GIMP редакторының сурет салу құралдары

  • Жүктеулер: 28
  • Көрсетілім: 934
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 08/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19936


Сабақтың тақырыбы: GIMP редакторының сурет салу құралдары
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға GIMP графикалық редакторының сурет салу құралдарымен таныстыру
Білімділігі: Оқушыларды градиентті құйып бояудың мүмкіндіктерін қолдануды үйрету
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
VI. Жаңа сабақ
GIMP – те сурет салу үшін Контурлар, Қарындаш, қылқалам, Өшіргіш, Аэрограф, Қаламұш құралдарын қолданады. Сонымен қатар сурет салумен байланысты өшіру, көшіру, шаю, жарықтау, қараңғылау амалдары қолданылады. GIMP-те сурет салу ерекшеліктерін қарастырайық.
Түзу сызықты салу үшін:
1. Қарындаш пен Қылқалам таңдаңдар.
2. Бірінші нүктені басыңдар.
3. Shift басып тұрып, екінші нүктені басыңдар.
GIMP –де пішіндерде де алуға болады. Ол үшін ерекшелеу құралын таңдау керек. Пішіннің тек қана контурын жасау керек кезде таңдау керек. Пішіннің тек қана контурын жасау кероек кезде Түзету → Құю бұйрығын қосыңдар.
Қылқалам - өте қызық құрал , үнсіз келісім бойынша топтамасында ең қажеттілері жеткілікті мөлшерде бар.
Жазық құйма бояу -таңдалған түспен немесе құралдың баптауларында қандай параметр таңдалғанына байланысты кескіндердегі ұқсас түстермен суретті түгел бояйды. Құю түспен де, текстурамен де орындауға болады.
Градиент - бір түстен екінші түске ауысу. Баптауларда дайын градиентті таңдап алуға болады. Дәл қазіргі уақытта фонмен алдыңғы планға қандай түстер қажет болуына байланысты бастапқы 3-4 нұсқалар ұсынылады. Егер Түссіздік параметрі 100болып таңдалса, онда градиенттің құйып бояуы бастапқы кескінді көруге мүмкіндік бермейді. Осы параметрді реттей отырып, тұманның әдемі әсерлерін алуға болады.
Өшіргіш – фонның түсімен немесе түссіздікпен кескінді өшіреді.
Аэрограф – айнымалы қысымы бар ескі сия қаламы сияқты жазатын құрал.
Қаламұш – бұл да жазады. Қаламұштың конфигурациясын баптаулардан таңдауға болады.
Мөртабан – клонда құралы.
Мөртабан екі кезеңде әрекет етеді. Бастапқыда Ctrl пернесімен бірге клон жасау қажет суреттің бөлігін тінтуірмен шертеді. Әрі қарай Ctrl пернесін жібереді, енді қылқалам сияқты, сурет бөлгінің клонын алуға болады.
Емдік қылқалам - құрал мөртабанға ұқсас, бірақ айырмашылығы бар. Бұл құралды фотосуреттегі бет терісін түзету үшін жиі қолданады.
Өткірлік/Шаю, Баттастырып бояу құралдары кескіннің ерекшеленген аймақтарының қиып алынғаннан кейінгі шеттерін өңдеуге пайдаланылады.
Өткірлік/ Шаю - Қылқалам, кескіннің жеке бөлігін немесе шеттерін жетік түрде өңдеу үшін қолданылады. Әдетте, бұл құралды кескіннің қиып алынған аймағының шекараларында шеттері өте өткір болмас үшін шаюға, жұмсартуға қолданады.
Баттастырып бояу - түстерді қамти отырып ұстайды.
Ашықтандыру → Қараңғылау - бұл құралмен кескін бөліктерін ашық ету ыңғайлы.
V. Сабақты бекіту.
Таңдалған деңгейі бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау
VІ. Қорытындылау.
Тәжірибелік жұмыстың орындалуын тексеру, жұмыс барысында туындаған сұрақтарды талдау, шешу жолдарын ұсыну, оқушылар білімін бағалау
VІІ. Үй тапсырмасы
Сурет салу құралдары Тәрбие.орг сайтынан GIMP редакторының сурет салу құралдары Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бергазина Жанаргуль Умирбековна

Ақтөбе қаласы, Новый орта мектебі информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar