Дербес компьютер. Компьютердің құрылғылары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 76
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23244


Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютердің құрылғылары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дербес компьютер және оның құрылғылары туралы нақты білім беру.
Дамытушылық: Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Еңбекті сүйе білуге, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Дербес компьютер, оқулық, электронды оқулық, интерактивті тақта, плакаттар, тесттер, үлестіріліп берілетін сұрақтар, тапсырмалар

Әдебиеттер: В. Б. Симонович «Информатика базовый курс»
«Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. «Microsoft Word текстовый редактор» Питер. 2001 ж. OC Windows 98, 2000, XP Питер. 2001 ж. В.А. Каймин «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии» «Всемирная паутина WWW» Питер. 2001 ж. В.А. Каймин т. б. «Основы информатики и вычислительной техники»
10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвещение» 1989 ж.
В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» «Microsoft Access» Питер. 2000 ж.
Информатикадан 30 сабақ. Е.Қ. Балапанов Алматы ЖТИ 2004

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі :(2 мин)
1) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеремін.
2) Сабаққа дайындығына назар аударамын және мақсатын хабарлаймын.

ІІ. 1. "Ой сергіту" кезеңі. Студенттердің білім деңгейін және үй тапсырмасының орындалуын тексеру. (20 мин)
1. Ең ерте заманғы есептеу құралы қалай аталады?
2. Есепшот Ресейде қай ғасырлары пайда болған?
3. «Компьютердің атасы» атанған ғалым кім?
4. 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ғалым кім?
5. Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы және қайда жасалды?
6. 1971 жылы алғаш микропроцессорды жасаған АҚШ-тың фирмасын қалай аталады?
2. «Бейне адаптері» тақырыбын қалай меңгергендіктерін байқау үшін «Ғаламшар» ойыны арқылы сөзжұмбақ ұйымдастырамын.(8 мин)
1. Біртіндеп кезекпен адаптер түрін және оған сәйкес нөмерді таңдаймыз:

MDA 1 2 3 4
CGA 1 2 3 4
EGA 1 2 3 4
VGA 1 2 3 4
SVGA 1 2 3 4
MDA
1. MDA сөзінің толық айтылуы (Monochrome Display Adapter)
2. MDA қандай режимде жұмыс істейді? (текстік режимде)
3. MDA символдар рұқсаттылығы (80х25)
4. MDA-да текстің неше атрибуты бар? (5)
CGA
1. CGA-дың текстік режимде символдар рұқсаттылығы (40х25 және 80х25)
2. CGA сөзінің толық айтылуы (Color Graphics Adapter)
3. CGA-дың графиктік режимде символдар рұқсаттылығы (320х240 немесе 640х200)
4. CGA-да текстік режимде символдың неше атрибуты бар? (256)
EGA
1. EGA рұқсаттылығы (640х350)
2. EGA-де түстер саны (64)
3. EGA сөзінің толық айтылуы (Enhanced Graphics Adapter)
4.1 дюйм неге тең? (2,54 см)
VGA
1. VGA рұқсаттылығы (640х480)
2. VGA символдық режимде түстер саны (негізгі 16-мен шектелген)
3. VGA түстер саны (256)
4. VGA сөзінің толық айтылуы (Video Graphics Array)
SVGA
1. SVGA сөзінің толық айтылуы (Super VGA)
2. SVGA рұқсаттылығы (800х600, 1024х768, 1152х864, 1280х1024, 1600х1200)
3. SVGA түстер диапазоны (65536 (High Color) және 16,7 млн (True Color))
4. Бейнежады көлемін есептеу формуласы (Р=((m*n)*b)/8)
2. Енді экранға назар аударып, қандай бейнежады бейнеленгенін айтайық:
1) 32 Mb DDR ASUS AGP-V7100PRO/GeForce2
2) ASUS AGP-V8170 GeForce4 64 Mb DDR TV-Out

III. "Мағынаны тану" кезеңі. Жаңа сабақты электрондық оқулықпен түсіндіру: (25 мин)
Компьютердің құрылысы
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды – бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз жұмыс істей алады.
Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасында дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тышқан, модем т.б. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.



Жүйелік блок
Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын қамтамасыз етеді. Жүйелі блоктың алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, компакт-дискіден CD-ROM оқитын орналастырылған.
Монитор
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай Монитор деп атайды. Алғаш рет 1982 жылы жасалды.
Процессор
Процессор-ақпараттарды өңдеуге арналған құрылғы. Ол жүйелік блокта орналасқан. Компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”.

Пернетақта
Пернетақта – бұл ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы. Функционал, символдық, цифрлық немесе қосымша, меңзерді басқару пернелерінен тұрады.

Жедел жад
Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады (ОЖҚ). Жедел жад қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе, онда жедел жадтағы барлық ақпарат жойылады.
Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы (ТЖҚ)-бұл компьютердің ішкі жады, оны компьютердің ішіне құрастырушы фирма орнатады. Жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) – ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жады.
Жедел жад екіге бөлінеді

Компьютер сыртқы ортамен қатынасуы үшін, басқа қосымша құрылғылар керек, бұлар – мәліметтерді енгізу мен нәтижелер шығару құрылғылары.
Енгізу-шығару құрылғылары. Бұл құрылғылардың көмегімен компьютерге өңделетін ақпарат енгізіледі, сондай-ақ машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсіне алатын түрде шығарылады.
Енгізу құрылғыларына: пернетақта, тышқан, джойстик, өлшеу аспаптары, жарық түсіретін қалам, сканер жатады.
Шығару құрылғыларына: принтер, дисплей, графиксалғыш жатады.

IV. «Ойға шабуыл» кезеңі. Сергіту сәті (тренинг – Мюнстерберг әдістемесі) (5 мин)

Әріпті мәтін ішінде сөздер бар. Жылдам оқи отырып, сол сөздердің астын сызу қажет.Тапсырманы орындауға 2 минут беріледі.
иорпгнңүбейнегкнаиаіңңғүңсуреттшсұқүгешпламониторрпокаұқмгнен
фяычвсатүсмпипңұіңрыорртоьлбэкрандюжюэъхзщшгнграфикецйәің
әңіғүқөъсимволхзшнгекцуйцфыыпрдюймаопрдлождэюббиткөрумил
іңғіәңүңікпиксельргклвиорынокөздқуповмьвавдоьддисплейдқұңтме

бейне, сурет, монитор
түс, экран, график
символ, дюйм, көру
пиксель, көз, дисплей

V. Сабақты бекіту сұрақтары: (10 мин)
1. Қандай құрылғыларсыз компьютер жұмыс жасамайды?
2. Компьютердің барлық жұмысын басқаратын құрылғы қалай аталады?
3. Жедел жад қандай қызмет атқарады?
4. Компьютерді іске қосқанда алдымен ақпарат қайдан алынады?
5. Енгізу-шығару құрылғыларына нелер жатады?

«Кім білгір?» кезеңі . Жаңа сабақты меңгеруді бақылау үшін арналған тест сұрақтары (компьютерде Hyper Test): (10 мин)

1. Монитор:
А. Мәліметтердің бейнесін баспаға шығаруға арналған құрылғы
В. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы
С. Мәліметтердің бейнесін көшіруге арналған құрылғы
Д. Мәліметтердің бейнесін сақтауға арналған құрылғы
Е. Мәліметтердің бейнесін қиып алуға арналған құрылғы
2. Монитордың негізгі тұтыну параметрлері (қате жолды көрсет):
А. Экранның мөлшері
В. Экран қалқасының қадымы
С. Бейнені жаңартудың максималдық жиілігі
Д. Монитор қызметі
Е. Қорғау класы
3. Экранның мөлшері немен анықталады?
А. Ені бойынша
В. Ұзындығы бойынша
С. Диагоналінің өлшемімен
Д. Қалқа қадымымен
Е. Дұрыс жауабы жоқ
4. Қалқа қадымы немен өлшенеді?
А. мм
В. см
С. м
Д. кг
Е. т
5. Ең көп тараған мониторлардың қалқа қадымы:
А. 25-27мм
В. 0,25-0,27м
С. 0,25-0,27см
Д. 25-27см
Е. 0,25-0,27мм
6. ЭСТ мониторлардың ерекшелігі:
А. Жарықтылығының жақсылығы
В. Бағасының төмендігі
С. Рұқсаттылығы
Д. Дұрыс жауабы жоқ
Е. Барлық жауабы дұрыс
7. СҚ мониторлардың ерекшелігі:
А. Жарықтылығы жақсарды
В. Монитор қалыңдығы кішірейді
С. Рұқсаттылығы төмендеді
Д. Монитор қалыңдығы үлкейді
Е. Дұрыс жауабы жоқ
8. Үлкен өлшемді экрандарды дайындау үшін қолданылатын:
А. ЭСТ мониторлар
В. Монитор қалыңдығы
С. Рұқсаттылығы
Д. Плазменді дисплейлер
Е. СҚ мониторлар
9. 1 дюйм неге тең?
А. 2,54 см
В. 0,25см
С. 2,54мм
Д. 0,25мм
Е. 25,4см
10. Бейнелері күңгірт болатын мониторлар:
А. Активті матрицалы
В. ЭСТ мониторлар
С. Плазменді мониторлар
Д. Монохромды дисплейлер
Е. Пассивті матрицалы

Экрандағы компьютерді қосайық. Мұқият қарап отырыңыздар. Егер де қате жіберілсе, сол қатені тауып, дұрыс қосу жолын айтады. (5 мин)
Мониторларды өндірушілер:
Acer
ADI
Belinea
Bliss
CTX Gpoup
Daewoo
Daytek Electronics Corporation
Digiview Monitors
Hansol
Hewlett-Packard
Hitachi
Hyundai America
IIyama
LG
MAG InnoVision
Magnavox
Mitsubishi Electronics America, Inc.
NEC
Nanao-Eizo
Nokia
Optiquest
Philips
Radius Research
RoverScan
Samsung Electronics
Sony Computing
Tatung
ViewSonic Corporation
Zenith Data Systems
3. Ендігі кезекте экранда қандай монитор бейнеленгенін айтайық:
1) 17” (16”) LG FLATRON 775 FT 1280×1024@60Гц, 0.24, ТСО’95, Hf 30-70кГц, Vf 50-160Гц
2) 15” MONITOR RoverScan F-15 (B) Slim Black (LCD, 1024×768 TCO’95)
6. Сабақ бойынша қорытынды: (5 мин)
1. Студенттердің білімін бағалау (жинаған ұпайларын санау), әр топ басшысы өз тобындағы студенттердің бағалау парағындағы балын санау, олардың ой-пікірін тыңдау
2. Студенттерлің орындаған жұмыстарын бағалау
Рефлексия: «Бағалау ағашы» (3 мин)
Студенттер алған әсерлерін бағалау ағашына жазады.
7. Үй тапсырмасы: (2 мин)
Бүгінгі өтілген тақырыпты қайталап оқып келу. Компьютер құрылғыларына байланысты сөзжұмбақ, ребус құрастыру. Тәрбие.орг сайтынан Дербес компьютер. Компьютердің құрылғылары Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Казыбаева Манат Жаппаровна

ОҚО Мақтарал ауданы Мақтаарал аграрлық колледжі математика және информатика пәні оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar