. Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 66
  • Географиядан ашық сабақтар
  • 19/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23530


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Қазақстанның физикалық географиясы.Күнделікті сабақ жоспары
8-сынып Күні:
Сабақтың тақырыбы: § 25. Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік – Қазақстан климатына әрбір климат түзуші фактордың әсерін анықтау. Оқушыларды климат картасымен жұмыс істеуге үйрету.
2.Дамытушылығы – Жер бетіндегі тіршілікке әсер ететін негізгі факторлар туралы ойларын дамыту.
3.Тәрбиелілігі – Ауа райында болатын құбылыстарды тани білуге, жер байлығын тануға, күтуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға Қазақстан аумағының климатын тану білуге үйрету.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың жабдықталу көрнекілігі: а).Қазақстанның физикалық ка. ә ).8-сынып атласы. б).Дүние жүзінің климат картасы.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, олардың назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
а).Қазақстанда жыл бойында жауын-шашын қалай таралған?
ә).Қазақстанның жазықты жерлерінің қай аймағына қар жамылғысы көп түседі?
б).Жауын-шашын мөлшері тауларда биіктеген сайын не себепті көбейеді?
в).Алматы қаласындағы жауын-шашынның мөлшері қандай?
Көкейтестілік:
а).Тірек білімдер (Қандай ұғымдарға аса мән беріледі).
ә).Қызығу тудыруға ықпал ету амалдары.
б).Жұмыс барысын бақылау түрлері, өзін-өзі байқау тәсілдері.
Жаңа сабақты оқып үйрену
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекшк. Бір дақылдарға жылу, екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған.
Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды дауылдарды жатқызуға болады.
Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекрінде ше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті +60° +70°С-қа дейін қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда да жиі болып тұрады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел – аңызақ тән. Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады: дала зонасында жылына 5–10 күн, шөлейт зонасында –40, Қызылқұмда –100 күн. Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4 рет болды.Қуаңшылық пен аңызыққа қарсы күресу үшін қар тоқтату ,орман алқа птарын отырғызу ,жер суару және т .б.арнайы агротехникалық шаралар қолданылады.
Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық атмосфералық құбылыстың бірі – шаңды дауыл. Олар желдің жылдамдығына
және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Шаңды дауыл ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты ауада соғатын қатты жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларын ашып тастайды, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына 20 – 38 күн шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55 – 60 күн болады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс, шығыс тауларында шаңды дауыл негізінен байқалмайды, өйткені олар тастақты және сазды аудандар болып есептеледі. Қайталап егін егуге, жеміс ағаштарын отырғызуға қосымша қаражат және еңбек жұмсалады.
Жаңа сабақты бекіту
а).Климаттың адам баласының шаруашылық әрекетіне қандай әсері бар?
ә).Қазақстандағы қандай қауіпті, қолайсыз атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?
б).Қуаңшылық, аңызақ, шаңды дауыл, үсік ауыл шаруашылығына қандай зиян келтіреді?
в).Көктайғақ және үсік қандай атмосфералық құбылыстар?
г). Көктайғақ және үсік қандай жағдайда пайда болады?
Үй тапсырмасы
§ 25. Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
6.Оқушы білімін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан . Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері. Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жумабаева Батима Даускожаевна

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №169 мектеп-лицейі география пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar