"Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері"

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 188
  • Географиядан ашық сабақтар
  • 24/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23587


Қысқа мерзімді жоспар Мектеп: «Қорам орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мұқан Назгүл Берегенқызы
Сынып: 6 «А» Қатысқандар саны:27
Қатыспағандар саны:0
Сабақ тақырыбы Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Дүниежүзілік мұхит туралы түсінік бере отыра тақырыпты меңгерту, «теңіз», «шығанақ», «бұғаз» ұғымдарын қалыптастыру.
Сабақ мақсаттары Шығармашылық ізденіске баулу, картаны жетік меңгере отыра, картадан мұхиттарды және оның бөліктерін көрсете білуге, сипаттап айтуға үйрету.
Бағалау критерийлері Оқушылар мұхиттарды біледі. Картадан көрсете алады. зерттеу тарихымен танысады.
Тілдік мақсаттар
Мұхит – океан - ocean
Теңіз – море - sea
Шығанақ – залив - gulf
Бұғаз – пролив - strait
Оқушылар:
•мәтіндік материалдармен (оқу) жұмыс істей алады;
•мұхиттарды ашу, зерттеу және игерудің маңызды кезеңдерін, фактілерін, себептерін және салдарларын айқындай алады (функционалды оқу);
•топтарда жауаптардың нұсқаларын талқылай алады (сөйлеу және тыңдау);
•зерттеу нәтижелерін бүкіл сыныпқа көрсете алады (сөйлеу және тыңдау)
Құндылықтарды дарыту Жұптық және жеке жұмыс жасау барысында бір - біріне құрмет көрсету.
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану
Бастапқы білім
Бастауыш сыныптардағы жаратылыстану курстарының негізінде алған білім
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Білу,түсіну»
«Миға шабуыл» Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Сыныпты топтарға бөлу. Жаңа тақырып терминдері жазылған карточкалар бойынша «Мұхит», «Бұғаз», «Шығанақ», «Теңіз» бөлінеді.
Топ өзара бір-бірлеріне сәттілік тілеп, топ спикерін сайлайды.

Өтілген тақырып бойынша білімдерін «Ғаламшарлардан хат» ойыны арқылы тексеру. Топ спикері ұсынылған хаттардан біреуін таңдап алып, ішінде келген сұрақтарды тобына қояды. Жаңа терминдер жазылған түрлі-түсті карточкалар

Хаттағы сұрақтар, сөзжұмбақ
Сабақтың ортасы
«Қолдану»
(К). Қызығушылығын ояту мақсатында жаңа тақырып бойынша қысқаша бейнебаян тамашалау.

(Т) Оқушылар жоспар бойынша мұхиттардың бірін сипаттайды, постер құрады,қорғайды.
Ұсынылған мұхитты сипаттау жоспары бойынша постер қамтылуы қажет.
1. Мұхиттың атауы;
2. Ауданы. Басқа мұхиттардың арасында алатын орны;
3. Географиялық орналасуы;
4. Шайылатын материктер;
5. Шекаларас мұхиттары, бұғаздар;
6. Шекаралары (қандай материктердің жағасын шаяды);
7. Аралдары және архипелагтары;
8. Ағысы (жылы, суық);
9. Көлік және теңіз жолдары;
10. Шаруашылықта қолданылуы.

(Ж).Семантикалық картамен жұмыс.
№ Атауы мұхит теңіз шығанақ бұғаз
1 Саргасс
2 Гудзон
3 Гибралтар
4 Сары
5 екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағаларыны қосуы
6 Дрейк
7 Мұхиттың құрлыққа суғына жатқан бөлігі
8 Үнді
9 Баренц
10 Мозамбик
11 Атлант
12 Жерорта
Мұхиттар жайлы бейнебаян

Постер, сызбалар

Үлестірмелі материалдар

Сабақтың соңы
«Талдау,жинақтау»

Рефлексия.
Бағалау. (Д),(ҚБ).
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау.
1. Кескін картаға мұхиттардың атауларын жазып, олардың шекарасын белгіле
2. Кестемен жұмыс

Сабақты бекіту мақсатында «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі .Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі.
Кері байланыс. «INSERT» әдісі арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Бағалау парағы Тәрбие.орг сайтынан "Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері" Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мұқан Назгүл Берегенқызы

Алматы обысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Қорам орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі география пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar