Microsoft Excel программассы және Excel кестелік процессоры

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 468
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 13/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21714


«Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Абдыкерова Гульмира Салимжановна

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel программассы және Excel
кестелік процессоры
Жалпы мақсаты:
Microsoft Excel кестелік процессорының толық мүмкіндіктерін таныстыру, программаны іске қосу және жұмыс кестесінің элементтері туралы түсінік беру,білімділік, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, олардың ой – өрісін, шапшаңдыққа, ептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Ø тақырып бойынша мағлұмат бере отырып, практикалық жұмысқа баулу;
Ø Топтық жұмыс арқылы бірлескен жұмысты ұйымдастыру;
Ø Тақырыпты аша отырып,әдістердің көмегімен , сыни ойлауға жетелеу;
Күтілетін нәтиже: Ø Топпен жұмыс істеуге дағдыланады;
Ø Сыни тұрғыдан ойлауға, өз пікірлерін айтуды үйренеді;
Түйінді идеялар EXCEL редакторында графикалық мүмкіндіктермен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, практикум.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі «Ой қозғау»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ «Миға шабуыл»
IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс «Кім жылдам?»
V. Сабақты бекіту Рефлексия «Екі жұлдыз бір тілек»
VI. Үй тапсырмасын беру
VIІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі /2 мин/
- оқушылармен амандасу, түгендеу
- «Ақ тілек» психологиялық ахуал туғызу
- оқушыларды 2 топқа бөлу
Сабақ басталғаннан кейін оқушыларға бағалау парағы беріледі. Әр оқушының сабақтың кезеңдерінде өздерінің алған ұпайларын бағалау парағына жазып, соңында қорытынды баға шығарады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау» /10 мин/
Модель дегеніміз не ?
Модельдеу дегеніміз не ?
Дайын үйден жасап келген модельдін нұсқасын көрсетеді жеке-жеке.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Миға шабуыл» /10 мин/слайд
Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен әр - түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді.
1. Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауды.
2. Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды.
3. Кестеден жол, баған немесе ұяшық қосуды.
4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауды.
5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегін көшіруді немесе орын ауыстыруды.
6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды.
7. Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды есептеп жүргізуді.
8. Кесте деректері бойынша диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді.
9. Кестеге графикалық объектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді.
10. Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды.
Microsoft Excel - ді іске қосу және жұмыс кестенің элементтері.
Microsoft Excel - ді іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар:
Пуск /Программы/ Microsoft Excel
Microsoft Excel іске қосылғаннан кейін экранда оған ақпарат енгізілетін жұмыс кестесі түріндегі терезе ашылады.
Жұмыс кестесінің элементтері: слайдпен талдау
1. Айналдыру жолағы.
2. Бөлудің кішкене белгісі.
3. Жол нөмірі.
4. Баған тақырыбы.
5. Кестелік меңзер.
6. таңбалар.
7. Стандартты аспаптар панелі.
8. Пішімдеу панелі.
9. Формулалар жолы.
10. Қалып - күй жолы.
11. Айналдыру батырмасы
Excel жұмыс кітабы үнсіз келісім бойынша 3 жұмыс бетінен тұратын дискіде 1 файл сияқты сақталады. Жұмыс бетінің санын бір кітапта 255 бетке дейін көбейтуге болады. Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған. Бағандар латынның А, В, С, Д әріптерімен белгіленеді. Жолдар нөмірленеді.
Кестенің жұмыс бетінің ауыстырылуы.
Кестенің қажетті бетін экранға шақыру үшін беттерді ауыстырудың екі әдісі бар.
1. Терезенің төменгі жағындағы қажетті кестенің таңбасын шертеміз. Терезенің төменгі сол жақ бұрышына беттерін таңбаларын айналдыруға мүмкіндік беретін айналдыру батырмасы бар.
2. F5 пернесін басамыз. Переход диалогтік терезесіндегі Ссылка өрісіне таңбаның атын, леп белгісін және ауысу қажет болатын ұяшық тың координаталарын енгізіп, ОК батырмасын шертеміз.
Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін, Вставка Лист командасын орындап немесе таңбаны маустың оң жақ батырмасынан шертеміз және Довавить лист белгісінде маусты екі рет шертеміз.
Кестенің бетінің таңбасымен атын өзгерту.
Таңбаның атын өзгерту үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:
1. Қандай да бір таңбада маустың оң жақ батырмасын шертіңдер.
2. Переименовать командасын таңдаймыз. Сонда таңба қара түспен ерекшеленеді
3. Жаңа атауын енгіземіз.
4. Кестенің кез - келген ұяшығына шертіңдер.
Microsoft Excel - дегі деректермен жұмыс істеу.
Деректерді Excel - де енгізу.
Слайд
IVСергіту сәті: көзге, қолға жаттығу
Қызықты мәлімет
1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalk (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.

V. Компьютерде тәжірибелік жұмыс /12 мин/

1-тапсырма
Кесте сызу (парақтармен жұмыс)
Слайд

2-тапсырма
Кезекшілік кестесі орында:

Құпия сөздің сырын ашайық
К Ұ Я Ш Д И
І Т А Ы Қ А
Ф О П Л А Г
Б Р М У А Р
Е Т Т Е М А
К Е С А М Т
К Ұ Я Ш Д И
І Т А Ы Қ А
Ф О П Л А Г
Б Р М У А Р
Е Т Т Е М А
К Е С А М Т

V. Сабақты бекіту.
Сиқырлы сан. Сұрақ- жауап
1. Microsoft Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?
2. Microsoft Excel кестелік процессорын іске қосқаннан сон не ашылады?
3. Excel кестесі дегеніміз не?
4. Құжаттың кеңейтілімі қалай болады?
5. Жұмыс беті неден тұрады?
6. Парақтың атауын қалай өзгертеміз?

Рефлексия Екі жұлдыз бір тілек (стикерге жазып ілу)

VI. Үй тапсырмасын беру
Microsoft Excel кестелік процессоры тақырыпты оқу және сынып туралы мағлұматты кестеге жазып келу.

VIІ. Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Microsoft Excel программассы және Excel кестелік процессоры Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдыкерова Гульмира Салимжановна

Пікірлер: 2

avatar
#1. Анжела Хамза в 10:23 (15/Фев/2017) Спам
Сабақты қалай жүктесе болады? Презентациясы бар ма
avatar
#2. Нартай Сембиев в 17:37 (15/Фев/2017)
Сәлеметсіз бе. Материалды жүктей алмайсыз. Материал авторы жүктеуге рұқсат бермеген.
avatar