Топ жетекшілері әр тапсырма бойынша топ мүшелеріне қойған бағаларын біріктіріп, мұғалім жиынтық баға қояды.
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні Белсенділігі Үй тап. Есеп шығару Сұрақ-жауап Қорытынды
бағасы Тәрбие.орг сайтынан Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Чалабаева Жазира Қувандыққызы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Жаңаөзен мектеп-гимназисы Физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar