Деректер базаларымен орындалатын амалдар. Дерек базаларындағы операциялар

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 604
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 22/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19780


Сабақтың тақырыбы: Деректер базаларымен орындалатын амалдар.
Дерек базаларындағы операциялар.
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Дерктер базаларымен орындалатын амалдар, дерек базаларындағы операциялар, дерек базасын компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен
демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық,
практикум.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Деректер базасы дегеніміз не?
2. Деректер базасының сипатталуы бойынша белгілерін атаңдар.
3. Фактографиялык және құжаттық деректер базаларының айырмашылығы неде?
4. Реляциялық деректер базасы деген не?
5. Кестедегі объектілердің арасындағы қатынастардың қандай типтерін білесіңдер?
6. Қандай матрица еьсілік деп аталады?
7. Жазба, жазба өрісі, дегеніміз не?
8. Реляциялық деректер базасында өрістердің қандай типтері пайдаланылады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
ДБ құрылғаннан кейін жазбалармен келесі: жазбаларды қосу және өшіру, түзету, ақпарат іздеуді жүзеге асыру, сұрыптау, сұрау бойынша есеп беру операцияларын орындауға болады. Ақпарат іздеу шарты бойынша жүзеге асырылады. Деректердегі ақпаратты жылдам табу үшін оны сұрыптаған дұрыс. Деректер базасын құрастырғанда оған қандай деректер енгізілетінін, қалай сақталатынын, қандай өрістер түйінді болатынын оларға қалай шығуға болатынын және өрістердің типін анықтау қажет. Бұл процесс деректер базасын жобалау деп аталады. Жобалау компьютердің көмегінсіз жүзеге асырылады. Жобалау бұл деректер базасын теориялық түрде құру.
ДЕРЕК БАЗАСЫН КОМПЬЮТЕРДЕ ӨНДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.
Реляциялық деректер базасымен жұмыс істейтін жүйелер реляциялық ДББЖ деп аталады. Қазіргі кезде дербес компьютерлерге арналған реляциялық типті ДББЖ-нің бірнеше түрі: dBASE, FохРrо, Paradox бар. Місrosoft Office дестесінің Ассеss программасы да бар.

|



ІҮ. Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:
Практикум: 12.4, 12.5, 12.6 тапсырмалар.
Ү. Сабақты бекіту сұрақтары:
1.ДБ-сын жобалаудың міндеттері неден тұрады?
2.ДБ жазбаларымен қандай әрекеттер орындауға болады?
3.Қазіргі кезде компьютерлерге арналған реляциялық типті ДББЖ қандай
түрлерін білсеңідер?
ҮІ. Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру 205 беттегі тапсырма
12.2-тақырып Деректер базаларымен орындалатын амалдар. Деректер базаларындағы операциялар.. Тәрбие.орг сайтынан Деректер базаларымен орындалатын амалдар. Дерек базаларындағы операциялар Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ләйлә Мухатова Шалабаевна

ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы М.Әуезов атындағы орта мектеп Физика-информатика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar