Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 145
  • Географиядан ашық сабақтар
  • 24/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23607


Еңбек ресурсының шаруашылықтағы рөлін, жұмыссыздық себептерін оқып үйрену
А) Экономикалық белсенді халықты, оның атқаратын қызметін біледі;
В) Шаруашылық салаларының орналасуы мен халықтың арасындағы байланысты анықтай алады;
С) Жұмыссыздық мәселесін азайтуды және болашақта қандай мамандық иесі болу керектігін талдайды.
Оқулық, флипчарттар, маркерлер, стикерлер, маршруттық карта, https://www.youtube.com/watch?v=c81UyHsz600 сайтынан бейнеролик,
«Отшашу», «Миға шабуыл», «Әуе шары», топтық, жеке жұмыс, «Кім жылдам», маршруттық карта, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», эссе

-сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта құру мақсатында оқушыларды ортаға жинап күндеріне сәттілік тілеу. «Отшашу» әдісі арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру. (2 мин)
-сынып оқушыларын «Балалар», «Орта жастағы адамдар» және «Зейнеткерлер» деп үш топқа топтастыру. (1 мин)
-үй тапсырмасын тексеру
«Салауатты Қазақстан» бағдарламасының мақсаты, міндеті туралы оқушыларды сөйлету (3 мин) Оқушыларды мадақтау
Оқушылар мұғаліммен амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.
Оқушылар «Отшашу» әдісімен қолшапалақтап, сергиді.
Оқушылар берілген карточкалар арқылы 3 топқа топтасады. Әр топ өз топтарында топбасшыларын сайлайды.
Оқушылар өз бетімен үйден «Салауатты Қазақстан» бағдараламасы туралы ізденіп, оқып келіп, өз ойларымен бөліседі. Тәрбие.орг сайтынан Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-лицей география пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar