Оңтүстік Американың табиғат зоналары

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 635
  • Географиядан ашық сабақтар
  • 09/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19943


Күні : Сынып 7 Пәні География
Тақырыбы Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Мақсаты Оқушыларды Оңтүстік Американың табиғат зоналарымен таныстыру,жаңа терминдерге анықтама беруге ,атлас және кескін картамен жұмыс жасауын дағдыландыру.
Оқыту нәтижесі: Оңтүстік Американың табиғат зоналарының түрлерін біледі.
Сілтеме Интернет материалдары, карта, бейнеролик,география оқулығы.
Сабақтағы әдіс-тәсілдер Блум таксономиясы,Кластер әдісі,Зигзаг әдісі.
Уақыт Сабақтың кезеңдері Мұғалімдер әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар
1 мин Ұйымдастыру.
Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылармен амандасып, топқа бөлу.Көңілімізді көтеру үшін бір-бірімізге қарап күлімсіреу.
Әр топта топ басшысын,эколог,биолог,жануартанушылар,топырақтанушылар және климатологтарды тағайындап алады. Оқушылар 4-топқа топтасады. Мұхит жануарлары бейнеленген кеспе қағаздар.

5 мин Кластер әдісі. Бүгін біз Оңтүстік Америка материгіне саяхатымызды сабағымызда жалғастырамыз.Оңтүстік Америка туралы қандай тақырыптарды өттік?
Ішкі сулары тақырыбынан кейін қай тақырыпты өтетін едік?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы?

Табиғат зоналары дегенде қандай сөз тіркестері есімізге түседі,осы сөзге ассоциацияны табайық.
Оқушылар,сонымен табиғат зонасы дегеніміз не?
Табиғат зонасы не екенін білдік,ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсатын да айқындайық. ФГ орны,зерттелу тарихы,климаты,ішкі сулары.
Табиғат зоналары.
Оңтүстік Американың табиғат зоналары.
Табиғат зонасы-өзіне тән климатымен,топырағымен,өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді.
Оңтүстік Американың табиғат зонасының орналасуы,өсімдіктерінің түрлері,қандай жануарлар мекендейтінін анықтау. А-3 форматтағы қағаз, маркер
2 мин Білу. Атласпен жұмыс.
Оңтүстік Америка материгі қай табиғат зонасында орналасқанын анықта.
Қай табиғат зонасының көлемі үлкен? Оқушылар атласпен жұмыс жасап,табиғат зонасын анықтау.

Ылғалды экваторлық орман. Атлас карталар,
оқулық
5 -7 мин Түсіну Тақтада бірнеше терминдер жазылып тұр,сабақ барысында сол терминдерге анықтама беріп отырамыз.Олар:гилея,льянос,
кампос,пампа,сельвас.Бүгін 4 топта жұмыс жүргіземіз.
1-топ: ылғалды экваторлық орман
2-топ:саванна,сирек орман.
3-топ:дала зонасы.
4-топ:шөлейт зонасы. Оқушылар оқулықтағы мәліметті пайдаланып,постерге табиғат зонасына сипаттама береді.

Дүние жүзінің табиғат зоналар картасынан ОА-ның табиғат зоналарын көрсетеді. Дүние жүзінің табиғат зоналар картасы,ОА-ның картасы.
8 мин Қолдану. Әр топтағы биологтар,климатологтар,жануартанушылар,топырақтанушылар және экологтар топтасып отырады.Оларға Оңтүстік Американың табиғат зонасының кестесін ақылдасып толтырады. Әр топтағы ғалымдар шығып әр зонаның ерекшелігін айтады.. А-3 қағазы,
оқулық
1 мин Сергіту сәті. Оқушыларды ортаға шығарып сергіту. Оқушылар ортаға шығып көңілді әуенге билейді. Бейнеролик.
4 мин Талдау. Оқушыларға Оңтүстік Американың экологиясы туралы бейнефильм көрсетіледі.Сол бейнефильмді және қосымша мәліметті пайдаланып эколог материктің экологиялық жағдайы туралы баяндайды. Эколог-оқушы материктің жағдайы туралы баяндайды. Бейнефильм.
5 мин Жинақтау Сандық жұмбақтар ойыны .12 сұрақтар қойылады,жауап ретінде суреті шығады.Мұғалім бүгінгі тақырыпты қорытындылайды.Жаңа терминдердің анықтамасын сұрайды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Жаңа танысқан терминдерге анықтама береді. Слайдтар.
2 мин Бағалау Топ басшылары табыс критерийлеріне сүйеніп ,топ мүшелерін бағалайды. Бағалау парақшасы.
Оқушылармен кері байланыс Әр топтан бір оқушы тілек айту.
2 мин «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арнлаған нұсқаулық.
2.Мұхиттар мен материктер географиясы.7-сынып. Тәрбие.орг сайтынан Оңтүстік Американың табиғат зоналары Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Багитова Нұртолқын Бағытқызы

Атырау Облысы Махамбет ауданы Чкалов атындағы орта мектеп география пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar