АРИФМЕТИКАЛЫҚ ӨРНЕКТЕРДІ ЖАЗУ ЕРЕЖЕСІ

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 408
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 17/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20072


Берілген уақыт Пәні: Информатика Мерзімі: 27.12.2015 жыл Сыныбы: 7«Г»
Сабақтың тақырыбы: 1. Паскаль программалау тілінде өрнектерді жазу
Сабақтың реті: 12-сабақ
Жалпы сабақтың мақсаты: Математикалық өрнек жайлы мәлімет алады. Паскаль программалау тілінде арифметикалық өрнектерді жазуды үйренеді.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Оқушылар математикалық өрнек жайлы мағлұмат алады.
- өрнектерді Паскаль программалау тілінде жаза алады;
- қате жазылған өрнектерді түзете алады;

Түйінді идеялар: Математикалық өрнектерді пайдалана отырып, Паскаль программалау тілінде программа құруды меңгеруі
Сабақты ұйымдастыру түрі: Тренинг-тәжірибе
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сәлемдесу, айналмалы бекет, ойлан, бірік, бөліс әдісі, ыстық орындық, анкета
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: Интерактивті тақта, ғаламтор, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер
І Қызығушылығын оятукезеңі:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
2 мин 1-әрекет . Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Сергіту жаттығуын жасату Сергіту жаттығуы
3 мин 2-әрекет . «Геометриялық фигуралар» арқылы топқа бөлу.
Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады
5 мин 3-әрекет. «Айналмалы бекет» әдісімен үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар әр топқа берілген сұраққа жауап беріп топтарды айналып шығады, соңында өз тобындағы жазылған жауаптарды түйіндеп, топтан бір адам жауап береді
1 мин 4-әрекет . Жауаптар «Бағдаршам» арқылы бағаланады Топтар бір – бірінің жауабын түрлі-түсті қағаздарды пайдалану арқылы бағалайды
ІІ Мағынаны ажырату кезеңі
3 мин 5-әрекет. Топтық жұмыс: Интербелсенді тақтадан жаңа сабаққа байланысты, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі бойынша слайд көрсетеді
Слайдтағы материалдарды талқылау арқылы, жаңа сабақтың мағынасын ажыратады
3 мин 6- әрекет. Жеке жұмыс. «Түртіп ал» әдісі бойынша дәптерге мәлімет жаздыру Интербелсенді тақтада көрсетілген мәліметтерді оқушылар дәптерлеріне жазады.
10 мин 7-әрекет. Топтық жұмыс: «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы топтық жұмыста берілген есептердің қатесін түзету
Оқушылар топта конверттегі берілген есептің қатесін түзейді және талқылайды

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
10 мин 8-әрекет . Жеке жұмыс: «Ой қозғау» әдісі бойынша өз беттерімен өрнек құрады Оқушылар өз жұмыстарын топта жариялайды, талқылайды
1 мин 9-әрекет . Бағалау Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын орындарын ауыстыру арқылы бағалайды

10-әрекет . Үй тапсырмасы Үйге осы тақырыптарда кеңінен ізденіп келу.

3 мин 11-әрекет . «Ыстық орындық» әдісі бойынша белсенді оқушыны марапаттау Оқушылар ең белсенді оқушыны анықтап, «Ыстық орындыққа» отырғызады, оған бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды, сыйлық беріледі
2 мин 12-әрекет. Жеке жұмыс:
«Анкета» әдісі бойынша кері байланыс жасату
Оқушылар күтілетін нәтижеге ойларын анық жеткізеді, бірін-бірі бағалай алады.
Оқушылар анкета толтыру арқылы кері байланыс жасайды.

Мұғалім Алматы қаласы Алатау ауданы
№26 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі
Жиенбаева Әлия Нәсілжанқызы Тәрбие.орг сайтынан АРИФМЕТИКАЛЫҚ ӨРНЕКТЕРДІ ЖАЗУ ЕРЕЖЕСІ Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: ЖИЕНБАЕВА ӘЛИЯ НӘСІЛЖАНҚЫЗЫ

Алматы қаласы Алатау ауданы №26 ЖББМ Информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar