Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жиымдар. Бір өлшемді жиым.
  • 06.03.2016
  • 463 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17023

Сыныбы:¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬ _9_ Күні:¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬ 16.02.16ж Мұғалімі: Ибышова Динара Тексерген: Абдыкалиева Дамеш
Сабақтың тақырыбы: Жиымдар. Бір өлшемді жиым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімін кеңейту, бір өлшемді жиымдармен жұмыс жасауға, программа құра білуге үйрету.
Тәрбиелілік: оқушыларды жан-жақты болуға, тәрбиелікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылырдың программа құру арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, үлестірмелі карточка.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру;
II. Жаңа сабақ;
III. Сабақты бекіту;
IV. Сабақты қорытындылау және бағалау;
V. Үйге тапсырма беру.
І.Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатысуы мен әзірлігін қадағалау
IІ.Жаңа сабақ /ауызша түсіндіру/.
Жиым дегеніміз - бірыңғай шамалар тізбегінің бір атаумен аталып реттелген жиыны. Математикадағы вектор, матрица осы массивке мысал бола алады. Тізбектің айнымалылары массив элементтері деп аталады. Оның элементтері индекстері бойынша ажыратылады. Егер айнымалы бір индексті элементтерден тұрса, онда бір өлшемді массив болады. Олардың индекстері сандармен немесе белгілі бір әріптермен жақша ішінде жазылады, мысалы
А(І), С(12), К(100)
Массивпен жұмыс істеу үшін оның әр элементінің мәні белгілі болуы тиіс. Сондай-ақ массивтің идентификаторы /аты/ да жай айнымалының идентификаторы сияқты белгіленеді.
Паскаль тілінде массивтің нөмері /индексі/ тік жақшаға алынып, жазылады, мысалы
1,6; 4,9; 5; 8,9; 0,47 –мәндерінен тұратын А массивін былай жазамыз:
A[1]=1,6; A[2]=4,9; A[3]=5; A[4]=8,9; A[5]=0,47
Егер есептеу барысында А1, А2, А3, … , А25 немесе {Aі}, мұндағы і=1, 2, 3, … 25 тәрізді массив кездессе, онда оны программа барысында А[25] түрінде жазамыз. Мұндағы А- массив аты болады да, 25-оның индексінің қабылдайтын ең үлкен мәні болып есептеледі.
Паскаль тілінде массивті программада қолдану үшін алдымен оларды міндетті түрде арнаулы ARRAY /ағылшын тілінен аударғанда – массив/ -операторы арқылы сипаттап жазу керек. Ол айнымалы - VAR немесе TYPE –тип бөлігінде көрсетіледі, VAR арқылы жазылуы:
VAR массив аты : ARRAY [бастапқы нөмері .. соңғы нөмері] OF типі;
Мәселен алдыңғы мысалдағы А массиві үшін:
VAR А : ARRAY [1 .. 5] OF REAL;
мұндағы, А – массив аты, элементтері нақты шама - REAL қабылдайды. Нөмері /индексі/ 1-ден 5-ке дейін.
Бірөлшемді жиымды көбінесе сызықтық жиым дейді. Егер бірнеше массивтер бірыңғай типті және элементтер саны тең болса, онда оларды программада бір жолда сипаттауға болады, мысалы
VAR A, B, C : ARRAY [1 .. 25] OF REAL;
Мұнда, А, В, С – массивтерінің мәндері 25 элементтен тұратын нақты сандар.
A[1], A[2], A[3], … , A[25],
B[1], B[2], B[3], … , B[25],
C[1, C[2]], C[3], …, C[25]
Паскаль тілінде масивтер арасында “тең”, ”тең емес” немесе “ меншіктеу операторы ” амалдарын қолдануға болады. Мысалы: егер А және В массиві былай берілсе,

VAR
A, B : ARRAY[1..10] OF REAL;
Массивті программаға енгізу мен оны одан шығару үшін цикл қолданылады, мысалы
FOR І:=1 TO 9 DO READ(F[І]);
бұл жол тоғыз элементтен тұратын А – массивін енгізеді, ал цикл
FOR І:=1 TO 9 DO WRІTE(A[І]);
тоғыз элементтен тұратын массивті шығарады.
Массивпен жұмыс істеуді төмендегі есептерде қарастырамыз.
1- мысал. n элементтен тұратын жиым берілген.Тақ нөмірлі элементтерді
квадрат дәрежеге шығарыңыз.
program e8_1;
const n=5;
var a:array[1..n] of integer; i:integer;
begin
for i:=1 to n do
begin
write(i,‘-нөмірлі элементті енгізіңіз:’); readln(a[i]);
end;
for i:=1 to n do
if i mod 2=1 then write(‘ ’,a[i]*a[i])
end.
III. Сабақты бекіту.
Ары қарай сабағымызды ойын түрінде жалғастырайық. Ойынның шартымен таныстыру.
Топ екі командаға бөлінеді, әр команданың өз капитаны және атауы болады. Ойын төрт турдан тұрады.
1 – тур. «Бой сергіту».
Командаларға 2 сұрақтан беріліп, сұрақтарды талқылауға бес минут беріледі. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген команда ұтады. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Үнемдеген уақытты басқа турларда қолдануға болады.
2 – тур. «Қапшықтан шыққан бас қатырғыштар».
Команда мүшелері қапшықтан қате есеп жазылған үлестірмелі кортчканы алады, сол есепті толықтырып жазу керек.
3 – тур. «Ойлан тап!».
Мұнда екі топқа жиым тақырыбы бойынша бір-бір есептен беріледі. Есепті жылдамырақ және дұрыс шығарған команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда капитаны қолын көтереді.
4 – тур. «Кім жылдам?».
2 командаға он-оннан тест сұрағы беріледі. Егер жауап дайын болса, команда капитаны қолын көтереді.
Біз ақылды баламыз,
Бар білімді саламыз.
Есеп, жұмбақ, ойынның
Жауабын тез табамыз- деп сайысымызды бастайық. Іске сәт!
1 – тур. «Бой сергіту».
А – командасы
1. Паскаль тілі туралы жалпы түсінік
2. Жиымдарды программаға қалай енгіземіз?
В – командасы
1. Жиым туралы түсінік.
2. if шартты операторының жалпы жазылуы
2 – тур. «Қапшықтан шыққан бас қатырғыштар».
А – командасы
Program: 14;
VAR (; ІNTEGER;
A: array (1..7) of іnteger;
Begіn
FOR і : =1 to 7 do READL4(a(і));
FOR і: =1 to 7 do begіn
A ( і ):= a ( і )+ 6
WRІTELN (‘a(і)=’, a (і) );
END.
В – командасы
Program: E 2;
VAR і: k : іnteger ;
A :array(1..10) of іnteger;
B:array(1..10) of REAL;
begіn
FOR і:=1 to do
READln (a[і]);
B[і]:= a[і]/k;
Wrіteln(‘B(і)=’B(і));
End; End.
3 – тур. «Ойлан тап!».
А – командасы
Бір өлшемді массивтің көбейтіндісін табатын программа құр
В – командасы
Бір өлшемді массивтің элементтерінің қосындысын табатын программа құр
4 – тур. «Кім жылдам?».
1-нұсқа
1. Паскаль тілі қай жылдары пайда болды?
a) 1983-1987
b) 1968-1971
c) 1968-1973
d) 1971-1979
e) 1980-1985
2. Паскаль тілінің алғашқы жолы ...... сөзінен басталады?
a) Var
b) Program
c) Begin
d) End
e) Close
3. Программа ...... түйінді сөзден аяқталады
a) Var
b) Begin
c) Program
d) End
e) Read
4. FOR I= 1 TO N DO операторының қызметі
a) параметрсiз цикл
b) параметрлi цикл
c) енгiзу операторы
d) шығару операторы
e) шартты көшу операторы
5. Төмендегi программа фрагментiн орындалғаннан кейiн a-мәнi нешеге тең болады
a:=1; b:=2;
if a a) a= 2
b) a= 3
c) a= 5
d) a= 1
e) a= 9
6. Паскаль тiлiне аударыңыз: y=|2x+3|
a) y:=ABS(2*x+3);
b) 2;
c) y:=cos(x)+2*x+3;
d) y:=3*x+5+sqr(2*x);
e) y:=|2*x+3|.
7. Компьютердің көмегімен есеп шығарудың бірінші кезеңі -
a) алгоритм жазу
b) программа құру
c) математикалық модель құру
d) компьютер жұмысының нәтижелерін талдау
e) дұрыс жауап жоқ
8. Компьютердің көмегімен есеп шығарудың үшінші кезеңі -
a) алгоритм жазу
b) блок-схема құру
c) математикалық модель құру
d) программа құру. Компьютер жұмысының нәтижелерін талдау
e) дұрыс жауап жоқ
9. Алгоритм дегеніміз -
a) белгілі бір іс әрекетті орындау үшін көрсетілген нұсқаулар;
b) белгілі бір іс әрекетті орындаумау үшін көрсетілген нұсқаулар;
c) белгілі бір іс әрекетті орындау үшін көрсетілгмеген нұсқаулар;
d) белгілі бір мөлшерді өлшеу үшін көрсетілген нұсқаулар
e) белгілі мөлшерде іс әрекетті орындамайтын нұсқаулар.
10. Сызықтық іздеу қандай қосақтасқан шартты циклдер бойынша жүргізіледі?
a) For c:=‘A’ to ‘H’ do
b) while-do, repeat-until
c) while left d) қосақтасқан цикл болмайды
e) шексіз
2-нұсқа
1. Паскаль тілін кім ойлап тапты?
a) Дэннис Ритчи
b) О. В. Чесноков
c) А. В. Славинская
d) Никлаус Вирт
e) Е. А. Бурин
2. Паскаль тілінде командалар мен операторлар қандай тыныс белгі арқылы ажыратылады?
a) :
b) .
c) ;
d) < >
e) ( )

3. Программа денесі қандай сөзден басталады?
a) Program
b) Var
c) Read
d) Write
e) Begin
4. Паскаль тiлiне аударыңыз: y=cos2x+3x+6
a) y:=sqr(sin(x))+3*x+6
b) y:=cos(x)+3*x+6
c) y:=3*x+7+sqr(cos(x))
d) y:=sqr(cos(x))+3*x+6
e) дұрыс жауап жоқ
5. Компьютердің көмегімен есеп шығарудың екінші кезеңі -
a) алгоритм құру
b) программа құру
c) математикалық модель құру
d) компьютер жұмысының нәтижелерін талдау
e) дұрыс жауап жоқ
6. else кілттік сөзі қай оператор құрамына кіреді:
a) шартсыз көшу
b) циклдік
c) таңдау
d) шартты
e) тармақаталу
7. If операторының жазылуы:
a) then <1-оператор> else <2-оператор>
b) case x of
c) if then <1-оператор> else
d) <1-оператор> then <2-оператор>
e) if <шарт> then <1-оператор> else <2-оператор>
8. Паскаль тiлiнде while B do P операторының қызметi…
a) B-дан Р-ға дейiн цикл
b) Егер В ақиқат болса Р-ны орында
c) В бiткенше Р-ны орында
d) В қойғанда Р-ны орындалады
e) р дан В дейін
9. FOR I: = 1 TO 10 циклі неше рет жұмыс жасайды:
a) 2
b) 10
c) 3
d) 1
e) 4
10. Паскаль тiлiнде repeat [цикл денесi] until [лог.өрнек] операторының қызметi
a) өрнек ақиқат болcа цикл денесі орындалады
b) өрнек жалған болcа цикл денесі орындалады
c) өрнек есептелгенше циклды орында
d) цикл аяқталғанда өрнектi есептейді
e) цикл әрқашан орындалады
VI.Сабақты қорытындылау және оқушылардың білімін бағалау:
1 – тур. «Бой сергіту»
2 – тур. «Қапшықтан шыққан бас қатырғыштар».
3 – тур. «Жұмбақтас»
4 – тур. «Мен саған – сен маған»
Топ 1 – тур 2 – тур 3 – тур 4 – тур Қорытынды
Бағалау критери йлері «5» - 2
«4» - 1,5
«3» - 1 «5» - 1
«4» - 0,8
«3» - 0,5 «5» - 1
«4» - 0,8
«3» - 0,5 «5» - 10
«4» - 8
«3» - 5
Команданың аты 1 1
2 2
3
4
5
6
7
8
9
10


Артық уақыт
Дұрыс жауап саны
Баға

Оқушыларды бағалау парағы
Топтың атауы:
Оқушының аты жөні 1 – тур 2 – тур 3 – тур 4 – тур Қорытынды баға













Капитанның аты- жөні:

V.Үйге тапсырма: 5.3, 5.4 тақырыптарды оқу және тарау соңындағы 4-есепті шығару Тәрбие.орг сайтынан Жиымдар. Бір өлшемді жиым. Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ибышова Динара

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Физикадан ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 463 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar