EXCEL – де диаграмма тұрғызу

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 43
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 30/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23415


Сабақтың тақырыбы: EXCEL – де диаграмма тұрғызу
Сабақтың мақсаты:
А Білімділік: Электрондық кестеде әр түрлі типті диаграммаларды құру тәсілімен таныстыру, диаграммаларды тұрғызу, сол операцияларды практика жүзінде орындауға үйрету
Б Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбеккебаулу, көздеген мақсатқа жетуге қажетті табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.
В Дамытушылық: Дамыта оқу негізінде оқушылардың оқу іс әрекеттерін белсендіру. Дербес компьютерде жұмыс істеу, білік-дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ. Оқушылар жаңа сабақтың материалын практика жүзінде компьютерде орындай отырып игереді.
Әдісі: Дифференциалдық
Сабақтың көрнекілігі: ДК, дидактикалық материалдар, карточкалар, плакаттар. MS OFFICE Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
2. «Өзіңді өзің тексер» ойыны қайталау сұрақтары
3. Жаңа сабақтың негізгі мазмұны және оны түсіндіру
4. Практикалық жұмыс
5. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма

1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.Қайталау сұрақтарын беру арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін ,зейінін білу.

2. Қайталау сұрақтары:
1.Excel электрондық кестенің атқаратын қызметі қандай?
2.Excel программасын қалай іске қосуға болады?
3.Excel терезесінің негізгі элементтерінін сипатта
4.Қалып – күй қатарында қандай ақпараттар көрініп тұр?
5.Кестенің қатарлары қалай белгіленеді?
6.Excel – де неше қатар бар?
7.Кестенің бағаналары қалай белгіленеді?
8.Ұяшық дегеніміз не?
9.Қатар, бағана, блок деген не, олардың адрестері қалай белгіленеді?
10. Қатар, бағана,блоктарды белгілеу тәсілдерін көрсет.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Excel графиктін мүмкіндіктерімен танысу, яғни Excel – де қалай диаграмма жасауға болатынын. Диаграмманың не екенін оқушылар басқа сабақтан біледі, яғни математика сабағында диаграммаларды дөңгелек, бағаналы, гистограммалар жасадыдыр.
Диаграмма – мәліметтерді көрнекті түрде бейнелеудің бір тәсілі болып табылады.
Сандық мәндердің графикалық көрінісі. Ол кесте ішінде орналасқан сандық мәндерді диаграмма немесе график түрінде көрсетеді. Сондықтан да көп қолданылады. Excel – де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар.
Плакаттағы диаграмма түрлерін көрсету. Excel – де диаграмма жасау үшін: Диаграмма шебері/Мастер диаграмм функцияын қолданған жөн.
Диаграммалар шебері қажетті параметрлерді тағайындағаннан кейін сол ақпараттарға сәйкес диаграмма құру қызметін атқарады. Мастер диаграмм 5 сұхбат терезесі арқылы диаграмма жасалады.
Диаграмма тұргызуды берілген аралықты диапозон мәндерді белгілеуден бастаймыз. Қатар тұрмаған ұяшықтарды белгілеу CTRL клавишін басу арқылы жүзеге асырылады.
Вставка – Диаграмма командасын таңдаймыз немесе Саймандар панеліндегі Мастер Диаграмм кнопкасын тышқан тетігі арқылы басамыз.
Мастер диаграмм терезесі пайда болады.
1 – қадамда Диаграмма типін тандаймыз. Қажет диаграмма типі тізімде болмаса, онда Нестандартные астарлы бетіндегі тізімнен іздейміз, диаграмма типін таңдап болған соң Далее кнопкасын басамыз.
2 – қадамда Берілгендердің қатары жол бойынша немесе бағана бойынша тұрғанын көрсету. Мәліметтер аралығын енгізу. Аралық/диапозон
3 – қадамда Диаграмма параметрлерін енгізу. Далее батырмасын басамыз.
4 – қадамда Мастер диаграмманы ағымдағы бетке немесе осы кітаптағы жаңа бетке орнату орындалады. Соңында Готово/дайын/батырмасын басамыз. Диаграмма жасалып бетке орналасады. Диаграмма типін өзгерту үшін диаграмманы тышқанды екі рет шерту арқылы белгілеп, айналасында жақтаулар пайда болады. Вид – Панель инструментов – Диаграмма командасын орындаймыз, сонда экранда бөлек батырмалар панелі шығады. Диаграмма типі батырмасын шертіп, диаграмма түрлерін шығарамыз. Диаграмманы өшіру үшін, курсор диаграммада тұрғанда шертіп, DEL клавишін басу керек.

Практикалық жұмыс
Excel – электрондық кестесінде бос уақытты есептеу таблицасын жасау.
1. Таблицаны безендір
2. Берілген таблицадағы мәндер бойынша диаграмма тұрғыз.
3. Диаграмма атты файлға сақтап қой.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Диаграмма не үшін керек?
2. Диаграмма құру қадамдарын көрсет
3. Тұрғызылған диаграмма параметрлерін қалай өзгертеміз
Бағалау.
Үйге тапсырма: Өздерінің білім көрсеткішітерін диаграмма түрінде көрсету Тәрбие.орг сайтынан EXCEL – де диаграмма тұрғызу Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: tgulimk@mail.ru

Пікірлер: 0

avatar