Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бізді қоршаған ауа
  • 10.01.2017
  • 199 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20917

5-сынып.
Сабақтың тақырыбы: §27. Бізді қоршаған ауа.
Мақсаты:
1. Оқушыларға бізді қоршаған ауаның құрамын, маңызын түсіндіру.
2. Ауаны қорғау керектігін түсіндіріп, экологиялық білім беру.
3. Ауаның құрамын түсіндіріп, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Сабақ типі: аралас.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, шар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау: Атмосфера – жердің ауа қабаты.
«Миға шабуыл» ойыны.
1. Ауа кез-келген жерде бола ма? Ия.
2. Жердің ауа қабаты қалай аталады? Атмосфера.
3. Атмосфераның 78% қандай газдан тұрады? Азот.
4. 21% қандай газдан тұрады? Оттегі.
5. Барлық тіршілік атмосфераның қай қабатында өтеді? Тропосфера.
6. Тропосфераның биіктігі неше км? 11 км.
7. Атмосфера жерді неден қорғайды? Метеорит.
8. Атмосфераның ең биіктегі бөлігі қалай аталады? Термосфера.
9. Адам өміріне таза оттегі зиян ба? Ия.
Топпен жұмыс.
І топ.
1. Атмосфера дегеніміз не?
2. Ауаның құрамы қандай?
3. Фотосинтез процесі дегеніміз не?
ІІ топ.
1. Тірі организмдер үшін оттегінің ролі қандай?
2. Жердің қандай қабаттарын білесіңдер?
3. Атмосфераның газ құрамы қандай?
ІІІ топ.
1. Неге атмосфераны жердің қорғаныш қалқаны дейді?
2. Не себепті адам үшін тропосфера маңызды?
3. Жердің ауа қабатынсыз тіршілік қандай күйде болуы мүмкін?
Актуальдау. Жаңа сабақ.
Егер сен күні бойы үйден шықпай (бөлме желдетілмесе) бір бөлмеде отыра берсең, қандай күйге түсер едің?
Жаңа сабақ түсіндіру.
Өміршеңдігі: Шарды алып үрлеп, оның ауасын біртіндеп шығарсақ, одан ауа шығады.
Қорытынды: Сонымен жердегі тіршілік үшін ауа өте маңызды, ол фотосинтез процесі арқылы жүзеге асырылады.
Бекіту. Тест.
1. Бізді қоршаған ауаны көруге бола ма?
а) Ия ә) Жоқ
2. Адам қанша минут дем алмай тұра алады?
а) 3-4 минут ә) 5 минут б) 1-2 минут
3. Түтін, газ, әр түрлі шаң тозаң қоспасын не деп атаймыз?
а) Филтр ә) Смог б) Фотосинтез
4. Жөке ағашы орманда қанша жыл өмір сүреді?
а) 400 жыл ә) 50-80 жыл б) 100 жыл
5. Экологиялық таза отын түріне не жатады?
а) Бензин ә) Күн энергиясы б) Көмір
6. Газ тәріздес көзге көрінбейтін зат
а) Су ә) Ауа б) Топырақ
Тесттің дұрыс жауаптары:
1-ә; 2-б; 3-ә; 4-а; 5-ә; 6-ә.
5-6 – «5»; 3-4 – «4»; 2 – «3».
Үйге тапсырма: § 27. Бізді қоршаған ауа.
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Бізді қоршаған ауа Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахетов Аскар Куантевич

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы І.Үргенішбаев атындағы орта мектебі география пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Географиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 199 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar