Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Халықтың тығыздығы, орналасу ерекшеліктері мен қозғалысы
  • 05.01.2017
  • 271 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20798

География. 10 сынып (ж/м. бағыты)
Сабақ №
Сабақтың тақырыбы: Халықтың тығыздығы, орналасу ерекшеліктері мен қозғалысы
Сабақтың мақсаты: Жер бетіндегі халық, олардың таралу аймақтары, тығыздығы мен демография туралы түсінік беру. «Халық» сөзі жайында білім қалыптастыру.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Саяси картамен жұмыс жасай білу икемділік дамыту. Халықтар жайында мәлімет бере отырып, оқушының қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: 10 сынып география оқулығы, әдістемелік құрал, слайд, тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері.
Оқыту нәтижелері: Бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады, жеке ұсыныстар мен олардың негізінде пайда болған ортақ пікірлерді ортаға салып, түйін жасай алады. Қажеттілікті жүзеге асырады. Сыныптастарын шыдамдылықпен тыңдайды.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1. Қызығушылықты ояту. Оқушыларды топқа бөлу.
2. Ой шақыру. Сұрақ қою арқылы білгендерін естеріне түсіру.
1) Жер шарында қанша халық өмір сүреді?
2) Мулаттар деп кімдерді атаймыз?
3) Негрлер мен европоидтардың айырмашылығы неде?
3. «Адамзат» сөзіне ассоциация.
4. Мағынаны ажырату.
1 - топ Жер бетіндегі халықтың саны және өсуі.
2 - топ Халықтың тығыздығы.
3 - топ Демографиялық саясат.
5. Тапсырма

1 - топ Халық санына әсер еткен
Қолайлы жағдай Қолайсыз жағдай
2 - топ Халықтың тығыздығына есеп шығарыңдар
Тығыздық = (халык саны)/(жер көлем)
Дүниежүзі халық - 7 млрд. адам, жер көлемі - 149млн. км
Қазақстан халқы - 17млн. адам, жер көлемі – 2, 7млн. км
3 - топ Дүниежүзінің картасынан халықтың тығыз қоныстанған жерлерін көрсетіңдер. Жер шарында халық үздіксіз өсе бере ала ма, ол адамзат үшін қауіпті болмай ма?

Сергіту сәті: Уық, кереге, шаңырақ.
6. Талдау сұрақтары:
1) Демографиялық саясат не үшін жүргізіледі?
2) Қай материкте тұрақты халық жоқ?
3) Адамдардың қоныстануы қай материктен басталған?
7. 5 жол өлең стратегиясы.
Мысалы: 1. Халық
2. Көпұлтты, бірұлтты
3. Өседі, көбейеді, көшеді
4. Халқы көп ел – Қытай.
5. Ел.
8. Бүгінгі сабақта негізгі деп санайтын 10 сөз айтыңдар.
9. Рефлексия. Оқушылар мұғалімнің сұрақтары негізінде сабақты қорытындылап, сызба құрайды.
ХАЛЫҚ
халық саны, халық тығыздығы, демография

Үйге тапсырма беру: &28. оқу
Бағалау. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Тәрбие.орг сайтынан Халықтың тығыздығы, орналасу ерекшеліктері мен қозғалысы Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есенова Гулсим Сагиндыковна

БҚО Шыңғырлау ауданы,Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі география пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Географиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 271 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar