Нөмірленген және таңбаланған тізімдер

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 1032
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 29/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19380


Күні 02.02.2016 жыл
Пәні Информатика
Мұғалім Рахметов Жасұлан Жанабергенұлы
Сабақтың тақырыбы Нөмірленген және таңбаланған тізімдер
Қолданған әдебиет Информатика 6-сынып, Вьюшкова Е.А,Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов
Жалпы мақсаты Білімділік:
Оқушыларды мәтіндік процессорында нөмірленген жəне маркерлеген тізімдер құрып үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
компьютер, оқулық, инт.тақта, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөлу
Суреттер бойынша 2 топқа бөлу

«Серпілген сауал»ойыны
Өткен тақырып бойынша тест слайдқа жазу
Ә)Өткен тақырып бойынша сұраққа жауап
1.Жоларалық интервалды өзгертуге болатын бұйрық қандай?
2.Экранда пішімдеу сызғышы жоқ.Оны қалай қосамыз?
3. Пішімдеу сызғышының қызметі?
4. Мәтіннің атауын жолдың ортасына қалай орналастырамыз?
5. Егер бетті сол жағыннан да, оң жағынан да түзеу керек болса, онда нені таңдайды?
6. Жоларалық интервалды өзгерту үшін жауапты батырма?
7. Абзацтағы шегіністі ұлғайту үшін жауапты батырма?
8. Тізім құратын батырма?
9. Абзацтың түсін өзгертетін батырма?
10. Пішімдеу сызғышында бірінші жол шегінісі үшін жауапты?
«Ой қозғау»
Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу.. Өздеріне мысал келтірту.
Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту.

«Ойлан, жұптап»
ТҮСІНУ
Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру. Постермен жұмыс
А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазу.
Ә) Нөмірленген тізім құру үшін Басты менюінде Нумерациясын басу керек.
Таңбаланған тізім құру үшін Басты менюінде Маркеры батырмасын басу керек

Практикалық кезең
ҚОЛДАНУ
Деңгейлік тапсырмалар. Компьютермен жұмыс:
А деңгейі
1. Тізімдердің мүмкіндіктерін пайдаланып, мәтінді үлгі бойынша теріңдер.
2. Мәтінді 1 санымен белгіленген бірінші тізімнен құжаттың аяғына ауыстырыңдар.
В деңгейі
1. Тізімдердің 3 түрін дайындаңдар: маркеленген, нөмерленген және көпдеңгейлі.
С деңгейі
Үлгі бойынша мәтін құрындар.

Сергіту сәті
Интервью
ЖИНАҚТАУ
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету 1. Тізім деп нені түсінесіңдер?
2. Тізім түрлерін атандар. Сендер бұл тізім түрлерінің қайсысымен бұрыннан таныс едіңдер?
3. Маркерленген тізімдердегі маркердің түрін қалай өзгертеміз?
4. Нөмірленген тізімді баптауға болама?
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.
Үйге тапсырма беру
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
§19 Нөмірленген және таңбаланған тізімдер тақырыбын оқып келу .Өзіңді тесер.
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу. Тәрбие.орг сайтынан Нөмірленген және таңбаланған тізімдер Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рахметов Жасұлан Жанабергенұлы

«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №2 Қамысты орта мектебі»ММ Физика және информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar