Информатика пәнінің алғырлары

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 555
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 23/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19517


Сабақтың тақырыбы: Информатика пәнінің алғырлары
Сыныбы: 7Б сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: пәнінен алған білімдерін жинақтау, пәнінен алған
білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы
мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық
сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге
деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе
білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке,
сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар
жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: тест, сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
- Интерактивті тақта, үлестірмелі парақтар, кубик т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта өз еркінше бөлініп 2 топ болып отырады.
Мұғалім:
Сәлеметсіңдер ме оқушылар.
Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз өтілген тараулар бойынша өткен білімдерімен байланысты. Сендердің алған білімін ойын элементтері арқылы тексеремін. Өздеріңіз көріп отырғандай 2 тобымыз 6 оқушыдан құралған. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар. Балалар, алдарында бағалау парағы жатыр. Бүгін өз - өзімізді бағалаймыз. Тапсырма орындап біткеннен өздеріне баға қоясыңдар.
Енді ортаға шығып сергіту сәтін жасап алайық.
Бір-бірімізге қарама қарсы қарап тұрамыз.
Амандасу салтымен сабағымызды бастайық. Қазір мен әр елдің амандасу түрін айтайын, сендер соны іс қимылмен көрсетіңдер, жарайды ма балалар.
-Қазақтар қол алысады;
-Италяда құшақтасады;
-Бразилияда бір бірінің иығын қағады;
-Никарамада арқасымен /тигізіп/;
-Зимваведе шынтақпен;
-Австарлияда шапалақпен, секіру, бөксемен.
Міне балалар дене мүшелерімізді шынықтырып, қайталадық.
Қане отырамыз.
Мен топ басшыларын таңдаймын. Енді топ басшы өз топ құрамын өзі таңдар алады. Кезекпен таңдау қажет.
Бірінші топ басшы кімді таңдайтынын айтады, неліктен таңдағанын сұрап жауап аламын.
әр топ сол құрылған топтарымен отырады.
Ескерту: әркім өз тобына отырады және өз топ басшыларына бағынады.
І.«Мақсатты тану».
Тақтада «Идея себеті» суреті ілінеді.
Әр оқушыға стикер тарқатамын, яғни әрбір оқушы сол стикерге осы сабақтан және информатика пәні бойынша нені үйреніп жүргендіктерін жазып жапсырады. /Корзина ішіне/.
/Компьютерді жетік меңгеремін, дискімен жұмыс жасауды үйренемін,слайд жасай аламын, есептер шығарамызт.бб/
Өзін өзі бағалау критерийлері бар бағалау парағы тарқатылады.
өз мақсатымызға жету үшін болашақта өзіміз дұрыс шешім қабылдай алу үшін өзін өзі бағалау өте жақсы көмектеседі, өзін өзі тануға үйретеді. Бағалау термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан.
Оқушыларға бағалау критерий таратамын.
ІІ. Мозайка құрастыру. 1 минут уақыт беріледі. Музыка әуені ойналады ///.
Біткен топ белгі береді.Қолдарын біріктіріп көтеру.
Яғни мозайкадан құрастырылған өмірлік ұстанымдарды айтып шығу керек.
Осындай ұстанымды тек сабақта ғана емес, өмірде де ұмытпай қолданып, жүрулеріңе тілектеспін.
Жарайсыңдар. Үш шапалақ.
Мозайканы жинап алу.
ІІІ.Миға шабуыл. Енді экранға қараңдар. Маша мен Аю мультфильмі көрсетіледі.
Сұрақ балалар маша неге пианино үйрене алмады, ноталардан қатты жаңылысты неге?Топпен кеңесу. Болған топ белгі беру.
/Әр нәрсенің өз заңдылығы болады, сол заңдылықты білмесең, оқып үйренбесең, онда қателесесің, жаңылысасың/.
ІV. Шығармашылық жұмыс. «Кім тапқыр».
Сұрақ: Сызықтық алгоритмнің жасалуы қалай орындалады?
Жауап: тізбектеліп.
Яғни келесі жұмысымыз осы сызықтық алгоритмнің жасалуы бойынша болып отыр. Төмендегі жұмысты орындап шығу.
/Музыка ойналады. Мен қазақпын./
1. ЭЕМ 1 буыны (1946-1958жж), электрондық лампалар мен релелер.
2. ЭЕМ 2 буыны (1958-1964жж), жартылай өткізгішті транзисторлар.
3. ЭЕМ 3 буыны (1964-1972жж), интегралдық сызбалар.
4. ЭЕМ 4 буыны (1972-2015жж), үлкен интегралдық сызбалар.
5. ЭЕМ 5 буыны (ондаған жылдардан соң)- болашақ.
Жылдары бөлек, буындарымен, сонымен қатар не қолданылғаны да сәйкестендіріп іліп шығу керек.
Іліп болған оқушылар орнына жайғасады. Белгі береді.
Болса оны қорғап беруі керек, әр топ жеке жеке.
Бағалау.
V.Адасқан сөздерді табу.
Оқушыларға плакат беріледі. Соған жапсырып шығу.
Программаның басы- begin
Программаның соңы – end
Шығару операторы- write
Енгізу операторы- read
Қысқа бүтіндер – Shortint
Бүтіндер – Integer
Нақты – real
Логикалық – boolean
Символдық – char
Жолдық – string
Көбейту – *
Бөлу – /
Экранды тазалау – clrscr
Санның бүтін бөлігі- div
Қалған қалдықта табу – mod
Аргумент квадрат – sqr
Квадрат түбір – sqrt
8 mod 5 - үш
Біткен топ белгі береді.. және бір біріне алмасып текереді.
Енді жұмыстарыңды дұрыс орындасаңдар мах баға қойыңдар.
VI.«Бейнені тану».
Мына суреттегі адам 26 желтоқсан 1791 жылы туылған. Ағылшын математигі. Компьютердің атасы деп те атайды. Және жаныңдағы суретте не бейнеленген, сол туралы да баяндап беріңдер.
Сұрақ: ол кім және біз ол туралы не білеміз.
Алдарыңда кіші тақта бар соған жазып беріңдер , және жариялаңдар.
Біткен топ белгі береді.
Жұмыс 3 минутта тоқтайды. Оқушылар бір топ екінші топқа алмасады. Бағалай керек бір бірін. Параққа бағаларын түсіреді. Және не үшін ондай баға қойғандарын айтады.
2.Сергіту сәті (логикалық сұрақтарға жауап беру)
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (4)
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? /3стакан)
• Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)
• Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары)
• Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? (шырпы)
• Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? (8)

VII.Практикалық жұмыс орындаймыз. өйткені қонақтарымызды сендердің машинамен жұмыс жасай алатындықтарыңды, оның ішінде Паскаль программалау тілімен есеп шығара алатындықтарыңды біліп жүруі тиіс.
Практикалық жұмыс
№1 – есеп.Кез келген екі санның қосындысын есептейтін программа құру .
Program kosu;
Var a,b:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a+b;
Writeln(‘y=‘,y);
End.
№2-есеп. Екі санның көбейтіндісін табуға программасын құру.
Program kobitu;
Var a,b,y:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a*b;
Writeln(‘y=‘,y);
End.
№3 - есеп. Екі санның бөліндісін табуға программасын құру.
Program bolindi;
Var a, b, x:real;
Begin
Write (‘a, b-сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln(‘x=’,x);
End.
VIII.«Дұрыс па, бұрыс па» ұғымы қайсысы қане көрелік.
осы атамыздың жасап кеткен компьютерінің пайдасы мен зияны туралы мағлұмат білсек.
Компьютердің пайдасы мен зиянын айтып беретін оқушыларымызды шақырамыз.
Қорытынды. Кубик лақтыру арқылы сабағымызды қорытындылаймыз.
-Бүгінгі білім қайда керек болады.
-Бүгін не қиын болды.
-Қалай жұмыс істедің.
-Бүгін не қызық болды.
-Бүгінгі сабақтан не білдің.
Аман сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Информатика пәнінің алғырлары Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Арбекова Багадат

ОҚО, Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназия Информатика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar