Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Мәтінді, суретті, анимацияны, гипермәтінді құрастыру үшін HTML – ді қолдану»
  • 16.11.2016
  • 253 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20067

Сабақтың мазмұны:
І. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі: 3 – мин.
А) Студенттермен сәлемдесу
Ә) Дәрісхананың сабаққа дайындығын тексеру
Б) Ақпар бойынша тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 15 – мин.
Үй тапсырмасын тексеру «Сынық вагон» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
1. Блокнот бағдарламасын іске қосу командасы қандай?
2. Web-парақ дегеніміз не және олар қалай жасалады?
3. HTML тілі қандай қызмет атқарады?
4. Белгілеу тілі дегеніміз не?
5. Браузер дегеніміз не?
6. Тегтер дегеніміз не?
7. HTML тегтерінің қандай түрлері бар?
8. Тегтердің жазылу синтаксисі қандай?
9. Тег атрибуттары не үшін қолданылады?
10. Тег атрибуттарының жазылу ережелерінен мысалдар келтіріңіздер.
11. HEAD және BODY қандай тегтер?
12. HTML құжаттың негізгі тегтері қандай?
13. Title тегінің қызметі қандай?
14. Left, Right тегі не үшін қолданылады?
15. BODY BACKGROUND тегінің қызметі қандай?
16. HTML сөзінің ағылшын, қазақ тіліндегі мағыналары қандай?
17. HTML дегеніміз не?
18. Гипермәтін дегеніміз не?
19. HTML тілінің шығу тарихы
20. HTML құжатының құрылымы қандай?
21. HTML құжаттары қалай дайындалады? Оларды қалай өзгертуге болады?
22. Тақырыптар мәтіндерінің көлемі қалай өзгертіледі?

«Сынық вагон» сұрақтары:
1. Тақырып жолы тегі қандай?
2. Тақырыптар мәтіндерінің көлемі қандай?
3. «Body» тегінің қызметі қандай?
4. «Head» тегінің қызметі қандай?
5. «Title» тегінің қызметі қандай?
6. Құжатты сақтаудағы кеңейтілім қандай?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 – мин.

ІV. Студенттердің теориялық білімдерінің игерілуін тексеру: 10 – мин.
«Алтын тасты сұрақтар» арқылы студенттердің теориялық білімдерінің игерілуін тексеру (интерактивті тақтада нөмірленген тастар берілген, осы тастарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру)
1. Мәтінмен жұмыс барысында қандай тегтер қолданылады?
2. Суретті Web - параққа орнату тегі қандай?
3. Анимация құрастырудың тегі қандай?
4. Анимацияны құру тегінің атрибуттары бар ма?
5. іmg тегінің атрибуттары қандай?
6. Гипермәтінді құру үшін тағы қандай тегтер қолданылады?
7. Мәтін түстерін анықтайтын тег?
8. Фон түсін анықтайтын тег?
9. Түстерді берілу тәсілдерін ата
10. Негізгі түстердің RGB форматында жазылу кодтарына сипаттама жаса

V. Сабақты қорытындылау: 30 – мин.
Интерактивті тақта арқылы слайдта көрсетілген техника қауіпсіздігі ережесін оқып, еске ала отырып, тапсырманы орындау

Студенттердің теориялық материал бойынша білімдерін тексерместен бұрын, «Артық термин» әдісі арқылы студенттерді белсендендіру.

Студенттердің орындаған жұмыстарын қорғауы.

VІ. Үйге тапсырма беру: 2 – мин.
К.А. Искакова «Web – технологиялар»16-20б.

VІІ. Бағалау: 5 – мин.
Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан студенттерге таратылған стикерлер арқылы мадақтап, қалыс қалып отырған студенттерге ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан «Мәтінді, суретті, анимацияны, гипермәтінді құрастыру үшін HTML – ді қолдану» Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нұрбекова Айнұр Қайратқызы

Алматы облысы Талдықорған қаласы Арнайы пәндер оқытушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 253 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar