Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 645
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 19/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19498


Күні: Пән:Информатика Сынып:5 «ә» Мұғалім: Айтжанова Ү.И
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Word Pad мәтіндік редакторы жайлы мәлеметпен танысып,мәтіннің құрылымын,құжаттың құрылымын құруға,ашуға,сақтауға үйрену.
Дамытушылық:Логикалық ойлауымен компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер,слайд,интерактивті тақта,бейнематериал,плакаттар,стикер.
Сабақтың әдісі: Көрсете түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, ойын элементтері,топтық,жекелей.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі,математика,орыс тілі,ағылшын
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Психологиялық ахуал.(сергіту сәті) 2мин
4. Топқа бөлу.(Оқушыларды суреттер арқылы III-топқа бөлу) 3мин
5. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.(Бейнематериал арқылы)1 мин
6. Бағалау парағының критеррийлерімен танысу.1 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3 мин
Үй тапсырмасын тексеру .Әр топқа өткен тақырып бойынша 3 сұрақтан таратып беріледі. Бағалау парағына белгілейді.
Ақпарат және компьютер бөлімінің сұрақтары:
1. «Ақпарат» сөзі латынның қай сөзінен аударылған?
2. Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыз.
3. Компьютер құрылғыларының қайсысы негізгі және қайсысы қосалқы құрылғыларға жататынып атап беріңіз.
Ақпарат және компьютер бөлімінің жауаптары:
1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын білдіретін information сөзінен шыққан.
2. Бит, Байт, Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт.
3. Компьютердің негізгі құрылғылары: жүйелік блок, монитор, пернетақта және компьютердің қосалқы құрылғылары: тышқан, колонкалар, принтер, сканер, т.б.
Компьютер құрылымы сұрақтары:
1. Дербес компьютер неше бөліктен тұрады?
2. Пернетақта дегеніміз не?
3. Процессор дегеніз не?
Компьютер құрылымы жауаптары:
1. 3 бөліктен тұрады. (ақпаратты шығару-Монитор,Ақпаратты еңгізу-пернетақта,ақпаратты өңдеу және сақтау-жүйелік блок)
2. Компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы.
3. Жүйелік блоктың «миы».
Қарапайым графикалық редактор бөлімінің сұрақтары:
1. «Paint» бағдарламасының ашылу жолы?
2. «Paint» дегеніміз не?
3. Берілген суретті 90º-қа бұру үшін қандай команда орындалады?
Қарапайым графикалық редактор бөлімінің жауаптары:
1. Пуск  Все программы  Стандартные  Paint.
2. (ағылшынша сурет,сурет салу)-бұл растрлық (нүктелерден тұратын)бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
3. Рисунок  Отразить/Повернуть  Повернуть на угол  90º  ОК.
III.Топтық жұмыс «Мен ерекше компьютермін» 5 мин
Балаларға алдарында жатқан плакатқа берілген суреттерден «Мен ерекше компьютермін» шағын ертегі құрау.Монитор-Принтер-Колонка-USB
ІV. Жаңа сабақ. 10 мин
Жаңа сабаққа кіріспе әңгіме.
Қазір,жаһандану заманы.Сол себептен біздер нені жақсы меңгері керекпіз? Қалай ойлайсыздар? (Компьютерді) Ендеше балалар біз компьютерді жай ғана меңгеріп,ойындар ойнап қоймай,оны сауатты түрде меңгеру керекпіз.
Тақырыпты ашу мақсатында кішігірім бейнематериал көрсетіледі.Балаларға сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.(БЕЙНЕМАТЕРИАЛ)
Сабақтың тақырыбы:Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.
Сабақтың мақсаты: Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәләмет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға үйрету.
Оқушылардың редактормен қаншалықты таныс екенін зерттеу мақсатында редактордың іске қосылу жолы, терезе элементтері, құрал саймандардың қолданылу мақсаттары және құжатты сақтау жолы алдымен оқушылардан сұралады.
Word Pad мәтіндік редакторы
Пуск Бастау 
Все Барлық программалар 
Стандартные 
Word Pad - командасы арқылы іске қосылады. Word Pad бағдарлама-сының ашылу жолы интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.

Ашылған редактор терезесінен терезе элементтері көрсетемін.
Терезе элементтері:
• Тақырып жолы;
• Мәзір жолы;
• Құрал–саймандар және пішімдеу тақтасы;
• Сызғыш;
• Абзац шегінісі маркері;
• Меңзер немесе енгізу нүктесі;
• Жұмыс аймағы.

Құрылған құжатты сақтау үшін
WordPad 
Сохранить как...Қалай сақтау 
Сохранить Сақтау– командасы орын-далады.
WordPad 
Қалай сақтау Сохранить как... командасынан кейін ашылған диалогтік терезеде құжатты қай жерге және қандай атпен сақтайтынымызды көрсетіп
Сохранить Сақтау батырмасын басу арқылы сақтаймыз.

Word Pad мәтіндік редакторында жұмысты аяқтаған соң редактордан шығу жолы: Пуск Бастау Выход Шығу командасы орындалады.



Кітаптың 153 бетін ашамыз V Тарау. Ал енді балығымыз Мәтіндік редактор дегеніміз не ? деген сұраққа жауап іздейміз.

Ү. Практикалық жұмыс. (Жеке) Деңгейлік тапсырмалар.10 мин
Практикалық жұмысқа алдын ала А4 форматында дайындалған деңгейлік тапсырмалары бар қағаздар үлестіріледі. Тапсырмалар шарты бойынша берілген мәтінді WordPad мәтіндік редакторында теріп, мәтіннің күйін өзгертулері қажет.
ҚЫС.
Қар көп жауып, нағыз қыс болды. Күн қысқарып, түн ұзарған кез.

Тапсырма №1
Мәтінді WordPad мәтіндік редакторында теріңдер.

Тапсырма №2
Мәтін тақырыбын жартылай қалыңдатып, мәтіннің түсін өзгертіңдер.

Тапсырма №3
Мәтін тақырыбын бас әріппен,бірінші сөйлемді қаріп өлшемі 18, ал екінші сөйлем, қаріп өлшемі 14 болатындай етіп түзетіңдер. Мәтінді «Қыс» тақырыбымен сақтаңдар.
Тақтада практикалық жұмыс бойынша критериялдық бағалау парағы тұрады.

Көзге арналған «Гимнастика» Бейнематериал
ҮI. Жаңа сабақты бекіту: «Футбол» ойыны:3 мин
Ойынның сұрақтары:
1) WordPad бағдарламасын іске қосу жолы?
2) Құжатты сақтау жолы?
3) Мәтін түсін өзгерту командасы қай жолда орналасқан?
4) Қаріпті өзгерту командасы қай жолда орналасқан?
5) WordPad бағдарламасындағы негізгі элементтер
6) WordPad бағдарламасын жабудың неше жолы бар?
(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада футбол қақпасы және 6 доп беріледі. Әр допта WordPad бағдарламасына сәйкес сұрақтар беріледі. Оқушы қалаған добын таңдайды және сұраққа жауап береді.)
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау: «Кім жылдам?» ойыны арқылы 3 мин
ENTER Енгізу
SHIFT Үлкен не кіші әріптерді ауыстыру
DELETE Меңзердің оң жағындағы әріпті өшіру
ALT Арнайы әрекеттер үшін
CTRL Арнайы әрекеттер үшін
ESC -Болдырмау
Paint-сурет,сурет салу
DVD,CD- диск түрлері
Copy-копия
END-соңы
USB-
TAB-мәтінді жылжыту
Wordpad-Қарапайым мәтіндік редактор
ҮІІ. Үй тапсырмасы: 1 мин
1. Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.
2. Үйден «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында шағын шығарма жазып келу. (Шығарманы келесі сабақта компьютерге енгізіп, мәтінмен жұмыс жасалады.)

ҮІІІ. Рефлексия «Бағдаршам»1 мин

Бағдаршам
Бүгінгі сабаққа дейін Wordpad жайлы не білдім?(Жасыл стикер) Бүгін не үйрендім?Қандай қиындықтар кездесті?Бірақ жеңе білдім.(Сары стикер) Алдағы уақытта не үйренгім келеді?(қызыл стикер)





VIIII. Бағалау 2 мин

Қосымша тапсырма: Әр топ Wordpad документіне «топ атын» жазып,сақтау.USB флэш құрылғысына салу



«Мирас» көпбейінді мектеп гимназиясы





Тақырыбы:

Қарапайым мәтіндік редактор.
Редактор интерфейсі.

2016 жыл Тәрбие.орг сайтынан Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі. Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айтжанова Үміт Исаханқызы

Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласы №7 мектеп-лицейі информатика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar