Оқыту мен оқудағы кәсіби және желілік қоғамдастықты дамыту - заман талабы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 752
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 09/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18553


Сабақтың тақырыбы: «Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру»

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Санау жүйелерін, бір санау жүйесінен
басқа санау жүйесіне аудару тәсілдерімен таныстыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың санау жүйесімен
жұмыс жасау іскерліктерін қалыптастыру және жүйелі
ойлауын дамыту.
б) Тәрбиелік: алғырлыққа, зеректікке, шапшаңдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Ой қозғау, тестік жұмыс, кестемен жұмыс, түсіндіру, практикалық, салыстыру диаграммасы, дөңгелек айналым, жеке және топтармен жұмыс.
Көрнекіліктері: Сәйкестендіру кестелері, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта және оның құралдары.
Пән аралық байланыс: математика.

Б а р ы с ы :
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа зейінін аудару. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Топ басшыларын тағайындау. Бағалау парағын топ басшылары толтырып отырады.

ІІ. 1) Ой қозғау.
2) Кестені толтыр.
Санау жүйелері Негізі Алфавит
Екілік 2 0,1
Сегіздік 8 0,1,2,3,4,5,6,7
Ондық 10 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
Он алтылық 16 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A,B,C,D,E,F
3) Тест жұмысы.
1. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан?
а) латын ә) араб б) парсы
2. «Ақпарат» сөзі қандай мағына береді?
а) санау ә) талдау б) мәлімет
3. Ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттейтін ғылым?
а) математика ә) информатика б) кибернетика
4. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығы не деп аталады? а) дизъюнкция ә) конъюнкция б) санау жүйесі
5. Санның цифрына бөлінетін позициясы қалай аталады?
а) категория ә) разряд б) ондық
6. Екілік санның әрбір разряды қалай аталады?
а) бит ә) байт б) килобайт
7. 121 санының екілік санау жүйесіндегі түрін көрсет.
а) 1101 ә) 1111001 б) 1001111
8. 126 санын ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыр.
а) 176 ә) 671 б) 7161
9. 333 санын ондық жүйеден он алтылық жүйеге ауыстыр.
а) 213 ә) 2D б) 132
10. Қайсысы санау жүйесіне кірмейді?
а) екілік ә) ондық б) он сегіздік

Дұрыс жауаптар кілті
сұрақтары 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
жауаптары а б ә б ә а ә а ә б

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сан түсінігі - математикадағы сияқты информатикада дабасты негіз. Бірақ математикада сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлінетін болса, онда информатика үшін сандарды ұсыну әдістерін айналып өтуге болмайды, өйткені тек солар ғана жадтың қажетті қорын, жылдамдықты және есептеуде жіберетін қатені анықтайды.

Ондық сандарды екілік, сегіздік және он алтылық санау жүйесіне ауыстыру.
322=?2 150=?8 283=?16
322:2=161, /0/ 150:8=18, /6/ 283:16=17, /11=B/
161:2=80, /1/ 18:8=2, /2/ 17:16=1, /1/
80:2=40, /0/ 150=2268 283=11B16
40:2=20, /0/
20:2=10, /0/
10:2=5, /1/
5:2=2, /1/
2:2=1
322=111000102
Екілік жүйені ондық жүйеге ауыстыру.
101000112=1*27+0*26+1*25+0*24+0*23+0*22+1*21+1*20=128+32+2+1=163
Сегіздік жүйені ондық жүйеге ауыстыру.
5558=5*82+5*81+5*80=365
Он алтылық жүйені ондық жүйеге ауыстыру. Тәрбие.орг сайтынан Оқыту мен оқудағы кәсіби және желілік қоғамдастықты дамыту - заман талабы Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Чабаев Асланбек Омарович

ШҚО Үржар ауданы Қаракөл орта мектеп-бақшасы КММ Информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar