Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Канада
  • 08.04.2016
  • 490 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18527

Сабақтың тақырыбы: §47. Канада
Сабақтың мақсаты:
А) білімділігі: Канаданың географиялық орны, геологиялық құрылысының ерекшеліктерін ұғыну, климаты, өзен, көлдері туралы білімдерін тереңдету.
Ә) дамытушылық: оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамыту, ғылыми дүниетанымды қалыптастыра отырып, нақты қисынды және қисынды сөйлеу дағдыларына үйрету.
Б) тәрбиелік: экономикалық сауаттылыққа тәрбиелей отырып, қиыншылықтарды жеңудегі өжеттілікке, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдісі: семинар сабақ - оқушының білімін тереңдету
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүние жүзі тарихы
Көрнекілік: атлас, дүние жүзінің саяси картасы, слайд, бейнефильм, суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ барысы
IV. Сабақты пысықтау
V. Сабақты қорытындылау
VI. Үйге тапсырма
VII. Оқушыларды бағалау
Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман
Н.Ә.Назарбаев

I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа зейінін сабаққа бұра отырып, сабаққа даярлығын, қызығушылығын арттыру. Оқушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, интерактивті кабинетке орналастыру, сәлемдесу. Оқу құралдарын әзірлетіп, зейіндерін сабаққа шоғырландыру. Қатысуын түгелдеп, оқушыларға жаңа тақырыпты өздері түсіндіретінін ескерту.
II. Үй тапсырмасын сұрау
«АҚШ-тың туристік объектілері.Сыртқы экономикалық байланыстары»
Туристік объектілері. Қазіргі кезде халықаралық туризм әлемдік экономиканың маңызды буынына айналған. Қабылданатын шетелдік туристердің саны жөнінен АҚШ дүниежүзінде алдыңғы орынды алады. Жылына мұнда 50 млн-нанастам шетелдік туристер келеді. Туризмнің дамуына қолайлы табиғат жайдайлары мен айрықша табиғи объектілері, тарихи-археологиялық ескеркіштері және тағы басқалары алғышарт болады.
Әсіресе АҚШ-тағы табиғаты ерекше аудандарға туристер жиі барады. Соның бірі – Йеллоустон ұлттық саябағы (ағылш. Yellowstone National Park) — дүние жүзіндегі ең алғашқы ұйымдастырылған ұлттық саябақ (1872). АҚШ-тың Солтүстік-батысындағы Вайоминг, Монтана және Айдахо штаттарының жерінде орналасқан. Аумағы 9 мың км2.
Йеллоустон ұттық саябағы Миссури өзенінің оң жақ саласы Йеллоустон өзенінің жоғасыр ағысындағы теңіз деңгейінен 2200 — 2500 м биіктікте жанартаулық үстіртті алқапты алып жатыр. Оның біраз жері жартасты тау жоталарын да қамтиды. Саябаққа қара обсидиан (жанартаулық шыны) тау жыныстарынан құралған тік жартастар мен құздар, Йеллоустон мен Джексон көлдері, саябақтың ең биік шыңы – Электрик (3350 м) ерекше көрік беріп тұрады. Жанартаулық жыныстардың астында тасқа айналған орман – Спесимен тау жотасы да орналасқан. Йеллоустон ұттық саябағының жері қалың қылқан жапырақты орман болып келеді. Оның территориясында сазбалшықты жанартаулар, ыстық қайнарлар, көлдер және 3 мыңнан астам гейзерлер (әрқайсысы әрбір 33 – 93 мин аралығында түрлі биіктікке атқылап тұрады) кездеседі. Олардың ішіндегі ең ірісі – «Алып» гейзері, ол атқылаған кезде ыстық су 91 м-ге дейін, ал «Олд-Фейтфул» гейзерінің суы – 50 м биіктікке дейін көтеріледі.
Йеллоустон ұттық саябағының аумағында өте терең Үлкен Каньон деп аталатын – сайлы жыра бар, оның тереңд. 360 м, ал ұызндығы 20 км-ге созылады. Бұл аймақта биіктен құлап ағатын сарқырамалар (биіктігі 94 м-дей) да кездеседі. Саябақ жеріндегі қылқан жапырақты орманда қарағай, самырсын, шырша, қандыағаш, қайың, көктерек, т.б. ағаштар өседі. Ал жануарлардан – бизон, қара аю (барибал), бұғы, қоңыр аю (гризли), бұлан, жуан мүйізді арқар, койот (шалғын қасқыры), ақ бірқазан, түтік тұмсықты аққу, ақбас субүркіт, т.б. бар. Йеллоустон ұттық саябағының әсем көріністерін тамашалап көруге маусым – тамыз айларында туристер көп келеді және олардың демалуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Йеллоустон ұттық саябағының негізгі мақсаты – табиғаттың әсем және ғажайып көріністерін сақтап қалу; табиғаттың көрікті орындарын, байлығын қорғау; осы байлықты кейінгі ұрпаққа жеткізу болып саналады. Йеллоустон ұттық саябағында табиғат қорғау мәселелерін насихаттауға, экол. білім мен тәрбие беру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінеді. Тәрбие.орг сайтынан Канада Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исаева Мухтарам Юнусалиевна

ОҚО, Түлкібас ауданы,Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектеп География пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Географиядан ашық сабақтар | Логин: nilu9025
Көрсетілім: 490 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar