Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
география сабақтарындағы пәнаралық байланыс. "Еуразияның ішкі сулары"
  • 15.03.2016
  • 815 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17948

Сынып: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Еуразияның ішкі сулары
Сабақтың мақсаты:
І.Білімділік:
Материктің ішкі суларына анықтама беру, өзендерінің алаптарға бөлінуі, алаптарға бөле отырып өзендері анықтау барысында оқушыларға білім беру. Тақырыпты аша отырып өзен, көлдердің барлық сипатын анықтау.
ІІ.Дамытушылық:
Оқушы жұмыстана отырып тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстарды орындау. Еуразияның физикалық картасын пайдалану арқылы кескін картамен жұмыс жүргізу. Оған өзендер мен көлдерді тауып жұмыстану. Осы арқылы оқушының білімін кеңейте отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
ІІІ.Тәрбиелік:
Табиғатты аялауға, қорғауға баулу арқылы қамқорлыққа, бірлесе жұмыс жасау арқылы достыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1.Еуразия материгінің ішкі суларымен танысады.
2.Өзендер мен көлдердің аттарымен, қай аймақта орналасатынын анықтай алады.
3.Еуразия өзендері қандай алаптарға бөлінетінін және өзендерге сипаттама беру арқылы білімдерін кеңейтеді.
Көрнекіліктер: Еуразия материгінің физикалық картасы, атлас 7 сынып, таратпа қағаздар, суреттер.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақта қолданылатын әдістер: 7 модуль аясындағы әдіс-тәсілдер: ассоциация, ДжиGSO, РАФТ .
Пәнаралық байланыс: экология, қазақ тілі.

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, коллаборативті ортаны құру(тренинг өткізу).

І. Қызығушылықты ояту.

2. Үй тапсырмасын сұрау кезінде сұрақтар таратпа карточкада беріледі.
1. Климаттың әркелкі болуының себептері:
Жауабы: - материк аумағының үлкендігіне; -жағалаудағы мұхиттар мен беткі ағыстардың әсеріне; - ауа массаларының қасиеттеріне; - жер бетінің сипатына; - күн сәулесінің әр келкі түсуінен;
2. Еуразия материгінде ең көп жауын-шашын мол түсетін аймақ?
Жауабы: - Черапунджи елді мекені. Жылына – 12 000 мм.
3. Еуразия аумағын қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?
Жауабы: - арктикалық, субарктикалық, қоңыржай, субтропиктік, тропиктік, субэкваторлық, экваторлық белдеулер.
4. Материктің солтүстік бөлігін және арктикалық аралдарын қамтиды. Бұл климаттық белдеудің басты ерекшелігі – жыл бойы суық, құрғақ арктикалық ауа массаларының ықпалында болатындығында. Ауа температурасы үнемі төмен болып, қыс айларында – 400С, - 500С-қа жетеді. Бұл белдеуде жауын-шашын аз және қар күйінде түседі.
Жауабы: Арктикалық климаттық белдеу.
5. Исландия аралынан бастап материктің солтүстігіндегі жіңішке аумақ арқылы өтеді. Бұл белдеуге қыста арктикалық ауа массалары, жазда қоңыржай ауа массалары әсер етеді. Бастпақтар көп кездеседі.
Жауабы: Субарктикалық климаттық белдеу.
6. Ең үлкен аумақты алып жатқан климаттық белдеу. Оның аумағы үлкен болғандықтан екі түрлі ауа массалары қалыптасады. Олар . . .
Жауабы: Қоңыржай климаттық белдеу.
7. Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?
Жауабы: Шұғыл континенттік.
8. Бұл климат қоңыржай және тропиктік белдеулер аралығын алып жатыр. Жерорта теңізі маңында жаз аса ыстық құрғақтығымен ерекшеленсе, қысы батыс желдердің әсерінен жылы әрі жаңбырлы болып келеді.
Жауабы: Субтропиктік климаттық белдеу.
9. Еуразияның батыс бөлігінде ғана таралған. Үнді мұхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардан асып, ішкі аймақтарға өте алмайды. Сондықтан жыл бойы ауа температурасы жоғары болып, жазы аңызақ, аптапты ыстық болады. Жауын-шашын аз түседі.
Жауабы: тропиктік климаттық белдеу.
10. Еуразияның оңтүстігіндегі Үндістан, Үндіқытай түбектерін және сол аймақтағы аралдарды алып жатқан белдеу? Қысы құрғақ, ал жазы жауын-шашынды.
Жауабы: субэкваторлық климаттық белдеу.

ІІ. Мағынаны тану.

Бұл ассоцияция стратегиясы. Оқушылар жаңа сабақ басталмастан бұрын «Ішкі сулар» туралы не біледі, нелер жатады деген сұрақтарға өз ойларын жазады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін тиімді әдіс.
Негізгі бөлімге ауысу үшін СТО технологиясының ДжиGSO мозайка стратегиясын қолдандым. Оқушыларды «Көлдер», «Өзендер», «Жерасты сулары» деп топтастырып аламын. Сөйтеді де, әр топқа бір-бір мәтін беріледі. Сол мәтінді (мысалы «көлдер») оқып, танысып, «көлдер» сол жерде талдайды. Сол жерден өзіне тиісті мәліметті барынша жинап, өз отбасына оралады. Ол сол жерден алған білімін отбасына түсіндіреді. Әр топ сөйтіп жұмыстанады. Сөйтіп жаңа сабақ ашылады.
«Көлдер» тобына берілген мәтін.
- Атлант мұхиты алабы.
Материктің Еуропалық бөлігінің өзендері. Атлант мұхиты алабына құятын өзендер негізінен таулардан басталады да, тар аңғарлармен ағып, сарқырамалар түзеді. Жазықтарға жеткенде ағыстары баяулайды да жайылып ағады. Өзендер әртүрлі климаттық белдеулермен ағып өтеді. Сондықтан олардың қоректенуі де әртүрлі болып келеді. Бұл алаптың солтүстігіндегі өзендер еріген қар және жаңбыр суымен қоректенсе, таудан басталып оңтүстік бөлігіндегі өзендер мұздықтар мен жаңбыр суымен қоректенеді. Алаптың ірі өзендеріне – Дунай, Рейн, Висла, т.б.жатады.
- Солтүстік Мұзды мұхит алабы.
Еуразияның солтүстігіндегі өзендер. Бұл алаптың өзендеріне Ресей арқылы ағып өтетін ірі өзендер және Скандинавия түбегінен ағып өтетін қысқа өзендер жатады. Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендері қыста ұзақ қатып жатады және еріген қар суымен, жаңбыр суымен қоректенеді. Бұл алап өзендері көктемде бастауынан сағасына дейін мұздан біртіндеп босайды, осыдан мұз құрсаулар қалыптасып, өзен сулары қатты тасиды. Солтүстік Мұзды мұхит алабының таудан басталатын өзендерінің құлау күшін пайдаланып, су электр станциялары салынған. Жазық өзендері кеме қатынасына, ағаш ағызуға пайдаланылады.
«Өзендер» тобына берілген мәтін.
- Тынық мұхиты алабы.
Материктің шығысындағы өзендер жатады. Алып өзендері негізінен биік таулардан басталатындықтан, ағысы қатты болып келеді. Бұл алаптың ірі өзендерін Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг, т.б.құрайды. тынық мұхыты алабының өзендерінің көпшілігі жаңбыр суымен қоректенеді.
- Үнді мұхиты алабы.
Еуразия материгінің оңтүстігіндегі өзендер жатады. Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр, Евфрат – осы алаптың ірі өзендері. Негізінен олар мұздықтар мен жаңбыр суымен қоректенеді.
«Жерасты сулар» тобына берілген мәтін.
- Ішкі тұйық алап.
Бұл алапқа материктің ішкі аймақтарындағы өзендер жатады. Еділ, Жайық, Сырдария, Әмудария, Іле – ішкі алаптың ірі өзендері.
-
Көлдер.
Еуразия көлдерге де бай, бірақ олар материк аумағына біркелкі таралмаған. Көлдердің қазаншұңқырлары әртүрлі жолдармен пайда болған. Көлдер материктің солтүстік-батыс бөлігінде жиі кездеседі. Бұл көлдер материкті мұз басқан кезде жер қыртысының иілуінен және мұздықтардың қазуынан пайда болған. Аймақтың ірі көлдеріне Ладога, Онега, Венера, Веттерн көлдері жатады. Жер шарындағы ең терең көл – Байкал, Орта Азияда – Ыстықкөл, Еуропалық бөлікте - Женева көлі, Қазақстанда – Зайсан көлі жер қыртысының жарықтарында орналасқан тектоникалық көлдер. Ал Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор, т.б.көлдер ежелгі мұхиттар орнында қалған қалдық көлдер. Қалдық көлдер басқа көлдерден суларының тұздылығымен ерекшеленеді. Көлдерден балық ауланып, кеме қатынасы және демалыс орындары ретінде пайдаланылады.
Материктің Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф архипелагтары, Жаңа Жер аралының солтүстік бөлігі мен Гималай, Тянь-Шань, Тибет, Памир, Кавказ, Альпі тауларында қазіргі заманғы мұз басу таралған. Еуразия материгіндегі ең ірі мұздық Памир тауындағы Федченко мұздығы. Оның ұзындығы – 77 км. Еуразияның солтүстігіндегі үлкен аумақты көпжылдық тоңдар алып жатыр. Тоңдағы мұздың қалыңдығы әр аймақта әртүрлі.
Осы мәтін бойынша оқушылар өз түсінгендерін ортаға салады.
Осы тақырып бойынша қорытып түсіндіремін. Мағынаны тану бойынша өтілген тақырып есте қалу үшін арнайы тапсырмалар беремін.
«Сәйкестіктерін тауып қой», «Өзендер» сандық диктантын жүргіземін.

Солтүстік мұзды мұхит алабы 4, 5, 13,14
Атлант мұхиты алабы 2, 3, 10
Тынық мұхит алабы 11, 8
Үнді мұхиты алабы 1, 9
Ішкі тұйық алабы 12, 7, 6
1)Брахмапутра; 2)Висла; 3)Рейн; 4)Индигирка; 5)Печора; 6)Орал; 7)Сырдария; 8)Меконг; 9)Инд; 10)Дунай; 11)Янцзы; 12)Евфрат; 13)Ертіс; 14)Енисей
Оқушылар «Бағдаршам» әдісін қолдана отырып, өздерінің түсінген не түсінбегенін көрсетеді. «Жасыл» - толық түсіндім, «Сары» - жартылай түсіндім, «Қызыл»- түсінбедім деген мағынада.

ІІІ. Ой толғаныс

РАФТ технологиясын қолданамын.
Бұл аргументті эссе. Қорытынды бөлімде экологиялық тәрбие беріледі.
Мысалы: форма – хат, өтініш, хабарландыру болуы мүмкін, тақырып – «Сусыз тіршілік жоқ»
Форма-
Тақырып-

3. Бағалау. Бұнда «Өзін-өзі бағалау» стратегиясын қолдандым. Оқушылар өз-өздерін төмендегі кесте бойынша бағалайды.
Түсіндім Қиналдым Мұғалімнің көмегіне сүйендім
Тапсырма

4. Үйге тапсырма.

А) Жаңа тақырып бойынша қайталау.
Ә) Тақырып бойынша тест тапсырмаларын құрастыру.
Б) Кескін картамен жұмыс: өзен-көлдерді кескін картаға түсіру. Тәрбие.орг сайтынан география сабақтарындағы пәнаралық байланыс. "Еуразияның ішкі сулары" Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Карина Кымбат Аманатовна

"Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Краснопреснен орта мектебі" ММ география пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Географиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 815 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar