Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Электрондық кестелер кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдары
  • 24.04.2016
  • 409 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18810

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі:Такенова Жаннат Есентемировна
Сыныбы: 8«Б»
Уақыты
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдары.

Сілтеме: Ресурстар, оқулық, қосымша материалдар

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды Excel - дің негізгі графикалық мүмкіндіктерімен таныстыру және құрылған кестеге диаграмма тұрғызуды үйрету;
2.Оқушыларды белсенділікке, Excel бағдарламасын сауатты пайдалануға тәрбиелеу;
3.Оқушылардың компьютерлік бағдарламалар туралы түсініктерін, электронды кестені қолдану дағдыларын дамыту;
Оқыту модульдері АКТ, Оқыту үшін бағалау, сын тұрғысынан ойлау,оқыту

Оқу нәтижесі 1.Электрондық кесте туралы ұғым қалыптасады.
2.Сандық мәліметтер туралы біледі.
3.Кестенің элементтері туралы мағлұмат беріледі.

Түйінді идея Excel электрондық кестесі әртүрлі пішімделген кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Сабақтың жүрісі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық дайындық Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызады Оқушылар өз есімдеріне /қандай? деген сұраққа жауап/ мысал келтіреді.
Балнұр – байсалды,
Дидар – дарынды
Бақытжан – бақытты т.б.с.с.
Қызығушылықты ояту 1) Үй тапсырмасына байланысты үш сұрақ қойылады.
1.Барлық модельдер берілу тәсілдеріне байланысты үлкен неше топқа бөлінеді?Ата.
2.Ақпараттық модельді сипаттау әдістері нешеге бөлінеді?
3.Модельдерді түрлі салаларда қолдану бойынша мысал келтіріңдер. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді
2) Жаңа сабақты ашу үшін тақырыпқа байланысты оқушыларға қызықты мәлімет беріледі, көп нүктенің орнына сөзін тауып жазу керек.
....жылы екі экономист студент ....... және ...... үй
тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және
уақытты үнемденйтін әдіс ойлап табуды шешті.
Олар тарихта бірінші рет ..... бағдарламасын
жазып, оны...... деп атады.Сондықтан барлық ...
бағдарламасы, онын ішінде ... жүзеге асты.

Мағынаны тану Жаңа тақырыпты интерактивті тақтадан көрсету арқылы түсіндіріледі Оқушылар интерактивті тақтадан көрген тапсырманы жұп болып дербес компьютерде орындайды.
Сергіту сәті Музыка ырғағын ұсынады Сергіту сәтін жасайды.

Қорытынды Оқушылар дербес компьютермен орындаған жұмысты жұп болып қорытындылау керек.
Бағалау,рефлексия Оқушылар сабақ туралы өздерінің ұсыныс, ой пікірлерін ,жаңа сабақтан алған білімдерін (қолданамын,білдім,түсіндім) деп стикерге жазып жапсырады.


Қолданам

Білдім

Түсіндім

Үйге тапсырма Бүгінгі тақырыпқа байланысты үйден Excel электрондық программасын пайдаланып ақ бетке кесте құрып келу. Тәрбие.орг сайтынан Электрондық кестелер кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдары Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Такенова Жаннат Есентемировна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 409 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar