Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 521
  • Географиядан ашық сабақтар
  • 24/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20202


«Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты» КММ
География пәні мұғалімі Асанова Салтанат Моминжановна
Сыныбы: 7 «Б»
2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі:
Оқушыларға жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлерді айта отырып, қоршаған ортаға тигізетін әсерін түсіндіру
2. Дамытушылығы:
Оқушыларды сабаққа белсенді
қатыстырып ой өрісін, ойлау қабілеттерін
арттыру.
3. Тәрбиелілігі:
Оқушыларды табиғаттың тосын апаттарынан сақ болуға, табиғатты қорғауға ұғындыруға.
Көрнекі құралдар:
Дүние жүзінің физикалық картасы, кескін карта, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі:
Жай сабақ, жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі:
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Тарих, жаратылыстану, физика.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықты қадағалау
б) психологиялық дайындық

II. Тіл бұрышымен жұмыс:
Т-дыбысы
Та ата та ат от
Табақ, Табан, Табиғат
Суреттермен сөйлем құрастыр: тарақ, теледидар, тау
Таудың табиғаты тамаша
ІІІ. Күнделікті сөздер:
- Сен қалай естисің?
- 1 желтоқсан қандай мейрам?
- Биыл тәуелсіздікке қанша жыл?
- ЭКСПО 2017 көрмесі қай қалада өтеді?
IV Үй тапсырмасын сқрап бекіту:
1.Жер сілкіну дегеніміз не?
2.Жер бедерінің құрылымын, пішінін не өзгертеді?
3.Эпицентр деп нені атаймыз?
4. Жер сілкінуді зерттейтін ғылым?

Сергіту сәті:
Сенемін-сенбеймін ойыны.
География ғылымының атасы-Геродот.(Эратосфен)
Америкаға саяхатқа аттанған саяхатшы Америго Веспуччи.
Жер - Күн жүйесіндегі ғаламшар
Горизонтальдар биіктіктері әртүрлі нүктелерді қосатын түзу сызықтар (бірдей, қисық)
Гидросфера-жердің ауа қабығы (су қабығы)
V.Жаңа сабақ
Жер сілкіну нәтижесінде Жер шарының кей жерлерінде терең жарықтар пайда болады, жер қойнауынан магма жарықтардың бойымен жоғары көтеріліп, жер бетіне төгіледі.Сөйтіп ыстық газ, су буы, жанартау тозаңы, тау жыныстарының сынықтары, күл, лава сыртқа шығып, жанартаулық конустар түзеді.Жер қыртысындағы балқыған магма жоғары көтерілетін өзек жанартау көмейі деп аталады.Көмей жоғарыда тостаған тәріздес ұңғы кратермен аяқталады. Адамзаттың көз алдында атқылап жататын жанартауды сөнбеген жанартаулар деп атайды. Құрлықта осындай 900-ге жуық жанартау бар.Жанартаулық тау жыныстары, конус тәрізді пішіні мен ең басындағы кратері ғана олардың бірт кездегі жанартаулық белсенді әрекеті болғанын білдіреді. Ондай жанартауларды сөнген жанартаулар деп атайды.Кейде сөнген жанартаулар кенеттен атқылай бастайды.Мәселен, біздің заманымыздың 79 жылы Везувий жанартауының кенет атқылауы халыққа зор қасірет әкелді.
Камчатка түбегіндегі Ключи шоқысы да сөнбеген жанартауға жатады. Әлденеше рет атқылаудың нәтижесінде оның конусының биіктігі 4750 метрге жеткен. Этна- Сицилия аралындағы 3380 метр биіктіктегі жанартау. Ол да везувий сияқты әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі.
Магманың температурасы жоғары болғандықтан, ол суды қыздырады, одан бөлініп шығатын газдар суда ериді. Бұл су жер бетіне шығып, бұлақтар, жылғылыр, өзендер түзеді. Олар кейде ыстық бұрқақ түрінде атқылап, бірнеше ондаған метр биіктікке көтеріледі. Бұрқақ атқылайтын мұндай бұлақтарды гейзерлер деп атайды. Гейзер (исланд тілінде – саулау, шапшу, лақ ете түсу) – оқтын – оқтын ыстық су мен бу атқылап тұрат ын су көзі.
Гейзерлер дүниежүзі бойынша ресейде (Камчатка), Исландия, Канадада, АҚШ-та, Жаңа Зеландияда, Жапонияда, Қытайда кездеседі.
Камчаткада Гейзерлер аңғары бар, Бұл аңғарда 20-дан астам ірі және 300-дей ұсақ гейзерлер бар. Ең ірі гейзер – «Великан», оның ыстық суы 40 метр, бу бірнеше жүз метр биіктікке дейін көтеріледі.

Жаңа сабақты пысықтау


Жаңа сабақты бекіту
1. Гейзер дегеніміз не?
2. Сөнген жанартау деп нені атайды?
3. Жанартау көмейін суреттен көрсет.

Қорытынды Тәрбие.орг сайтынан Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Асанова Салтанат Моминжановна

Пікірлер: 0

avatar