Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру
  • 05.04.2016
  • 482 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18447

Сабақтың тақырыбы: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушылардың Word мәтіндік редакторы бойынша алған білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық. Сабақты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, оқушылардың білімі мен іскерлігін, шығармашылығын, ой-өрісін дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушыларды жылдамдыққа, ұқыптылыққа, ақпараттық және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат, ойын.
Сабақтың типі: Практикалық сабақ.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, орыс, ағылшын тілдері
Сабақтың әдісі: практикалық, ойын, көрнекілік
Көрнекіліктер: компьютер, презентация, карточка.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
II. Негізгі бөлім.
І. «Филворд мекені» (5 минут)
ІІ. «Кім жүйрік» (10 минут)
ІІІ. «Әмбебап» (15 минут)
ІV. «Сергіту сәті» (1 минут)
V. «Жадыны дамыту» (5 минут)
ІІІ. Бағалау (1 минут)
ІV. Қорытынды (1 минут)

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.

Оқушыларға тек 3 түрлі түсті конфет үлестіріледі(15 оқушының бәріне жететіндей). Сол арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді. Орындарына отырады.

ІІ. Негізгі бөлім.
- Оқушылар, бүгінгі ашық сабағымыз Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру . Сендер енді- суреттерді құруды және өзгертуді, мәтін теруді,оны түзетуді және безендіруді білесіңдер. Оқулықтың мәтініне назар аударыңдар. Ол көптеген безендірулермен толықтырылған. Осындай әдемі безендірілген кітапты оқу қызық емеспе, келісесіңдер ғой? Енді сендердің мәтіндеріңді суретпен, әдемі жазумен безендірейік!
Ол үшін бірінші Мәтін жазатын бетімізді ашып аламыз содан кейінгі кезең Сол бетіміздің астыңғы жолағында орналасқан командаларды орындаймыз.
Ашық сабағымыз «Қиял теңізіне саяхат» ретінде жүреді. Теңізде саяхат жасау барысында түрлі аралдарға тоқтап, онда кездескен сұрақтар мен тапсырмалардың жауабын табу арқылы келесі аралдарға жүзіп отырамыз. Сөйтіп «Word Pad» қазына аралына қайтадан оралатын боламыз.
Саяхатымызды бастамас бұрын, алдымен тақтада ілініп тұрған сөздердің ішінен бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздерді теріп, екіншісіне жазамыз.

1-арал. «Филворд мекені»
Мұнда үлестірме қағазда 3 топқа WordPad м.р. байланысты сұрақ беріледі және оның жауабын филвордтан тауып сызу керек. Сол сөз топтың аты болып есептеледі. Осы жерде топ басшысын сайланады.

Филвордты шешу:
Ү Г К Ө А
Л Қ І Ш С
Л А Р У Т
А Ш І П Ы
У І М У Н
Ы С Д Е С
* Т Ы Р Ы
Қ Ұ Р У З
1-топ: «Көшіру»
Сұрақ: Ctrl+C пернелер комбинациясының қызметі қандай?
2-топ: «Қаріп»
Сұрақ: Бұл не?
3-топ: «Туралау»
Сұрақ: Бұл не?

2-арал. «Кім жүйрік?»
Оқушылардың шапшаңдығына арналған. Мұнда « анаграмма, жауабын тап» атты сұрақтар топтамасы беріледі. Әр топтың алдында көтеру таяқшасы болады. Сол таяқшаны қай топ бірінші көтереді сол жауап береді.
Слайдтан сұрақтар беріледі.
Анаграмма:
1. Сол жақтағы символды жою пернесі(BackSpace)
2. Оң жақтағы символды жою пернесі(Delete)
3. Пернені басып тұрып әріп терілсе, әріп бас әріппен жазылады(Shift)
4. Бірыңғай бас әріптер енгізу(Caps Lock)
5. Болдырмау, қайталау, көшіру, қою, қиып алу, түгел белгілеу, іздеу, алмастыру командалары орналасқан мәзір қатары(Правка)
3-арал. «Әмбебап»
Бұл арал екі пункттен тұрады:
1. Капитандар сайысы (әр топтың капитандары дайын тұрған тест тапсырмасын орындайды);
2. Капитандар тапсырманы орындап жатқанда топтағы қалған оқушыларға мақал беріледі. Үш тілде мақал берілген, соның ішінде қазақша мақалдың жалғасын тауып, бәрін компьютерде теріп, пішімдейді.
1-топ:
Туған жердей жер болмас,...(туған елдей ел болмас).
Нет земли лучше Родины, нет людей лучше чем на Родине.
Тапсырма:
1. Мақалды теріңдер
2. Мақалдың әр жолын әртүрлі түске бояңдар
3. Өлшемі – 13
4. Қарпін - Courier New етіп орнатыңдар.
5. Бірінші жолды жуан, екінші жолды курсив, үшінші жолды асты сызылған етіп орнатыңдар.
2-топ:
1) Еріншектің ертеңі ...(бітпейді).
Никогда не откладывай на завтра то, что можно сделать сегодня.
Тапсырма:
1. Мақалды теріңдер
2. Мақалдың әр жолын әртүрлі түске бояңдар
3. Өлшемі – 13
4. Қарпін - Courier New етіп орнатыңдар.
5. Бірінші жолды жуан, екінші жолды курсив, үшінші жолды асты сызылған етіп орнатыңдар.
3-топ:
2) Жүз сомың болғанша,...( жүз досың болсын).
Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
Тапсырма:
1. Мақалды теріңдер
2. Мақалдың әр жолын әртүрлі түске бояңдар
3. Өлшемі – 13
4. Қарпін - Courier New етіп орнатыңдар.
5. Бірінші жолды жуан, екінші жолды курсив, үшінші жолды асты сызылған етіп орнатыңдар.
4-арал. «Сергіту сәті» (Мұнда оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды)
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса.
• Соншалықты айналым солға қарай жаса.
5-арал. «Жадыны дамытуға арналған ойын» (Бұл аралда үш топтан бір оқушыдан шығып, конверт ішіндегі ережені топтан қашықтықта тұрып жаттауы тиіс. Кейін тобына келген соң 2 минут ішінде топ мүшелеріне ережені жеткізуі керек. Уақыт аяқталғаннан кейін топ мүшелерінің әрқайсысы мұғалімге ережені жатқа айтады)
1-топ:
2-топ:
3-топ:
ІІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

Рефлексия парағы



ІV. Қорытынды
- Осымен Word мәтіндік редакторы тақырыбы аяқталды. Ашық сабаққа белсенді түрде қатысып, өз білімдері мен біліктіліктерін жоғары дәрежеде көрсеткен оқушыларға көп рахмет!
- Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тлепкалиев Нурсултан

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 482 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar