Алгоритм түрлері. Сызықтық алгоритм 6 сынып

  • Жүктеулер: 34
  • Көрсетілім: 933
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 30/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23643


Сабақтың мақсаты: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.
Білімділік: Оқушыларға алгоритм типтері, яғни сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер туралы түсініктеме беру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру, алгоритм жайлы білімдерін толықтыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ (топтық жұмыс, жеке жұмыс, практикалық тапсырма орындау, сұрақ-жауап)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық, ұялы телефон,
Күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм типтерін үйреніп,оларды ажырата біледі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушыларды жасырылған сөздер арқылы 3 топқа(сызықтық алгоритм, тармақталған алгоритм, циклдік алгоритм) бөлу,топ басшыларын сайлау, назарын сабаққа аудару.
3. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін "Ұшақ ұшыру" тренингін жасау. А4 қағазынан ұшақ жасатып, оның екі қанатына екі тілек жазып, карсы топқа ұшырады және тілектерін оқиды.
II. Үй тапсырмасын тексеру (Smart құрылғыларды пайдаланып, Kahoot ойыны арқылы тест сұрақтарын қою)
1.Қызығушылығын ояту.
III. Жаңа сабақты түсіндіру: (Слайд)

Алгоритм блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақталу және циклдік түрлерге бөлінеді. Тәрбие.орг сайтынан Алгоритм түрлері. Сызықтық алгоритм 6 сынып Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кожантаева Айгуль Гильмановна

Атырау қаласы. И.Тайманов атындағы орта мектеп информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar