Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары.
  • 11.04.2016
  • 478 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18579

Тақырыбы: Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғымын қалыптастыру, сыну заңдары мен формуласын үйрету. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру. Сыну құбылысының схемалық суретін сала білу.
Тәрбиелік:
Топта бірлесе жұмыс істеуге, ойын еркін жеткізе білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау. Жаңа білім беру, білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер:
І кезеңде-оқушылардың жұмыс дәптері, оқытушының журналы.
ІІ кезеңде- кітаптар көрмесі, рефераттар, буклеттер, плакаттар.
Әдістемелік жабдығы: оқулық, слайдтар, тәжірибеге керекті заттар, тақта, бор, компьютер, проектор.
1. Геометриялық оптика құралы;
2. Өмірде кездесетін сыну құбылысын көрсету (тарелка, су, тиын);
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: интербелсенді, кіріктірілген, жаңа инновациялық әдіс, бағалау критерийі, ойын элементтері.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, информатика, математика, электротехника, жантану, қисын (логика).
І кезеңде- а) оқулық арқылы өз бетімен іздену әдісі; б)тәжірибе арқылы зерттеу; в) есеп шығарып бекіту.
ІІ кезеңде- оқушылардың үй тапсырмасын тексеру, сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты бекіту. Тәрбие.орг сайтынан Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары. Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Күзембекова Меруерт Туребековна

ОҚО, Түлкібас ауданы,Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектеп физика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Физикадан ашық сабақтар | Логин: nilu9025
Көрсетілім: 478 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar