Компьютерлік графика

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 587
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 08/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19938


Аты жөні: Бергазина Жанаргуль Умирбековна
Ақтөбе қаласы, Новый орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлері.
Сабақтың мақсаты:Компьютерлік графикамен танысу, түрлерін білу, компьютерлік графиканың өмірдегі маңыздылығын түсіну.
Сабақтың міндеттері:
Сабақтың мазмұнына байланысты міндеттер:
Компьютерлік графикамен танысады;
Компьютерлік графиканың қолдану салаларын біледі;
Компьютерлік графика түрлерін айта алады;
Компьютерде жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:
• мәтінді оқи отырып тақырыпты ұғынады, пікірлеседі;
• тақырыпты талдайды, тәжірибеде қолданады.
Топтық жұмыс немесе тәрбие әрекетіне байланысты міндеттер:
• өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады;
• топпен және өз бетінше жұмыс жасауды үйренеді;
• бір-бірінің ойын, пікірін тыңдауға дағдыланады.
Күтілетін нәтиже:Компьютерлік графика түрлерін ажырата алады;
Графиктік редакторда жұмыс істеп үйренеді.
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: «Миға шабуыл», Венн диаграммасы
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
• Құралдар: компьютер, Асtivstudio бағдарламасы,activote құрылғысы , activInspire бағдарламасы , Inkscape редакторы,түрлі түсті маркерлер, стикерлер, А1 форматты қағаз (плакат);
• Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, қима қағаздар, бағалау парақтары.
Бағалау критерийлері:
А критерийі:
• Топтың өзге оқушыларының ойын толықтырып отырдым – 2 ұпай
• Талқылауға қатыстым – 3ұпай
В критерийі:
• Дәлелді ойлар ұсындым – 3ұпай
• Өзгелерді мұқият тыңдадым – 4ұпай
• Топ мүшелерін ұйымдастырдым және оларға тапсырманы орындауда көмек көрсеттім – 5ұпай
С критерийі:
• Топта тапсырманы бар ынтаммен жасадым – 6ұпай
• Топта өзіме жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындадым – 7 ұпай
Бағалау шкаласы:
30-18 ұпай – «5»
17-6 ұпай – «4»
5-2 ұпай – «3»
Сабақтың жоспары:

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ
ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ
МОДУЛЬ

ҰЙЫМДАС-ТЫРУ КЕЗЕҢІ
Ынтымақтас-тық ахуал
орнату
2 мин • оқушылармен сәлемдеседі;
• сергіту сәтін ұйымдастырады («Бақша»);
• топқа бөлу (шеңбер құрып, бір-бірінің арқасына стикерді жапсыра отырып бір сөзден тұратын тілек жазады. Тілекті оқып, тілек жазылған стикердің түсіне сәйкес топтасады). • мұғаліммен сәлемдеседі;
• сергіту сәтін орындайды;

• 3 топқа бөлініп отырады. Жас
ерекшелік

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

ОЙ ҚОЗҒАУ
3 ми Миға шабуыл:

• сурет
• компьютер
• графика Сабақтың тақырыбын болжайды және мұғаліммен бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
АКТ

МАҒЫНА-НЫ АЖЫРАТУ
15 мин
«Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны
3 топқа ресурстық материал таратылады, сол арқылы плакатқа тірек сызба жасайды
1топ - растрлық графика
2 топ – векторлық графика
3 топ – фракталдық графика Әр топ оқушылары берілген тақырыптарын түсініп біледі, тірек сызба жасайды, айтып шығады
Диалогтық оқыту
Жас ерекшеліктерін ескеру
Талантты ж/е дарынды

ОЙ ТОЛҒАНЫС
6 мин

1 топ -Сәйкестендіру
Мұғалім тапсырманы ActivInspire программасында ашады
2, 3 топ –
Венн диаграммасы

2 топ-ұқсастығы

3 топ-айырмашылығы

1 топ оқушылары ақылдасып, шешімін тауып орындайды

Оқушыларға уақыт беріледі, берілген уақыт ішінде қағаз бетіне растрлы және векторлы графиканың ұқсастықтарын, айырмашылықтарын жазып толтырады.
(флипчартта орындайды)

АКТ

Талантты ж/е дарынды

Көшбасшылық

Жинақтау

15 мин

1.Практикалық жұмыс

2. Тестік жұмыс
1.Оқушылар графикалық редакторда жеке жұмыс істейді
2. activote құрылғысымен тест тапсырады
АКТ
ОБжОБ

БАҒАЛАУ

2 мин

Топпен жұмыс жасау кезіндегі оқушының өзін-өзі бағалауы

Оқушының аты-жөні: ________________________ Мүмкін ұпайлар саны Өзімнің қойған ұпайым
Топта өзіме жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындадым 7 ұпай
Топта тапсырманы бар ынтаммен жасадым 6 ұпай
Топ мүшелерін ұйымдастырдым және оларға тапсырманы орындауда көмек көрсеттім 5 ұпай
Өзгелерді мұқият тыңдадым 4 ұпай
Дәлелді ойлар ұсындым 3 ұпай
Талқылауға қатыстым 3 ұпай
Топтың өзге оқушыларының ойын толықтырып отырдым 2 ұпай
Барлығы: 30 ұпай

КЕРІ БАЙЛАНЫС
1 мин
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

1 мин

Тақырып бойынша ой толғаныс жазып келу Тәрбие.орг сайтынан Компьютерлік графика Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бергазина Жанаргуль Умирбековна

Ақтөбе қаласы, Новый орта мектебі информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar