Массивтер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 816
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 10/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22566


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Массивтер
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады
Психологиялық ахуал Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне
жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің
тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,
саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады). Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Гүлдер арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Мәтінмен жұмыс
Дәптермен жұмыс
ЭЕМ – нің көмегімен шешілетін мәселелердің көбі информацияның үлкен көлемдерін өңдеумен байланысты. Өңдеуге қолайлы болуы үшін информация көбінесе кестеге түсіріледі. Кестелер сызықты және тіктөртбұрышты болады.
Егер қандай да бір шама сызықтық кесте болса, онда кестенің элементтерінің типін, оның атын, бастапқы және соңғы реттік нөмірлерін беру керек.
Алгоритмде кестелік шамалар былай сипатталады: типін көрсететін қызметші сөз (бүт, нақ, лит), содан кейін кес (кесте) қызметші сөзі, кестенің аты, мұның соңынан оның элементтерінің квадрат жақшаларға алынып, қос нүктемен бөлінген бастапқы және соңғы реттік нөмірлері тұрады. Мысалы:
Нақ кес A[1:5]
Бүт кес D [2:20]
лит кес K [20:30]
Кестелік шамамен жұмыс оның элементтерімен жасайтын жұмысқа саяды. Қазіргі кезде қандай элемент пайдаланып отырғанын көрсету үшін, оның реттік нөмірін – индексін көрсету жеткілікті.
Индекс квадрат жақшаға алынады да, кестенің атынан кейін жазылады.
Компьютерде кестелік шамалармен жұмыс істеу үшін массивтер пайдаланылады.
Массив бұл – ортақ атпен және типпен біріктірілген, нөмірлері бойынша реттелген мәндердің жиыны.
Массив құрғанда компьютер аты бірдей, бірінен кейін бірі орналасқан ұяшықтар тізбегін бөліп береді.
Массивтің элементтері нөмірленеді. Элементтің нөмірі (индексі) элементтің массивтің басына қатысты орнын сипаттайды.
Pascal – да массивтер айнымалыларды сипаттау бөлімінде array қызметтік сөзінің көмегімен сипатталады:
Var массивтің аты: array [бас.индекс .. макс.индекс] of элемент типі
Мысалы, var a: array [1 .. 4] of byte.
Бұл массивтің элементтерінің бастапқы индексі 1 деп есептеледі. Pascal array [1..4] of byte операторын орындағанда массивке 4 ұяшық бөліп береді.
Массивтер құрамына қарай бір, екі және көп өлшемді болып келеді. Әр элементтің бір индексі бар массивтерді бірөлшемді деп атаймыз.
Екіөлшемді массивті шартты түрде тікбұрышты кесте арқылы бейнелейміз. Әр эементтің оның орнын көрсететін екі индексі болады. Мұндай кестелерді матрицалар деп атаймыз. Олардың жалпы сипатталуы:
Var массив аты: array [жолдың бас индексі .. жолдың соңғы индексі, бағанның бас индексі.. бағанның соңғы индексі] of элемент типі
Мысалы, var a: array [1 .. 3, 1..4] of integer;
Мұндай массивтер үш жолдан және төрт бағаннан тұрады. Жоллдарының саны мен бағандарының саны тең екіөлшемді массивтер квадраттық массивтер деп аталады. Онда бас және жанама диагональ деген түсініктер болады. Бас диагональда орналасқан элементтер үшін i=j, бас диагональдың астында орналасқандары үшін i>j, ал бас диагональдың үстінде орналасқандары үшін i
Жанама диагональда орналасқан элементтер үшін i=n-j+1, жанама диагаольдың астында орналасқандары үшін i>n-j+1, жанама диагональдың үстінде орналасқандары үшін i
Массивтерден өзгеше жазбалар да әр түрлі типті мәндерді біріктіруге мүмкіндік береді, сондықтан да ол деректер құрудың ең тиімді механизмі болып табылады.
Жазба - әр түрлі типті құрауыштардың (өрістердің) бекітілген санынан тұратын деректер типі. Жазбада өрістерді белгілеу үшін атаулар (идентификаторлар) қолданылады. Жазбаның әр элементіне аты бойынша қатынасуға болады, ол жазбаның атынан нүктемен бөлінеді.
Жазбалар программада сипаттау бөлімінде анықталады. Өрістер тізімі record қызметші сөзінен басталады да, end сөзімен аяқталады.
Ture типтің аты = record
1 – элемент: тип;
..............................
N – элемент: тип;
End;
Жиын – қандай да бір белгілері бойынша өзара байланысты жинақ болып табылатын деректер типі. Жиынның барлық элементтері негізгі типтердің (базалық тип) біріне (нақты типтен басқа) жатуы керек.
Жиынның элементтері квадрат жақшаларда көрсетіледі (мысалы: [1, 2, 3], [‘a’.. ‘z’], [ ] – бос жиын) және программаны сипаттау бөлімінде төмендегі қызметші сөздердің set of көмегімен сипатталады:
Type
тип аты = set of элемент 1, элемент 2, ..., элемент n;
Var
айнымалының аты: тип аты;
Жиынды айнымалыларды сипаттау бөлімінде де беруге болады:
Var айнымалының аты: set of элемент типі;
Элементсіз жиын бос жиын деп аталады. Оның жазылуы – [ ]. Жиын элементі үшін айнымалыны не өрнекті алу да мүмкін.
Жиындағы бірнеше аттас элементтер бір элемент деп есептеледі. Мысалы: [2,3,5,3,3,5] = [2,3,5].
Элементтің жиынға тиістілігін анықтайтын қызметші сөз – IN (in – тиісті(да, де жатыс септігінің жалғауы))
Жиындармен тек мынадай әрекеттерді орындауға болады:
- Біріктіру (+);
- қиылысын табу (*);
- айпмасын табу (-);
- салыстыру;
- элементтің жиынға тиістілігін анықтау (IN).
Біріктірілген жиын - екі жиынның барлық элементтерінен тұратын жиын. Мысалы: [3, 5, 9] + [7, 9] = [3, 5, 9, 7].
Екі жиынның қиылысы – екі жиында да бар элементтерден тұратын жиын. [3, 5, 9, 4] * [7, 9, 5] = [5, 9].
Екі жиынның айырмасы – біріншісінің соңғысында жоқ элементтерінен тұратын жиын. [3, 5, 9] - [7, 9] = [3, 5].
Екі жиын <, >, <=, >=, < >, = салыстыру таңбаларының бірі арқылы салытырылады. Нәтижесі — true немесе false. [5, 2, 8] <> [5, 3, 8] өрнегінің мәні — true.
Мысал:
[3, 5, 8, 9] жиыны берілсін. 5, 6 элементтері жиынға тиісті ме, жоқ па екенін анықтауды мына түрде көрсетуге болады:
var a: set of 1..9; t1, t2 : Boolean;
begin a:=[3, 5, 8, 9]; t1:=5 in a; t2:=6 in a;
writeln (t1); writeln (t2)
end. {t1 – true; t2 – false}

Рефлексия Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым


Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан Массивтер Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Маратова Ботакоз Асылхановна

Пікірлер: 0

avatar