Графика мен диаграмма тұрғызу. Диаграммалар шебері

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 852
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20926


Кіріспе
Microsoft Excel программасы – жоспарлы – экономикалық, есептік – статистикалық ғылыми – техникалық және басқа міндеттердің біраз ауқымын шешуге арналған өте жақсы және қолданылуы қарапайым электронды кестелерді өңдеу пакеті, бұларда сандық, мәтіндік немесе графикалық ақпарат біраз жүйелі, қайталанатын құрылыммен кестелік түрде ұсынылған.
Жалпы электрондық кесте программасын графикалық мүмкіндіктері тақырыбындағы мақсат студенттердің Microsoft Excel программасында диаграммаларды құру және олармен жұмыс жасауды игерту. Диаграммаларды құру кезінде зертханалық – тәжірибелік жұмыстарындағы тапсырмаларды есептеу арқылы диаграммалар құру. Бұл мақсатта студенттердің өз бетімен жұмыс жасай білу дағдыларын дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға көмек жасау. Осы арқылы студенттерді шапшаңдыққа, ойлау қабілетінің дамуына, ізденімпаздыққа, өзіндік ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

ТАЛДЫҚОРҒАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Лабораториялық – практикалық сабақтың технологиялық картасы (жоспары) № 12

Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Графика мен диаграмма тұрғызу. Диаграммалар шебері.
Сабақтың түрі: зертханалық – тәжірибелік

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, талдау, сұрақ – жауап, өздік жұмыс, қорытындылау

Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: MS Excel – дің графиктік мүмкіндіктері туралы студенттерге түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;
2. Дамытушылық: Студенттердің MS Excel программасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу жұмыстарын қатесіз орындауы мен дұрыс шешімін табу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерде жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыту;
3. Тәрбиелік: Студенттерді топтық, жекелей жұмысқа, жұмысты жүйелі орындауға,
өз ойын еркін жеткізуге, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,шет тілі, бейнелеу, математика, экономика
Пәнішілік байланыс: Ms Excel – дің графикалық мүмкіндіктер

Игерілетін білімдер: Ms Excel – дің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып графиктер мен
диаграммалар құрыду меңгерту, үйрену.

Сабақ өтетін орын: № 73 дәрісхана
Сабақтың ұйымдастырылу түрі: Жекелей, топпен
Көрнекі құралдар: Дербес компьютер, интербелсенді тақта, слайд
Үлестірілетін материал: нұсқау технологиялық картасы
Оқытудың техникалық құралдары: Дербес компьютер
Негізгі әдебиет: А.Айтмұқатов «Ms Excel кестелік процессор (тәжірибелік сабақ)» 41 бет
Қосымша әдебиет: Г.Ж.Ануарбекова, Н.Ә.Тойғанбаева «Информатика» 103 бет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Студенттермен сәлемдесу 2 – мин
2. Дәрісхананың сабаққа дайындығын тексеру
3. Ақпар бойынша тексеру
4. Студенттерді жетон арқылы бағаланады. Көк – 5, қызыл – 4, жасыл – 3.
ІІ. Техника қауіпсіздігі: Техника қауіпсіздігі ережесін еске салу. 2 – мин
ІІІ. А) «Ой қозғау» үй тапсырмасын тексеру (жұмбақ шешу) 10 – мин
1. Тұрады ол жолдармен, бағандардан,
Және тұрар ұяшық ағымынан
Қане ойланып көрейік ол не екен?
Баған менен жолдарды қиылыстырған (Кесте)
2. Кестенің бір негізгі элементі
Көлденең ұяшық құру қызметі
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі (Жол)
3. Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды,
Баған мен жолдардың қоылысы
Кестеде қай элементті құрайды? (Ұяшық)

Ә) «Сұрақ саған, жауап маған» сұраққа жауап
1. Электронды кесте дегеніміз не?
(ЭК – ұяшықтарында деректер жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі)
2. Ms Excel – дің жұмыс парағы және кітап деген не?
(Excel – де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан тұрады. Программаның терезесі ашылғанда ол жұмыс кітабы болады, сол жұмыс кітаптың беттері жұмыс парақтары деп аталады)
3. Электрондық кестені қандай мақсаттарға қолдануға болады?
(Excel жай программасы ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді, экономикалық, қаржылық есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Бұл кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және тб амалдарды орындауды қамтамасыз ете алады )
4. Электрондық кестедегі формула деп нені айтады?
(Электрондық кестедегі формула деп – есептеу үшін қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтуға болады)
5. Ms Excel – де мәліметтер қайда жазылады?
(Ms Excel программасында мәліметтер ұяшықта жазылады)

ІV. Жұмыстың орындалу жоспарын және оның мақсаттарын баяндау: 10 – мин
«Ауызша айтылғанды ұмытамын
Көрсетсең, мүмкін есте сақтармын
Қатысушы болам, мен түсінемін» – деп қытай даналы айтқандай жаңа тақырыпты
баяндау:
- Диаграмма
- Диаграмма элементтері, типтері
- Диаграмманы құру

V. Жұмыстың орындалу реті: 3 – мин.
Студенттерге Excel электрондық кестеде графиктер мен диаграмма тұрғызуға зертханалық – тәжірибелік тапсырмалар беру.
1. Тапсырманың шартымен танысу
2. Берілген тапсырманы талдау
3. Тапсырманы орындау
4. Тапсырмаларды оқытушыларға тексерту

VІ. Студенттердің өз беттерінше орындайтын жұмыстары: 45 – мин
«Білгенімді зердеме тоқу» Жаңа білімді қолдану – жаңа сабаққа зертханалық – тәжірибелік жұмыстар.
Студенттердің нұсқау – технологиялық картасында берілген тапсырмаларын ретімен орындаулары:
1. Отбасы мүшелерінің жастарына байланысты диаграмма құру. Гистограмма диаграммасын құрып, форматтаңыз. Мысалы:

№ Отбасы мүшелері Туған жылы Жасы
1 Ата
2 Апа
3 Әке
4 Шеше
5 Аға
6 Әпке
7 Мен
8 Іні
9 Қарындас

2. Колледжіміздегі «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығына түскен әр жылдардағы студенттер саны. Цилиндр диаграммасын құрып, форматтаңыз. Мысалы:

№ 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016
1 Бюджет 25 50 75 75 75 100 100 75
2 Ақылы 14 30 28 20 37 3 4 4

3. Биылғы Рио – де – Жанейро ХХХІ жазғы олимпиада қорытындысына Конус диаграмма құрып, форматтаңыз. Мысалы:

№ Мемлекет Алтын Күміс Қола
1 АҚШ 46 37 38
2 Ұлыбритания 27 23 17
3 Қытай 26 18 26
4 Ресей 19 18 19
5 Германия 17 10 15
6 Жапония 10 18 14
7 Франция 10 18 14
8 Оңтүстік Корей 9 3 9
9 Италия 8 12 8
10 Австралия 8 11 10
22 Қазақстан 3 5 9

4. Талдықорған агро – техникалық колледжінің арнайы пән оқытушыларының еңбекақысын есептеу кестесі. Пирамида диаграммасын құрып, форматтаңыз. Мысалы:

№ Қызметкерлердің
аты – жөні Еңбек
өтілі Сағат
саны Сағат санына төленетін тариф Жылдық еңбекақы Айлық еңбекақы Зейнетақы қоры Жеке
табыс салығы Кәсіподақ ұйымына төлем Қолға алынатын еңбекақы сомасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Барлығы:

№ Жыл Коэффициент
1 1 – 5 915
2 6 – 9 927,5
3 10 – 13 970
4 14 – 17 990
5 18 – 22 1015
6 23 – 26 1072,5
7 27 – 30 1115

VІІ. Студенттердің теориялық материал бойынша білімдерін тексеру: 8 – мин
«Кім күшті» Студенттердің өз беттерінше орындаған тапсырмаларына талдау жүргізу /презентациялау/.

VІІІ. «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» дей келе 5 – мин
сабақты қорытындылау: Рефлексия
- Сабақ не туралы болды?
- Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?
- Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?
- Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдыңыз?

ІХ. Үйге тапсырма: 2 – мин
А.Айтмұқатов «Ms Excel кестелік процессор (тәжірибелік сабақ)» 41 бет оқып келу.

Х. Бағалау: 3 – мин
Әр студенттердің сабақ барысында жинаған карточкалары арқылы білімдерін бағалау.

Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
Талдықорған агротехникалық колледжінің
информатика пәнінің оқытушысы Л.Ж.Қылышбаева Тәрбие.орг сайтынан Графика мен диаграмма тұрғызу. Диаграммалар шебері Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Л.Ж.Қылышбаева

Пікірлер: 0

avatar