ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАП ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 1091
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 11/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18580


Тақырыбы Электронды кітап дегеніміз не?
Мақсаты Кітап - тәрбиенің, білімнің қайнар көзі.Кітап оқу қай заманда да сәннен қалмайды дегенмен,технологияның күннен күнге қарыштап дамып отырған заманында көштен қалуға болмайды. Оқушыларымыз дәуіріне сай алғаны дұрыс. Болашақта техника, электрониканы меңгермеген адам қазіргінің тілімен айтқанда білімсіз, сауатсыз адам болып саналады. Осындай сауатсыздықтан болашақ ұрпағымызды қазірден бастап қорғау біздің міндетіміз. Білімнің көзі мектеп болғандықтан оларды бүгіннен бастап жаңа технологияға, жаңа үрдіске үйреткен дұрыс. Оның бастамасы әрине электронды кітаптар. Электронды кітаппен білім берудің артықшылығы көп. Сауатын ашумен қатар оқушылар өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады. Оның үстіне оқушыларды қалың кітіаптардан гөрі ноутбук, планшеттің қызықтыратыны сөзсіз.
1. Білімділік: Оқушыларға электронды кітаппен кітаппен айырмашылығын түсіндіру. Электронды кітапты пайдалануды үйрету.
2. Дамытушылық: Жаңа технолгиямен өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Слайд, бейнеролик.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Топпен жұмыс Оқушыларды екі топқа бөлу.
І-топ «Электронды кітап»
ІІ-топ «Кітап»
Бейне ролик Электронды кітап дегеніміз не?
Электронды кітап ол бір кітапты ғана емес, қажет десеңіз, сіздің үйіңіздегі бүкіл кітапхананы оңайлықпен алмастыра алатын ыңғайлы және ықшамды электронды құрылғы.Өйткені сіз аталған электронды кітаптан өзіңіздің көзіңізге ыңғайлы мәтін және шрифтің көлемін, тіпті беттердің түсін таңдай аласыз. Қалтаға салып жүруге де болады. Электроника тілінде М-Воок деп аталатын бұл құралды оқуға арналған кішкентай компьютер десекте болады. Оның экраны электронды сия технологиясын қолдану арқылы жасалады. Бұл мәтінді сапалы әрі анық етіп көрсетуге және ұзақ уақыт пайдаланғанда көз жанарының тез шаршамауына мүмкіндік береді. Аталған құралға тек қана кітаптардың мазмұнын ғана емес, қажетті құжаттардың , сонымен қатар интернеттен алынып, сақталған беттерді жүктеуге болады. Аталған кітаптағы ақпаратты сақтау үшін флеш-карта қолданылады . Мысалы 1 гб көлемді жады картасында 2000-ға жуық кітап сақтауға болады. Ал қуат көзі шамамен 5-8 мың парақ оқуға жетеді.
Оқушылардан электронды кітаптан айырмашалағын сұрау.
Кітаптың айырмашылығы
1.Кітапты алғаш ашып, оның салмағын, көлемін, иісін, шытырлаған даусын есту сезімі электронды кітаптарды болмайды. Ал қағаз кітапты оқу кезінде сіз тарихпен бетпе-бет келіп отырғаныңызды сезінесіз. Күлуіңіз мүмкін, бірақ сезім де маңызды рөл ойнайды

2.Электронды кітаптар қолайлы қызметтерге толы. Бірақ олар әлі де қағаз кітапқа жете алмайды. Сіз бір кітаптың бірнеше бетін қатар ашып, түзеп, қайта қарауға мүмкіндігіңіз бар. Әрқайсысына белгі салуға және белгілі бір мәтінді маркермен бояп қоюға мүмкіндігіңіз бар. Ал осының барлығын электронды кітаппен жасап көріңіз..жасай алмайсыз..

3.Біздің дәстүрде сыйлық ретінде кітап беру қалыптасып кеткен. Мұның бәрі, әрине қағаз кітапқа байланысты бола алады. Оның әрқайсысы түрлі-түрлі қағаздан жасалады. Ал сіз электронды құрылғыны кітап ретінде сыйлай аласыз ба? Тым қымбат емес пе?

4.Қағаз кітабы тарихтың жәдігері екенін жоғарыда айттық. Сонымен қоса, кітап – өнерге айналуы мүмкін. Кітап сіздің естелігіңіз бола алады. Әрине, кітапты сіз жинай аласыз! Сандық құрылғылар осындай мүмкіндіктерден ада, әрі файл ретінде электронды кітапты коллекция қылып жинау ақылға қонымсыз.

5.Электронды құрылғы арқылы сіз көптеген кітаптарды сатып аласыз, нақтырақ айтсақ, жүктеп аласыз. Бұдан кейін кітап сіздің электронды қорыңызда тұрады. Ал егер қағаз кітапты алғыңыз келсе – сіз міндетті түрде оны кітап дүкеніне барып, ақшасын беріп сатып аласыз. Бұл дегеніңіз сіз сатып алынған кітапты міндетті түрде оқып бітіресіз және оны құндылық ретінде бағалайсыз деген сөз.

6.Кітап ұстаған адам қандай да бір гаджет ұстап тұрған адамнан әлдеқайда ақылды, білімді болып көрінеді. Қолыңыздағы кітап сіздің зияткерлік қырыңыз бен статусыңызды анықтап береді. Ал электронды кітап ұстаған адам сырт көзге ойын ойнап отырғандай көрінеді.

Электронның кітаптың айырмашылығы
1Электронды кітаптың бірнеше артықшылықтары бар. Ауыр үлкен кітаптар орынына бір кішкентай құрылғы. Интернеті бар, онлайн оқуға болады. Қай тілде оқысаңыз да кез келген сөзді басып қалсаңыз, ол сөздің мағынасы шығады

2. Электронды кітапта аудармашылар бар, ағылшынша оқып, білмеген сөзді бассаңыз, орыс тілінде аудармасын қарауға болады . Қысқаша айтқанда Электронды кітаптың басты артықшылығы СӨЗДІКТЕР. Бұны түсіну үшін қолданып көру қажет ал кітапта аударма жоқ.

3.Электронды кітапта жазуы майда болса әріптнрін үлкейтіп оқуға болады.толықмәтінді іздестіру мүмкіндігі бар ал кітапта майда жазуларды оқып көзің талады.

4.Электронды кітап шығару үшін 1 апта кетеді,біз уақытымызды үнемдейміз алкітапты шығару үшін жарты жыл кетеді жарты жыл бойы біз кітапсыз жүреміз ба сонда?

5. Электронды кітапты жарықтың жеткіліксіз деңгейінде кітапты оқи алу мүмкіндігі бар ал кітапты жарық жеткіліксіз деңгейде оқи алмаймыз.

6.Электронды кітап .экологиялық тазалығы әрі үнемділігі жағынан пайдасы көп. Ал кітапқа — ағаш жұмсалады ал ағаш жойылғасын экология бұзылады.
Қорытынды. Электронды оқулықтар өркениетті мемлекетте қалыптасқан дәстүрді неге бізге қолданбасқа. Өзіндік құнын жоғалтпаған кітаптарданда үзілді кесілді бас тартуға болмайды. Оларда қосымша оқып тұрғаны да дұрыс. Өйткені , кітапты қолға алып оқыған үлкен мәдениеттіліктің, тәрбиеліктің белгісі.. Тәрбие.орг сайтынан ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАП ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тасеменова Дәмеш Шынтургановна

БҚО ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ "№ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН БАСТАУЫШ МЕКТЕП" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Пікірлер: 0

avatar