Физикалық денелер және өлшемдер

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 793
  • Географиядан ашық сабақтар
  • 22/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21225


Бекітілді Күні 17.01.17 Сыныбы: 5 а, ә Пәні: жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы Физикалық денелер және өлшемдер
Сілтеме Әдістеме, оқулық
Жалпы мақсаты Оқушыларға физикалық денелер және өлшемдерді түсіндіру.
Күтілетін нәтиже Физикалық денелер және өлшемдер туралы біледі.
Негізгі идеялар Физикалық денелер және өлшемдер туралы білімдерін кеңейтеді
Қажетті-құрал жабдықтар оқулық, дәптер
Тапсырмалар Топтық жұмыстар жүргізіледі.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс- әрекеті
Психологиялық дайындық Бір-біріне сәттілік тілеу:
Қайырлы күн, досым
Қайырлы күн болсын
Бүгінгі сейсенбі күні
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын
Түрлі түсті стикерлер арқылы . Жақсы көңіл күймен сабақты бастайды. Оқушылар түрлі түсті стикерлер арқылы үш топқа бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.
Үй тапсырмасы

Сұрақ жауап.
1.Атмосфераны нелер ластайды?
2. Алғашқы метеорологтар кімдер болды?балгер мен шамандар
3. Адаптациядан өтудің неше түрі бар?
4. Аристотель меторологика туралы неше кітап жазып шығарды?
5. Метеора грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
6. Ауа райы дегеніміз?
7. Климат дегеніміз?
8.Климат терминін алғаш рет ғылымға кім енгізді?
9.Ауа райының негізін нелер құрайды? Сұрақтарға жауап береді.
Қызығушылығын ояту.

Мағынаны тану Жұмбақтар жасырылады жұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыптың мысалдары шығады.
Шешуі: Су, ауа, алтын, үй бұлар физикалық денелер, заттар
арқылы жаңа тақырыпты ашады
Төбемізде тұрағы,
Пайдасы мол ұққанға.
Түнде жанып тұрады,
Сөнеді Күн шыққанда (Электр шамы)
Жылт- жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су)
Түсі бар көрінбейтін,
Біртұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тірліктің,
Ешқашан жерінбейтін. (Ауа)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

І топ Физикалық дене
ІІ топ Беттік керіліс
ІІІ топ Диффузия

Жұмбақтарды шешеді.

Топ болып тақырыпты түсініп оқып, постер қорғайды.
Сергіту сәті Кездесу ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір біріне қарап, баланың қасиетін айтады? Оқушылар серігіп қалады
Тапсырмалар І топ Телеграмма
Өтініш мына хатты толықтырып жіберуіңізді сұраймын.
1. Бір нәрсені .................................... .......болады.
2. Мысалға: ............................................. ....қажет.
3. Физикалық дене ................................................
4. Зат ............................................. мысал:.............
5. Беттік керіліс дегеніміз ...................................
ІІ топ Сәйкестігін анықтаңыз
Физикалық дене минут
Зат градус
Температура шамасы жиһаз
Уақыт бірлігі су
ІІІ топ
Географиялық диктант
Физикалық дене дегеніміз бізді қоршаған заттар.Әрбір физикалық денені сипаттау үшін өлшем бірліктері қолданылады. Мысалы ұзындық өлшемі метрмен, температура шамасын градуспен, уақыт бірлігін минутпен өлшейді.
Телеграмманы, георафиялық диктантты, сәйкестігін анықтауды орындайды.
Шығармашылық жұмыс Әр топқа бір физикалық дененің суреті беріледі. Берілген денеге физикалық сипаттама береді.



Дәптермен жұмыс.
Дәптерге физикалық денені сипаттау үшін қолданылатын өлшем бірліктерді түсіру.
Ұзындық өлшемі – метр;
Температура шамасы – градус;
Уақыт бірлігі – минут;
Масса бірлігі – килограмм.
Анықтамалар жаздырту
Атом – қоршаған дүниені құрайтын кішкентай бөлшек.
Молекула – атомдарды құрайтын денелер.
Диффузия – молекулалардың үздіксіз таралуы.Латын тілінде – таралу, ыдырау, жайылу деген мағынаны береді.
Физикалық денелерге сипаттама береді.Анықтамаларды жазады.
Кері байланыс Стикерлерге өз ойларын жазу Алдарындағы стикерлерге бүгінгі сабақтан не түсінгендерін жазады
Бағалау «Бағдаршам» арқылы өзін өзі бағалайды. Қызыл түсінбедім. Сары толықтырамын. Жасыл барлығын түсіндім. . Оқушылар стикерлерін бағдаршамға жапсырады.
Үй тапсырмасы Физикалық денелер және өлшемдер. 74-75 беттегі «Сөйлемді аяқта» тапсырмасын дәптерлеріне жазып келу.

Күнделіктеріне жазып алады. Тәрбие.орг сайтынан Физикалық денелер және өлшемдер Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дінаманова Мария

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,Сенек ауылы. Қашаған атындағы орта мектебі География пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar