Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Логика және логикалық операциялар. Ақиқат кестелері
  • 05.12.2016
  • 104 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20357

И. Тайманов атындағы орта мектеп


Логика және логикалық операциялар.
Ақиқат кестелері.

Сыныбы: 8 ә




Өткізген:
Информатика пәні мұғалімі
Кощанова Гүлмайса

2016-2017 оқу жылы.
"Бекітемін" ___________

Сабақтың тақырыбы: Логика және логикалық операциялар. Ақиқат кестелері.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Логикалық амалдар жайлы ақпарат беру және олардың айырмашылықтарын көрсету. Ақиқат кестесін құруды үйрету.

Дамытушылық: Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін тәртіпті ұстауға бейімдеу.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: ұжымдық, топтық, сұрақ-жауап, кубизм әдісі, деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі: АКТ қолдану.

Пәнаралық байланыс: математика.

Шаттық шеңбері. (Сабақты бастамас бұрын оқушылардың көңіл-күйін көтеру. Оқушылар шеңберге тұрып, аттарына байланысты тілек тілейді).

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрамас бұрын оқушыларды Информатика терминдері бойынша 3 топқа бөлемін. Оқушылар үстел үстінде жабық тұрған қағаздарды суырады. "Интернет", "Ақпарат", "Компьютер" топтары бойынша 3 топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасын сұрау үшін "Кубизм әдісі" қолданады. Кубикті лақтыру арқылы түс таңдайды. (қызыл, сары, көк). Осы түстер бойынша деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Қызыл түстің деңгейлік тапсырмалары: Жасыл түстің деңгейлік тапсырмалары:

Көк түстің деңгейлік тапсырмалары:

Қызыл түстің деңгейлік тапсырмаларының жауаптары:
А-деңгейі.
Санау жүйесі - белгілі алфавиттердің көмегімен және сандардың ережесіне сәйкес сандарды жазу тәсілі.
В- деңгейі.
11012+01102=110112
9F4016 =1001 1111 0100 00002
C- деңгейі
1102*112=100102
15010=100101102

Жасыл түстің деңгейлік тапсырмаларының жауаптары:
А-деңгейі.
Санау жүйесі 2-ге бөлінеді: позициялық және позициялық емес.
В- деңгейі
110112 - 01102=101012
15010 = 2268
C- деңгейі
1 001 111 101 000 0002= 1175008
101112 + 1012=11102
Көк түстің деңгейлік тапсырмаларының жауаптары:
А-деңгейі.
Санау жүйелерін ата. (2-к, 8-к, 10-қ, 16-қ).
В- деңгейі
1012 - 112=11112
1288 =8810
C- деңгейі
10 1111 1001 01012= 2F9516
110112 + 1012=1000002

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру үшін электрондық оқулықтан мағлұмат көрсетемін.

Логика(грекше logike)- пікірлер және олардың байланыстары туралы ғылым.
Логиканың негізін салған Аристотель (384 -322 жж. б.з.д.)
Ол «Біз қалай ой қорытамыз?» деген сұраққа жауап іздей отырып, ойлау ережелерін зерттеді. Аристотель алғаш рет логиканы жүйелі түрде реттеп, ойлау түрлерін талдап берді: түсіну, пікір, ой қорыту. Осылайша формальды логика пайда болды. Логика 4-ке бөлінеді.

Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

Матеметикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме-дәл анықталған объектілері мен пікірлері бар.

Ең алғаш болып математикалық логиканы құру идеясын неміс ғалымы Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.) ұсынды. Ол пікірді белгілі ережелерге сүйеніп, логикалық амалдармен ауыстыруға болады деп есептеді.
Бұл ғылымның негізін ХІХ ғасырдың соңында ағылшын математигі Джордж Буль (1815-1864 жж.) салды.

Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау.
Мыс: “Қар - ақ”, “2*2=4” деген ақиқат, ал “Тау тегіс”, “2*2=5” деген – жалған пікірлер.
Леп белгісі және сұрақ белгісі бар сөйлемдер пікір бола алмайды.

Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді.

Жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, “3+3<7”, “Бүгін күн шуақты болды”.

Жалпы пікірлер объектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды,
мысалы, “Егер жаңбыр жауған болса, онда көше су болып жатыр”, “Кез келген квадрат параллелограмм болып табылады”.

Логикалық операциялар
Логикалық жалғаулықтар математикада күрделі айтылымдарды сипаттайтын логикалық операциялар (айтылымдар) болып табылады.

Логикалық айтылымдармен жұмыс істеу үшін оларға ат қояды.
“Айдар жазда теңізге барады” айтылымы А арқылы белгіленсін.
“Айдар жазда тауға барады” айтылымы В арқылы белгіленсін.
Сонда “Айдар жазда теңізге де, тауға да барады” құрамды айтылымын А және В түрінде қысқаша жазуға болады.
Мұндағы “және” – логикалық жалғаулық,
А, В - логикалық айнымалылар, олар тек екі мәнде болады: “ақиқат” немесе “жалған”, сәйкесінше олар “0” не “1” арқылы белгіленеді.



Конъюнкция
Екі немесе одан да көп пікірлерді “және” жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе конъюнкция деп аталады.

Ақиқат кестесі
А В А^В
0 0 0
0 1 0
1 0 0
1 1 1

Дизъюнкция
Екі немесе одан да көп пікірлерді “немесе” жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизъюнкция деп аталады.

Ақиқат кестесі
А В АvВ
0 0 0
0 1 0
1 0 0
1 1 1

Инверсия
“Емес” жалғаулығының көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады.

Ақиқат кестесі
А А
0 1
1 0

Логикалық кезектесу (Импликация) – латын тілінен implico – жақын байланыстырамын. Егер, онда, әйтпесе сөздері қолданылады.

Логикалық тепе-теңдік (эквиваленттілік)
Ақиқат кестесі бойынша А және В өрнегінің эквиваленттілік ақиқат болады.

ІV.Топтық тапсырма. Ақиқат және жалған екенін табу керек.

















Қайсыбір жай пікірлер берілген

А = Айнагүл көрікті қыз.
В = Айнагүл – жақсы оқиды.
С = Айнагүл – Ляззаттың досы.
Формула бойынша күрделі пікір құрыңдар:







V."Ойлан тап" логикалық есептерді шешу.





















VI. Сергіту сәті.

VII. Сабақты бекіту. Онлайн арқылы электрондық оқулықтан.
Тест сұрағы арқылы бекітіледі.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.
Нені білдік?
Нені үйредік?

ІХ. Бағалау.
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.

Х.Үйге тапсырма.
§5. Дизъюнкцияның кестесіне мысал келтіріп келу.

«Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек»
деген керемет сөзді есімізге берік ұстап, сабағымызды аяқтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан Логика және логикалық операциялар. Ақиқат кестелері Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кощанова Гүлмайса

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: логика, кестелері, және, Информатикадан ашық сабақтар, Ақиқат, операциялар., логикалық
Көрсетілім: 104 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar