Мұхит аралдары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 693
  • Географиядан ашық сабақтар
  • 30/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18247


Тилеубекова Сара Анарбекқызы
Жаушықұм мектеп-лицейі
география пән мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Мұхит аралдары.
Білімділік мақсаты: Мұхит аралдарының тарихи-географиялық ерекшеліктеріне қарай бөлінуі, табиғат жағдайлары,халқы мен елдері жайында түсінік қалыптастыруға ұмтылыс жасап, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын сабақты өткізу тәсілі ретінде пайдаландым.
Тәрбиелік мақсаты:Тиянақты білім алуға, ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Алдынғы сыныпта алған білімдерін толықтыру, жүйелеу арқылы оқушылардың танымын кеңейтуді және берген білімді тез қабылдауына жол ашуға,өз пікірін еркін айтуға төселдіру мен ойлау қабілетін арттыруды негізгі мақсат етіп, «Мұхит аралдары» тақырыбында сабақ өттім.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің жарты шарлар картасы,глобус,түрлі суреттер,атлас,плакаттар,бағалау фигуралары.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы: I- ұйымдастыру.
1 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
(бағалауға түрлі фигуралар беру).
II Үй тапсырмасын сұрау.
• сұрақ-жауап.
1. Тынық мұхит табиғатының басты ерекшеліктері қандай?
2. Тынық мұхиттың табиғатын зерттеген Ресей мен АҚШ-тың ғылыми-зерттеу кемелерін ата.
3 Тынық мұхитында зерттеу жұмыстарын жүргізген Француз әскери теңізшісі кім?
4 Алғашқы аквалангты кім жасады?
5 «Калипсо» ғылыми - зерттеу кемесін кім басқарады?
6 1947 жылы бальс ағашынан жасалған жеңіл «Кон-Тики» салысымен саяхатын Перу жағалауынан бастаған норвег саяхатшысы кім?
7 Мұхиттың ең терең бөлігін қай жылы және қайсы елдің ғылыми-зерттеу кемесі ашты?
8 Тынық мұхитта өсетін өсімдіктерді ата.
9 Мұхитқа ғана тән жануарлардың түрлерін ата.
10 Тынық мұхиттың қай аудандарында теңіз дауылдары соғады?
11 Тынық мұхитты адамдар қандай қажетіне пайдаланады?
• Картамен жұмыс.
1 Тынық мұхиттың географиялық орнына сипаттама бер.
2 Тынық мұхиттың ең терең бөлігін картадан көрсет.
3 Тынық мұхиттың ең басты жылы, суық ағыстарын картадан тауып,олардың материк табиғатына тигізетін әсері туралы айтып бер.
4 Тынық мұхит сулары қандай материк жағалауларына ұласады?
• Тест алу.
1 Тынық мұхит арқылы алғаш жүзіп өткен қандай саяхатшыны білесің?
а) Ф.Магеллан ә) Тур Хейердал б) Жак Ив Кусто
2 Тынық мұхит басқа мұхит суларымен қалай жалғасқан?
а) Шығанақ ә) Теңіз б) Бұғаз.
3 Тынық мұхиттың алып жатқан ауданы.
а) 178,6 млн. км 2. ә) 169,6 млн. км 2. б) 170,6 млн. км 2.
4 Тынық мұхиттың ені батыстан шығысқа қарай қанша км-ге созылып жатыр?
а) 19 мың км-ге. ә) 16 мың км-ге. б) 15 мың км-ге.
5 Тынық мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша км-ге созылып жатыр?
а) 19 мың км-ге. ә) 16 мың км-ге. б) 15 мың км-ге.
6 Тынық мұхиттағы судың көлемі қанша?
а) 778 млн. км 3. ә) 706 млн. км 3. б) 710 млн. км 3.
7 Мариана шұңғымасы қанша метр тереңдікте орналасқан?
а) 11000 м ә) 11020 м. б) 11022 м.
8 Мұхиттың орташа тереңдігі қанша метрге жуық?
а) 4000м-ге ә) 3800м-ге б) 4200м-ге
9 Мұхит суының орташа температурасы қанша?
а) + 19,40С; ә) + 18,40С; б) + 17,40С; .
10 Тынық мұхиттағы аралдардың саны қанша?
а) 10 мың-нан аса. ә) 12 мың-нан аса.. б) 9 мың-нан аса.
Жаңа сабақ. I. Қызығушылықты ояту.
Ойлану «ой шақыру» стратегиясы.
Тұтасып жатқан көк айдын,
Бірімен бірі жалғақан.
Көлігің болар кемеден,
Саяхаттасаң егер сен.
Ж. (Мұхит)




2 Мағынаны тану сатысы.





3 Дәптерге түртіп алу стратегиясы. Мұхит аралдарын мекендеген халықтар жайында қысқаша бейне баяннан көрген қажетті дүниелерін дәптерлеріне түртіп алады.

V Бекіту.
БҮҮ кестесі.
Р/С Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді


IV. Жаңа сабақты қорытындылау.

VI Бағалау. Оқушылар жиған фигураларын қосып санап,төмендегі балдық көрсеткіш бойынша бағаланады.

орта жоғары өте жоғары

20-25 балл «5»
15-20 балл «4»
10-15 балл «3»
3-10 балл «2»

VII Үйге тапсырма беру. Тақырыпты оқып, мұхит аралдарындағы ең ірі,шаруашылығы жақсы дамыған ел Жаңа Зеландияға шағын әңгіме жазу.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
Жаушықұм ауылы Тәрбие.орг сайтынан Мұхит аралдары Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тилеубекова Сара Анарбекқызы

Пікірлер: 0

avatar