Алгоритм және оның атқарушылары.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 487
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 12/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22794


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән аты: Информатика
Класы: 6 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары
Сабақтың мақсаты: 1. Алгоритм және орындаушы туралы түсінікті кеңейту, оқушыларға алгоритмнің негізгі екенін және оның қолдану аясының кең екендігін көрсету, мысал арқылы алгоритм қасиеттерімен таныстыру; алгоритмді орындау керектігін түйсіну және алгоритм негізінде адам әрекетін автоматтандыру; алгоритмді орындау принципінің мәнін түсіндіре алу; алгоритм командасын орындаушы командасы жүйесімен сәйкестендіру.
2. Оқушылардың алгоритмнің маңыздылығын және қолдану салаларының кеңдігін түсіну, алгоритмдерге тән қасиеттері арқылы қарапайым алгоритмдерді құруды, алгоритмнің формальды орындалу мүмкіндігін түсіну және алгоритм негізінде адам іскерлігінің автоматтандырылуы білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық. Бір – біріне тілек айтып, сәттілік тілеу.
I. Ұйымдастыру.
- Амандасу
- Түгендеу
- Кауіпсіздік ережесін еске түсіру
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.
Алгоритмдi құрайтын қарапайым әрекеттер команда деп аталады. Адам өз өмірінде күн сайын алгоритм кездестiріп отырып, мысалы, мектепке бару үшін де белгілі бір алгоритм орындалады. Сабақты рет - ретімен оқу – бұл да алгоритм, кез келген ойын да белгiлi бiр ереже бойынша ойналады, бұл да алгоритм болып табылады. Кейбір мәселелерді шешу жолында жетiстiктерге жету де ол да - алгоритм.
Алгоритм – бұл есептер шешiмiн табуға мүмкiндiк беретiн әрекеттер тiзбегiн түсiнiктi, әрі айқын түрде сипаттау.
Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.
Алгоритм ұйғарымдары сондай - ақ команда деп те аталады. Әрбір алгоритм белгілі бір орындаушыға, орындаушының осы алгоритм командаларын түсінуіне есептелген. Орындаушының орындауы мүмкін командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.
Мысалы:
Оқушыларға компьютерді қосуға көмектеседі.
Тоқты ажырату
Компьютердің құрылғыларын тексеріп алу
Компьютерді сөндіру
Компьютердің қосу батырмасын басу
Компьютердің токтарын электр көзіне жалғау
Алгоритм орындаушысы дегеніміз – құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект. Көбіне алгоритм орындаушысы - АДАМ. Адам орындайтын алгоритмдердің санында шек жоқ. Өйткені адам жасайтын әрбір әрекетті алгоритм деп қарастыра аламыз. Мысалы: таңертең тұрғаннан кешке ұйқыға кеткенше жасалатын бар шаруалар, тамақтану, үй жинау, су тасу, сабақ оқу, жұмысқа келу бәрі – бәрі.
ІҮ. Тапсырма орындау:
1. Тапсырма
Бұйрық номері Алгоритмнің бұйрығы Бұйрықтың орындалу нәтижесі
1 Қарындашты ал
2 Шардың суретін сал
3 Шарды боя
4 Қарындашты орнына қой
5 Соңы

2. Берiлген әрекеттердiң қайсысы алгоритм болып табылады?
1. Үлкен дөңгелек сал. Оның үстiне орташа дөңгелек сал. Орташа дөңгелектiң үстiне кiшкене дөңгелек сал. Ең жоғарғы бөлiгiне шелектiң суретiн сал. (………….)
2. Патша бұйрығы: «Мен бiлмейтiн жаққа бар, мен бiлмейтiн затты әкел» (………………..)
3. Жазу: «Ластама!» (……………)
4. Бiрiншi санды ал. Оған екiншi санды қос. Нәтижесiн екiге көбейт. Жауабын жаз. (………………)
3. Тапсырма
Қайықшы өзеннің бір жағасынан екінші жағасына қасқырды,ешкіні және қырыққабатты жеткізуі керек. Бірақ қайыққа біреуін ғана отырғыза алады. Жағада қасқыр мен ешкіні немесе ешкі мен қырыққабатты бірге қалдыруға болмайды, өйткені бірін - бірі жеп қояды.
Не істеу керек? Алгоритм құр.

Ү. Жаңа тақырыпты бекіту
Тест тапсырмалары
1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан
Б) Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан
В) әл-Фараби атының латынша айтылуынан
2. Алгоритм дегеніміз не?
А) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар
Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым
В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау
3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет
А) алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі
Б) алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы
В) алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы
4.Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер:
А) Жазу үстелі
В) Адам
С) Ыдыс жуатын машина
Д) Робот
5. Кез – келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер
А) Бітіру
В) Алгоритмдегі іс –әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық
С) Соңы
ҮІ. Қорытындылау . Тірек сызба толтыру.


Алгоритм қасиеттері


ҮІІ. Оқушыларды бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Алгоритм және оның атқарушылары мазмұндау, «16 Желтоқсан» тақырыбына алгоритм құрып келу. Тәрбие.орг сайтынан Алгоритм және оның атқарушылары. Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бектурганова Эльмира Муктархановна

ШҚО Аягөз қаласы Ақтоғай стансасы "№8 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ Информатика пән мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar