Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қызыл кітап беттерінен тұспал сұрақтар топтамасы.
  • 09.05.2016
  • 355 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18959

Экономикалық және әлеуметтік география пәні бойынша құрылған емтихан билеттері

Қызыл кітап беттерінен тұспал сұрақтар топтамасы.

1.Қызыл кітапқа 125 жануар түрі енгізілген.Мемлекетіміздің зоологтары барлық жануалар түрін бақылауға алған. Олар дер кезінде жануарлар санының кеміп бара жатқандығы және байқалған өзгерістер туралы ақпарат беріп тұрады. Қызыл кітапқа тіркелген 40 сүтқоректілердің ішінде жойылып кетті деп есепке ілінген қандай жануарды білесің?
(Қызыл қасқыр)

2.Бұрын да Қазақстанда едәуір болған бұл құс соңғы 10жылда өте сирек кездесетіні сондай,оған жойылып кету қаупі төнгендей болды.
Негізгі себептері: Ересек құстар мен олардың балапандарының арабтарға сату үшін жаппай ұстауы.Бұл құстарды аулауға тиым салып оларды сақтап қалу үшін халықаралық келісім шарт жасау керек дейді ғалымдар.
Бұл қай құс?
(Ителгі)
3.Қазақстанда тек Қызылқұмда ғана мекендейді.Саны аз және екі түрлі себептен: Тіршілік мекенінің азып-тозуы (жер жырту,мал жаю) мен адамдардың тікелей жоюынан (халық арасында бұл бақытсыздық әкеледі.Деген сенім бар.) саны азаюда.Қызылқұм қорығын ұйымдастыру керек дейді ғалымдар.
(Келес кесіртке)
4. Жойылып кету қарсаңында (республикамызда жойылып кету де ықтимал) тұрған Сырдария өзенінде кездесетін бірден-бір түр.Қазақстанда соңғы 25жылдан бері бар жоғы белгісіз, десе де оны 1969 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасында аулаған.Қолдан өсіріп,бұл балықтың тіршілігіне қолайлы жерлерді тауып,сонда жіберу қажет деп отыр ғалымдар.Бұл қандай балық?
(Сырдария тас бекіресі)
5.Бұл құс шөлді аймаққа тән.Бұл құсқа төнетін негізгі қауіп-ұялайтын жерлеріне ұшып келіп-қайту кезеңдерінде және қыстайтын қоныстарында қырып-жоюы.Бетпақдала мен Қызылқұмда қорықтар ашып,өзіне тән ерекшелігі бар бұл түрді сақтау құралы халықаралық келісімдерді қатал орындау керек.Бұл қандай құс?
(Жорға дуадақ)
6.Гепард тұқымдасына жататындар: Қарбарысы, түркістан сілеусіні, шағыл мысығы, сабаншы бұлар үшінші сатыдағы жануарлар саналады.Осы аталған жануарлардан өзге, гепард тұқымдасына жататын, саны жағынан азайып бара жатқан жануарды ата.
(Қарақал)

Экономикалық және әлеуметтік география пәні бойынша құрылған емтихан билеттері Тәрбие.орг сайтынан Қызыл кітап беттерінен тұспал сұрақтар топтамасы. Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сара Тилеубекова Анарбекқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Географиядан ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 355 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar