Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы-оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 2217
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 14/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18620


«Құйған орта мектебі» КММ

Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы-оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы.
Аудандық тамыз кеңесі

Математика пәнінің мұғалімі: Акибаева Лаззат
2015-2016 оқу жылы

Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.
Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2015 жылы оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (одан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ барысында қолданылды.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады:
оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылығы;
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірбиеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS және PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген. Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс. Орта мектеп көлеміндегі математиканы оқытуға қажетті қабілеттілік–логикалық ойлауды дамыту, кеңістікті көз алдына елестету, кеңістік жөнінде түсінікті дамыту, өзінің жеке басының математикаға деген қызығушылығы оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру үшін мектеп бағдарламасынан тыс қиын есептерді, мәтінді есептерді шығаруға үйрету. Себебі қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда ұлттық мектепте шәкірттерді жоғары деңгейде маман болып қалыптасуына бағыт бағдар беруде математиканың рөлі ерекше. Математикалық есептерді шығару оқушылардың шығармашылық белсенділігіне байланысты,яғни оқушылардың ойлау қызметін жандандыру қажет. Мұғалім оларға әр алуан салуларды, түрлендіруді, есептеулерді орындауды, математикалық тұжырымдамаларды үйретумен бірге талқылауға, математикалық фактілерді салыстыруға, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету керек. Балалардың қабілеттіліктерін дамыту барысында туындайтын мәселер өте күрделі, әрі жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Пәнді оқыту барысында оқушылармен жеке жұмыс жасау, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды дамыту, оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу, іздену мүмкіндіктерін туғызу,мектептен тыс оқушыларға арнап тест құрастыру, ғылыми жобаларға, дыбыстық, графикалық, видео, мультимедия, гипер-текстік элементтермен қашықтықтан компьютерлік оқытуға қатысу арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады.
Стереометрия курысын оқыту барысында көпжақтарды,айналу денелелерін оқыту, олардың схемалық сызбаларын сызу,есепқұрастырып шығару, мультимедиялық кабинетті пайдалану, компьютердің көмегімен қолданбалы есептер шешу арқылы тәжірбие жинақтау. Көпжақтарды модельдеу оқушылардың кеңістіктегі елестетуін және конуструкторлық қабілетін дамытуға, геометриялық қолданбалы мүмкіндіктерді ашуға көмектеседі. Ақпараттың көптігінен оқушылардың есте сақтау, зейінін тұрақтандыру, мәселені шешуде жаңа шешімдер ұсынуда, оқу іс-әрекетін жоспарлауда қиындық тумау үшін Интеллект-картаны пайдалану керек.Интеллект-картаны құрғанда көп ақпараттың ішінен түйінді идея, ой, негізгі анықтамалар ғана қолданамыз. Ақпаратты интеллект-карта логикалық ойлауға және ассоцация әдісімен ақпаратты есте сақтауға негізделгендіктен көлемді ақпаратты меңгеруге мүмкіндік туады оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттайды. Интеллект-картаны қолмен, яғни парақ қағазға немесе электронды түрде компьютормен арнайы интеллект-карталарды салу бағдарламалары көмегімен пайдаланып салуға болады. Карталарды құрастыру барысында көп ізденіп, ақпараттарды талдап, негізгі ойды анықтап, ұғымдарды бір-бірімен байланыстырады. Математикалық қабілеттіліктерін анықтау үшін интеллект-карта тапсырмалары жақсы нәтиже береді. Оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалану өте тиімді.

Мен өзімнің сабақтарымда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдаланамын. Төртбұрыштың анықтамасын, элементтерін, қасиеттерін оқып, галереяда ой шарлау стратегиясымен төртбұрыштың түрлерін өздері тауып сызбаларын сыза алады. Оқушылар өз қиялдары арқылы ойларын жеткізе отырып, төртбұрыштың топтастырады. Төртбұрыштың бір-бірнен айырмашылығын анықтау үшін семантикалық картаны толтыру және талдау арқылы оқушылардың білімін жетілдіріп ойында сақтайды.
Квадрат теңдеу тақырыбында ассоциациялық картаны құру арқылы оқушылар өз білімдерін көрсете алады. Венн диаграммасын геометрия сабақтарында фигуралардың бір-бірінен айырмашылығын өздері көрсетіп,айта алады.
Мен өзімнің өткізген «Үшбұрыштың орта сызығы» атты ашық сабағымда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдаландым. Оқушыларға семонтикалық картаны толтыру арқылы үйге берген тапсырманы тексеріп,оқушылармен бірігіп үшбұрышқа ассоциациялық карта құрдық, сұрақтарға жауап бердік, сабақты бес жол өлең арқылы қорытындыладық.
Семинар сабағында өткізген екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбында «Ортада қалам» стратегиясын пайдаланып сұрақтарға жауап бере отырып, кластер құрдық.

Ағымдағы жылда өткізген «Математика - кәсіпкер» атты ашық сабағымда сурет галериясы стратегиясын пайдаланып оқушылар суреттегі фигураларға сипаттама берді. Әр топ өзінің білімдерін көрсетіп тақтаға кластер құрды.
Соңғы жылдары оқушылардың ойлау жүйесін дамытып,қабілеттерін жетілдіріп,іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында логикалық тест – жаттығулар оқу үдерісінде жиі қолданылады. Олимпиадалармен аралық қорытынды, мемлекеттік бақылауларда логикалық тапсырмалар кездеседі. Олар бірнеше түрге бөлінеді: лабиринттер, бас қатырғыштар, есеп- жаттығулар. Оқу бағдарламасында жекелеген тақырыптар ретінде логикалық сұрақтар қарастырылмайды, дегенмен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда логикалық есеп-жаттығулардың алатын орны ерекше.
Бірінші дөңгелекте алғашқы санды ең кішісін алсақ (16) қалғандары ап+1=ап :2*3 формуласымен алынады. Осы ереже екінші дөңгелекте де сақталады. в1=40 ,вп+1=вп:2*3 в = 3а-1 қарама қарсы сандар
2. Әрбір үшбұрыштың ортасында орналасқан сан астыңғы екі санды өзара көбейтіп, үшбұрыш төбесіндегі санға бөлсек ізделінді сан шығады (45).
3. Әрбір жатық бойында орналасқан үш санның шеткі екеуінің цифрларының қосындысы ортаңғы санды береді.
1+9+8+4 =23 3+0+3+2=8
5+3+1+0+1=10, ізделінді сан онға тең.
4.берілген үлгіге сәйкес нұсқа
Өтініш------- кезекті демалыс
Кепілхат------?(құнды заттар алғаны үшін)
5.кестеде жүк машинасының бір аптадағы жолы көрсетілген.Осы кестеге сәйкес диаграмманы көрсет
Бір ғана заңдылық негізінде құрылған осы тапсырмаларды кез келген оқушы орындай алмайды. Сондықтан оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруымыз қажет. Функционалдық сауаттылығын арттыру үшін оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, алған білімді тиімді қолдануға үйрету, математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын математика сабағында пайдалану өте тиімді.Мысалы: Жоғарыда квадрат теңдеу алдық ортасындағы берілген формуланы жазбай оқушының өздерінен сұрауға болады.Берілген фигуралардың қасиеттерін қарастыра отырып қандай фигура екенін тауып,суретін салуға болады,яғни кластер құрамыз.
Қазіргі жаңа оқыту технологиясының алдына қойған мақсаты оқушының жеке тұлғасын білім алу арқылы дамыту.
Жеке тұлға-бұл адамның психикалық, рухани мәні, адамның әр түрлі жинақталған қасиеттері. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты, өресі биік, білімді өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу –біздің басты парызымыз. Қазіргі таңда жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана жетістікке жете аламыз.

Пайдаланған әдебиеттер:

Кенеш Ә.С. Әбілқасымова. Математиканы оқытудың теориясы. Алматы 1998
Журнал «Математика Қазақстан мектебінде» Алматы 2014. Тәрбие.орг сайтынан Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы-оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акибаева Лаззат

Пікірлер: 0

avatar