Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Графика мен диаграмма тұрғызу
  • 11.01.2017
  • 226 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20920

№21 Сабақ жоспары
Оқытушы: Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна
Пән:_ Информатика
Мамандық,топтар. ______________________________________________________________
Тақырыбы: Графика мен диаграмма тұрғызу
Күні: ___________________________________________
Сабақ түрі: Жаңа білім,дағды және біліктілік беру сабағы
Сабақтың мақсаттары: Студенттерге Ms Excel бағдарламасында графика мен диаграмма тұрғызу жолдарын үйрету таныстыру. Пәнді оқыта отырып, студенттің ойлау қабілетін дамыту.
Студенттің танымдық, ойлау қабілетін дамыта отырып, жүйелі сөйлеуге үйрету. Болашақта алған білімдерін өз мамандықтарында қолдана білуге баулу
Әдістері:_ сұрақ-жауап
Сабақ жабдығы: ТҚЕ плакаты, ДК, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс:Информатика, Ағылшын тілі
Негізігі: Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері /Авт, ұж:Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 10 сыныбына арналған оқулық /Сапарғалиева Б.Қ., Масалиева Н.Е., Тезекбаева Г.А. Астана «Арман-ПВ» баспасы, 272 бет.
• Информатика элементтері / Ермеков Н.Т. Астана Фолиант, 2007
• Windows 7 операциялық жүйелер Зертханалық практикум. Ms Excel – зертханалық практикум. Балафанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б.
Қосымша әдебиеттер:. Инфарматика и ИКТ/ цветкова М.С., АстафеиеваН.Е., Гаврилова С.А. практикум, М.: Академия, 2013
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі
№ Сабақ кезеңдері Кезең мазмұны Уақыты
1 Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, студенттердің қатысуын, аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары 1
2 Білімдерін тексеру (астын сызу) Білім бағалау өлшемі Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау, тестілеу, тақта алдында сұрау 15
3 Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі
(астын сызу) Диаграмманы қою. Саймандар тақтасындағы Мастер диаграмм батырмасын басу немесе «Вставка» -- «Рисунок» -- «Диаграмма» -- графиктің түрін таңдап, шерту, график үшін деректер дипазонын беру, немесе ең жеңілі, тура деректер кестесінің өзінде графиктің сандары тұрған бағандар диапазонын атауларымен аталады.
Графиктің түрін өзгерту – Тип диаграммы батырмасын шертіп керегін таңдау. Графикті безендіруді мәзір арқылы тапсырыс жасауға болады: «Вставка» -- «Диаграмма» -- «Мастер диаграмм» диалогты терезесіндегі – «Стандартные» немесе «Нестандартные» бетбелгісінен (закладки) графиктердің көптеген ерекше түрлерін табасыз.
Жаңа графикті дайын диаграммаға қосу өте жеңіл – жаңа графикке керек деректер тұрған бағанды немесе жолды ерекшелеген соң, сол ерекшеленген ұяшықтар аймағының шекарасынан көрсеткісімен іліп алып, тінтуірмен тура диаграмманың алаңына апарып түсірсе болғаны.
Диаграммадан графикті жою – графиктің элементін шерту, маркерлер пайда болған соң, «DEL» пернесімен жою. Бүкіл диаграмманы алып тастау үшін – оны шертіп, қара маркерлер пайда болған соң «DEL» пернесі басылады.
Диаграмманы (немесе бөлшектерін) редакциялау үшін оны екі рет шертіңіз.

20
4 Студенттердің өздік жұмысы
Бүкіл кестені – A1 ден L10-ға дейін ерекшелеңіз.
«Добавить диаграмму» батырмасын басып – «Поверхность» - …. орындаңыз. Керекті диаграмма пайда болады (1 сурет).


2.сурет. Диаграмма көрінісі

1. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (...................................................................................................)
2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы.
(....................................................................................................)
1. Диаграмма типінің бір түрі.
(....................................................................................................)
4. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді.
(....................................................................................................)
5. Диаграмма осі.
(....................................................................................................)
6. Excel қандай бағдарлама?
(....................................................................................................)
7. Диаграмма элементтерінің бірі.
(....................................................................................................)
22
5 Тақырыпты бекіту Бақылау сұрақтары:
1. Беттің формуласын жазуда ұяшық адрестерінің қандай түрлері қолданылады?
2. Теңдеу шешуде қолданылатын Excel программасының командасы қалай аталады?
3. Подбор параметра командасы не үшін қолданылады?
4. Түбір жатқан аралықты қалай анықтайды?
5. Түбір жатқан аралыққа қандай шарт қойылады?
Тест тапсырмасы арқылы білімдерін тексеру 15
6 Сабақ қорытындысы Студенттерді бағалау 5
7 Үй тапсырмасы Ms Excel – зертханалық практикум 7-8 бет 2

Оқытушының қолы ___________________________ Тәрбие.орг сайтынан Графика мен диаграмма тұрғызу Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Информатикадан ашық сабақтар, мен, графика, диаграмма, тұрғызу
Көрсетілім: 226 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar