EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 288
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20927


Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ЕXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ, НЕГІЗГІ ТҮСНІКТЕР
МЕН АМАЛДАР, EXCEL мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру, кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы, кесте бетінің таңбасының атын өзгерту, бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,
баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум, тақта.т.б
Оқушы білуі тиіс:
- Excel-дегі негізгі ұғымдар мен әрекеттерді;
- Жұмыстық кесте элементтерін;
- Дерек енгізу, сақтау және қорғау операцияларын.
Оқушы меңгеруі тиіс:
- жұмыстық беттермен әрекет жүргізуді;
- жұмыстық кесте беті бойынша, жұмыстық кестенің беттері арасында орын ауыстыруды;
- жұмыстық беттер қосуды;
- кесте таңбаларының атын өзгертуді;
- бағаннның ені мен жолдың биіктігін өзгертуді;
- дерек енгізуді, сақтауды және қорғауды;
- деректерді өңдеу үшін формулаларды қолдануды.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру, өткен тақырыптарға шолу ретінде сөзжұмбақ шешу.Сөзжұмбақ примечание арқылы жасалған. С

Оқушының субъекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
- сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып оқушыларды таныстырамын.
- Тақырыптың маңыздылығына тоқталамын.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Microsoft Excel бағдарламасы:
1. Кесте құруға және оларға aт қойып, дискіге сақтауға;.
2. Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;
3. Кестеге жол, баған, немесе ұяшьқтар қосуға;
4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауға;
5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға;
6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;
7. Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге
8. Диаграмма тұрғызуға;
8. Графикалық объектілер кірістіруге;
9. Баспаға шығаруға мүмкіндік береді.
Тарихына шолу жасайық.
1979жылы екі экономист студент Дэн мен Боб үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап тапты.Алғаш рет электронды кесте бағдарламасын жасап оған VisiCalk деп атады. ЕXCEL бағдарламасы Боб пен Дэннің арқасында құрастырылды.
1985 жылдың мамыр айында Мicrosoft компаниясы өздерінің электрондық есептеулерге арналған кестелік бағдарламасы МICROSOFT ЕXCEL ойлап шығарды. Үш айдан соң-ақ бұл бағдарлама барлық есеп жүргізушілерге таным болып қолданысқа енді.
Excel- ді іске қосу:
Немесе Пуск іске қосу батырмасы арқылы Программалар менюінен Excel -ді таңдау қажет.



Жұмыс кестесінің элементтері.
Excel-дің объектілерімен өңделген XIs кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. Excel де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондық кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын алфавитінің А,В,С,...,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық- деп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді ұяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі немесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы А1, С20. Жұмыс парағымеи бойынша жылжу.
Керек парақты екпінді ету үшін сол парақтың белгішесін басу керек.
• Жұмыс парағымен жоғары төмен , солға оңға жылжу үшін жүгіртпе нұсқаушыны пайдалану керек.
• Жұмыс парағымен жоғары төмен , солға оңға жылжу үшін (, т.б) ауысу пернелерін пайдалану.
Нақты орынға өту үшін Правка менюінен Перейти командасын таңдаймыз
• Переход сұхбат терезесіне Выделить пернесін нақты бір элементтерді
(жазбалар формулалар т.б) іздеу үшін қолданады.

Пернелер Орын ауысу
Page Down Бір экранға төмен
Page Up Бір экранға жоғары
Home Ағымдағы қатардың басына
Ctrl+Home А1 ұяшығына
Ctrl+End Соңғы толтырылған ұяшыққа
■ ■ - —
Ctrl+t Бірінші толтырылған ұяшықтың жоғарғы жағына
Ctrl +l Бірінші толтырылған ұяшықтың төменгі жағына
Ctrl+^ Бірінші толтырылған ұяшықтың сол жағына
Ctrl+- Бірінші толтырылған ұяшықтың оң жағына
Ctrl+Page Up Жұмыс парағының келесі парағына
Ctrl + Page Down Жұмыс парағының алдыңғы парағына


ЖҰМЫС КЕСТЕСІНІҢ БЕТІ БОИЫНША ОРЫН АУЫСТЫРУ.
Кестенің қажетті бетіна ауысудың екі жолы бар:
1. Терезенің төменгі жағындағы кестенің таңбасына шерту арқылы.
2. <Ғ5> пернесін басып, Переход терезесіндегі Ссылка ұяшықтың координаталарын енгізіп, Ок батырмасын шерту керек.
Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін Вставка - Лист командасын орындау қажет.
КЕСТЕ БЕТІНІҢ ТАҢБАСЫНЫҢ АТЫН ӨЗГЕРТУ.
Үнсіз келісім бойынша жұмыс беттерінің таңбаларына «Лист1», «Лист2», және т.с.с. меншіктелген. Сол парақтарға ат қою дұрыс. Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз.
1. Қандай да бір парақтың таңбасында маустың оң жағын шертіңдер.
2. Переименовать командасын таңдағанда сонда ол қара түспен ерекшеленеді. Жаңа ат енгізу қажет.
Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту. Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтін ұяшық шекарасына сыймай қалады. Бағанның енін маустың көмегімен өзгертуге болады. Немесе Формат-Строка (Столбец)-Ширина командасын таңдау керек.
Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағанньң енін және жолдың биіктігін өзгерту

4. Жаңа сабақта орындалатын тапсырмалар:
- Практикум (11.1,11.3,11.4 тапсырмалар)
- Практикалық тапсырманы орындау:
 Excel программасын іске қосыңдар.
 Терезе элементтерімен танысыңдар.
 Бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертіңдер.
 Жұмыс бетінің таңбаларының атын өзгертіңдер
 Кестенің ең соғы ұяшығының адресін анықтаңдар.
 Жаңадан бет қосыңдар.

5.Тест тапсрмалары арқылы сабақты бекіту.
1. Microsoft Excel дегеніміз не?
a) программалық кабықша; с) текстік редактор;
b) операциялық жүйе; d) кестелік процессор.+
2. Microsoft Excel-ді іске қосу үшін мынадай әрекеттер тізбегін орындау қажет:
a) Пуск - Программы - Стандартные - Microsoft Excel;
b) Пуск - Программы - Microsoft office - Microsoft Excel;+
c) Пуск — Стандартные - Microsoft Excel;
d) Пуск- Стандартные — Программы - Microsoft Excel
3. Excel кестесіне бос жол қою үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет . ..
a) Правка - Строки; с) Сервис - Строки;
b) Вставка - Строки;+ d) бос жол қосу мүмкін емес
4. Excel кестесіне бос бағана қою үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет . . .
a) Правка - Столбцы; с) Сервис - Столбцы;
b) Вставка - Столбцы;+ d) бос бағана косу мүмкін емес.
5. Excel кестесіндегі бос бағананы өшіру үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет ...
а)өшіретін бағананы белгілейміз - Правка- Удалить;+
с)өшіретін бағананы белгілейміз – Сервис- Удалить;
b)өшіретін бағананы белгілейміз–Вставка- Удалить;
d) бос бағана қосу мүмкін емес.
6. Жолды толық белгілеу үшін мынадай әрекеттерді орындау керек.
a) тышқанды жолдың біріиші ұясына апарып бір басу керек;
b) тышқанды жолдың бірінші ұясына апарып екі рет басу керек;
c) тышқанды жолдың нөміріне апарып бір рет басу керек;+
d) тышқанды жолдың номіріне апарыи екі рет басу керек.
7. кнопкасының қызметі:
a)функция көмегімен есептеу; с) автосумма;+
b)диаграмма қою; d) бөлу;
8. кнопкасының қызметі:
a)функция көмегімен есептеу;+ с) автосумма;
b)диаграмма қою; d) бөлу;
9. кнопкасының қызметі:
a)функция көмегімен есептеу; с) автосумма;
b)диаграмма қою; + d) бөлу;
10. Мәндерді бір ғана критерий бойынша сорттау үшін мынадай әрекеттерді орындау керек ...
a) Данные - Фильтр - Автофилътр - критериді көрсету;+
b) Сервис - Фильтр - Автофильтр - критериді көрсету;
c) Файл - Фильтр - Автофильтр - критериді көрсету;
d) Формат - Фильтр — Автофильтр - критериді көрсету;

6.Сергіту сәті
Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. Монитор
Компьютер мен енеді,
Қағазға басып береді. Принтер
Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың.Маус
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. ДК

7. Сабақты қорытындылау кезеңі:
Сабаққа қысқаша шолу жасап,оқушылардың білімін бағалау.
8.Үйге тапсырма беру. Практикум: 11.2 тапсырма.
Оқулық: 11-бөлім. EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ. 11.1-тақырып.НЕГІЗГІ
ТҮСШІКТЕР МЕН АМАЛДАР. EXCEL мүмкіндіктері. Жұмыс кестесінің элементтері. Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орьш ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы.Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту. (МАЗМҰНДАУ).
Рефлекция кезеңі: Бүгінгі сабақта кездескен қиыншылықтарды талқылау, кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталу. Тәрбие.орг сайтынан EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оразалыева Гульмира Алдабергеновна

Пікірлер: 0

avatar