Алгоритмнің түрлері. Тармақталған алгоритм.

  • Жүктеулер: 23
  • Көрсетілім: 1023
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 10/Янв/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23649


Күні: 24.11.17ж
Сыныбы: 6 «а»
Пәні: информатика
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмнің түрлері. Тармақталған алгоритм
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік: алгоритм түрлерімен таныстыру, тармақталған алгоритм құруды үйрету.
Ә)Дамытушылық: жаңа сабақты меңгерте отырып,оқушылардың ой -өрісін
дамыту, белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру
Б)Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Ойланайық» сұрақ-жауап
Тест жұмысы
III.Тапсырмалар
IV. Жаңа сабақ
V7Қорытындылау.
VI. Білімгерлердің білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасығсыныптың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмнің орындаушысына анықтама беріңдер?
3. Алгоритмнің жазылу формалары нешеге бөлінеді?
4. Блок – сызба дегеніміз не?
5. Алгоритм неше түрге бөлінеді?
Тест жұмысы
Алгоритм дегеніміз-...
А) іс – әрекет
В) толық сипатталған тапсырма
С) берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы
Д) математикалық есептің шешілуі
2. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?
А) техникалық қауіпсіздік ережесі В) аспаздық рецепт С) сабақ кестесі Д) сынып тізімі
3.Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер;
А) жазу үстелі В) адам С) ыдыс жуатын машина Д) робот
4. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер
А) бітіру В) алгоритмдегі іс – әрекетті аяқтайтын кез – келген бұйрық С) орындау
Д) соңы
5.Ұсынылғандардың ішінен алгоритм формаларына жатпайтынын көрсетіңдер:
А) сөздік В) графикалық С) алгоритмдік тілдеД) ағылшын тілінде
6. Блок сызба алгоритміндегі іс – әрекет дегеніміз
А) эллипс (сопақша шеңбер) В)тік төртбұрыш С) ромб Д) алтыбұрыш
7. Блок – сызба алгоритміндегі енгізу-шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі?
А) эллипс (сопақша шеңбер) В)тік төртбұрыш С) ромб Д) параллелограмм
8. Блок сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі
А) эллипс (сопақша шеңбер) В) тіктөрбұрыш С) ромб Д) параллелограмм
«Бутерброд» алгоритмін құру топпен
ІІІ.Жаңа сабақ
Алгоритмнің екінші түрі тармақталған алгоритм (слайд 9.)
Тармақталған алгоритм: толық және толық емес тармақ болып екіге бөлінеді.
Тармақталған алгоритм– бұл шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм.
Шартты тексеру блогын блок – сызбада ромбымен таңбалаймыз.

Сөз арасындағы ақиқат немесе жалған мәндерін қабылдайтын “егер” ,“онда” және “әйтпесе” сөздері шарт деп аталады.
Мысал «Қолшатыр алу алгоритмі» толық тармақталған және толық тармақталмаған түріне келтіру.
Тапсырма №1
Тармақталу алгоритмінің толық түрін беру үшін «Киноға» бару алгоритмін қарастыр.
Сергіту сәті
Логикалық сұрақтардың жауабын қазақша,орысша,ағылшынша айту керек.
Практикалықтапсырма №2
Мына фигураларды компьютерде Paintпрограммасында сал. Фигураларды боя. Атауларың ата.


V. Сабақты қорытындылау
«Сенемін, сенбеймін» стратегиясы

№ Тұжырымдар «+» -сенемін,
«-» сенбеймін
1. Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.
2. Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.
3. Кез келген алгоритм «басы» деген бұйрықпен бітеді.
4. Шартты тексеру блогын блок – сызбада ромбымен таңбаланады.
5. Блок-сызбада әр іс-әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады.
6. Тармақталған алгоритмнің 3 түрі
7. Алгоритмді графиктік түрде кескіндегенде алгоритмнің басы және соңы эллипспен беріледі.

Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау

Үйге тапсырма Тәрбие.орг сайтынан Алгоритмнің түрлері. Тармақталған алгоритм. Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекмагамбетова Аругуль Жаксылыковна

БҚО, Бқрлі ауданы Ақсай қаласы№2ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar