Жергілікті жердің жоспары. Шартты белгілер

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 270
  • Географиядан ашық сабақтар
  • 24/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23605


Жергілікті жердің жоспары. Шартты белгілер
5.2.5.1. «Жоспар» және «шартты белгілер»ұғымдарын түсіндіру
5.2.5.2. Шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу
Барлығы: Жер бетінің картада бейнеленуін біледі, шартты белгілердің түрлерін, масштаб, меридиан, параллель ұғымдары туралы түсіну;
Басым көпшілігі: Жергілікті жердің және пландағы нысандардың азимутын табу, географиялық нысандарды түсіру;
Кейбіреулері: Карта бойынша бағыттарды анықтап, арақашықтықты табу;
Оқушылар төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқу мақсатына қол жеткізеді:
Білу: Жер бетінің картада бейнеленуін біледі, шартты белгілердің түрлерін, масштаб, меридиан, параллель ұғымдарын біледі;
Түсіну: Жергілікті жердің және пландағы нысандардың азимутын, географиялық нысандарды табуды үйреніп, түсінеді;
Қолдану: Картадағы бағыттарды анықтап, талдап, жергілікті жердің арақашықтықтығын өлшейді;
Оқылым дағдыларын дамыту: оқушы географиялық дерек көздерін оқиды.
Айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту: Бір-бірінің пікір, ұсыныстарын тыңдайды, мазмұн бойынша толық жауап береді.
Жазылым үшін жүргізілетін жұмыстар: Картамен, жұмыстанады. Мәлімет жинақтайды. Тапсырмалар орындайды. Осы жасаған жұмыстарын сипаттап түсіндіреді.
Пәнге қатысты арнайы лексика мен терминология: жергілікті жердің планы, масштаб, масштаб түрлері, параллель, меридиан, картография, географиялық карталар, азимут, тұсбағдар, шартты белгілер, планшет Тәрбие.орг сайтынан Жергілікті жердің жоспары. Шартты белгілер Географиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-лицей география пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar