Интернетпен жұмыс

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 476
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 08/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19937


Ақтөбе қаласы, Новый орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі Бергазина Жанаргуль Умирбековна

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: информатика
Тобы:
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Интернетпен жұмыс
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат- міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік Интернет желісімен жұмыс істеу алгоритмдері бойынша ақпаратты талдау арқылы түсініктерін толықтыру және жүйелеу,ақпарат көздерін іздеуге баулу.
Ә) коммуникативтік құзыреттілік Интернет желісімен машықтық жұмыс барысында жұптасып әрекет етуге, ауызша, жазбаша өз іс-әрекетін жүйелеу мен алгоритмдеуге баулу, коммуникативтік потенциалын дамыту, коммуникативтік мәдениеттің вербальды және вербальды емес формаларын пайдалануды жетілдіру, топ алдында өз ойын жүйелі, нақты түрде жеткізуге және өз пікірн дәйектермен дәлелдеуге, қорғауға үйрету – ораторлық қабілеттерін дамыту .
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі Интернет желісімен оқу-танымдық және кәсіби қажеттіліктерді қанағаттандыруда ұтымды пайдалануға дағдыландыру, оқу-танымдық және өмірлік жағдайларда тиімді пайдалану бойынша проблеманы шешу жолдарын меңгерту .
Сабақтың типі: Машық
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Дамыта оқыту технологиялары: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту;
АКТ
Сабақтың әдістері: Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, шет тілі, тарих, қазақ әдебиеті
Оқыту құралдары: бағдарламалық Google Chrome, Internet Explorer
техникалық Компьютер
дидактикалық Топшама

Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі Студенттің қызметі Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Суденттермен амандасу;
- Сабаққа ұйымдастыру;
- Жоқ студеттерді белгілеу. - Оқытушымен амандасу;
- Сабаққа дайындалу;
- Аудиторияны сабаққа дайындайды. Студенттнр сабаққа дайындалады.
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру
-Телекоммуникациялық технологиялардың негізгі түрлері :

-Ethernet фирмалық желі стандарты қашан жасалды ?

-Сервер дегеніміз не ?

-Компьютерлік желі дегеніміз ?

-Жергілікті желі дегеніміз ?

-Топология дегеніміз ? -Телекоммуникациялық технологиялардың негізгі түрлері :
1. Ethernet
2. Internet
3. Радио
4. Теледидар
- Ethernet фирмалық желі стандарты 1975 жылы Xerox фирмасында жасалды
– Сервер дегеніміз- ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер.
– Компьютерлік желі дегеніміз- ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
- Жергілікті желі дегеніміз- саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады.
- Топология дегеніміз - жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі. Үй тапсырмасына дұрыс жауап беріледі, телекоммуникациялық технология туралы түсініктерді біледі және ажыратады.
ІІІ. Машық Машық тапсырманы орындауға нұсқау береді
а) Сөзжұмбақ
ә) Сәйкестендіріңіз Машық тапсырманы орындайды
а)Сөзжұмбақтың жауабы:
ә) Сәйкестендіру Сөзжұмбақты, сәйкестендіруді дұрыс шешеді.
Интернет көмегін дұрыс пайдаланып, тапсырмаларды кезең- кезеңімен орындайды.
ІҮ. Үйге тапсырма

- Жаңа сабақ бойынша анықтамаларды жаттау;
- Іздестіру жүйелері туралы қосымша мағлұматтар тауып келу.
- Интернет желісін пайдаланып Ел басының жолдауын тауып, алып келу. Үйге берілген тапсырманы дәптерлеріне жазып алу. Үй тапсырмасы жазылады.
ҮІ.Қорытынды. Бағалау
- Әр студенке тапсырманы орындау бойынша тінтуірдің суреттері беріген болатын сол байынша бағаланды. - Бағаларын қойдырту. Сабаққа қатынасқан студенттер бағаланады. Тәрбие.орг сайтынан Интернетпен жұмыс Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бергазина Жанаргуль Умирбековна

Ақтөбе қаласы, Новый орта мектебі информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar